Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Жазғы спорт • 17 Қазан, 2017

Тартысқа толы «Түркия туры»

Биылғы веломаусымды біз Франциядағы «Тур де Франс» пен Испаниядағы «Ла-Вуэльта» жарысынан кейін жылдың нүкте қояр жарысы «Түркия турына» атбасын тіредік.  

Футбол • 17 Қазан, 2017

Нидерланд әлем чемпионатына қатыса алмайды

Келер жылы Ресей федерациясында футболдан XXI әлем чемпионаты өтеді. Өткен аптада әлемдік футбол тойының финалдық кезеңіне қатысатын құрамалардың дені анықталып үлгерді. Дәл қазіргі уақытқа дейін әлем біріншілігіне жолдама алған 32 құраманың 23-і белгілі. Қалған тоғыз квотаның иелері қараша айының соңына дейін анықталады. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында құрамында талантымен әлемді таң қалдырған футболшылары бар командалар жолдамадан шет қалып жатса, енді бірі сенсация жасап, әлемдік додаға тұңғыш рет қатыспақшы. 

Аймақтар • 17 Қазан, 2017

Индер көлдері: қауіп пе, шипа ма?

Атырау облысының Индер ауданы пайдалы қазбаларға байлығымен ерекшеленеді. Индер көлінің жағасындағы төбе­шіктердің асты күм­без пішінді тұзға толы. Сол маңдағы минералды су көздері мен шипалы бал­шықты жергілікті тұр­­ғындар емдік мақсатта пайда­­ланып келеді. Қой­науы қа­зы­налы мекен тылсымға толы. 

Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Түбекте туризмді түлетуге мүмкіндік мол

Қазақстан туризмі дегенде «ашық аспан астындағы мұражай» атанған Маңғыстау туризмі тасада қала алмайды. Өңірде қазір бұл бағытта біраз жұмыстар жасалынып, бірқатар бағыттар бағамдалды. Әйтсе де «туризмді түгендей алдық» деп тоқмейілсуге әлі ерте. «Сырт көз – сыншы» дегендей, болашағынан үлкен үміт күттірер өрелі жастардың бірі, түркітанушы, өлкетанушы Бекболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫМЕН Маңғыстау туризмі бағытында сұхбаттасқан едік. 

Әдебиет • 17 Қазан, 2017

Тәңірқазған, Бөріқазған туралы не білеміз?

Ежелден ел мен жердің тарихы аңызбен астарлас, тарихпен тамырлас. Көкейінен көне заман күмбірі төгілетін, зердесінде заманалардың жұмбақ үні қалыптасқан тарихи өлкелердің өнегесі мол. Ал абыз дала аңыз шертіп, уақыт өткен сайын ұрпағын ұлағатқа қандырып, көңілді мейірім шуағына бөлейді. Тасының түбінен тамшылаған тағылым, топырағынан бұрқыраған тарих, қатпарынан қылаң беретін қасиет ұлт көшінің желісі үзілмеген ұлы сапары іспетті. 

Әдебиет • 17 Қазан, 2017

Ән ардағы – Әсет

Қазақтың майталман айтыс ақыны әрі аты әйгілі әнші-композиторы Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қар­қа­ралы уезінің Темір болысына қарасты се­гізінші ауыл­да, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 

Әдебиет • 17 Қазан, 2017

Есенғали Раушанов: Өлең туған анаңдай қадірлі болуы керек

Ақын Есенғали Раушанов бүгінгі қоғамның, шығармашыл ортаның барометрі сияқты. Ойын іркімей айтып жүреді.  Бұрындары ағамызға ара-тұра болсын кіріп, әңгімесін тыңдап тұратынбыз. Екі жылдай уақыт ат ізін салмай кетіппіз. Мерейтойының қарсаңында ақын інілерінің бірімен кеңсесіне құттықтап барып едік, көтеріліп қалды. Рухани ортаның беталысы туралы біраз әңгіме айтты. Сосын қарап отырмай, «Сұхбат беріңізші» деп қолқаладық. Бұл кісі шетелдің басылымдарына, ағылшын тіліндегі газеттерге көбірек үңіледі ғой. Алғашында сұхбат бергісі келмеді. «Ол сұхбатты қайда бересіңдер?!» деп сұрады. «Қолай көрсеңіз, еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанға», сосын бүгінгі жастар көп оқитын бір журналға берейік» дедік. Көнді. Арада екі күн өткен соң ел мен жер, қазіргі қоғамдық мәселелер мен рухани ортаның жай-күйі жайлы осы сұхбат алынды.

Қазақстан • 17 Қазан, 2017

«Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш түсті

Қысылғанға қолдау танытып, айналасына шапағат шуа­ғын шашып жүретін жандар көп болмаса да, бар. Олар жа­саған жақсылығын айтып айналасына жар салмайды. Бірақ ол азаматтардың еңбегін елеп, басқаларға үлгі ету көп­теген сауапты іске жол ашады. Жыл сайын дәстүрлі түрде Алматыда өтетін ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын жүрек» сыйлығының биылғы үздік үміткерлері анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш келіп түскен.

Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Құқығын қорғаймын деп қақпақылға айналды

Жуырда редакциямызға Шығыс Қа­зақ­стан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Гүлнәр Ахтановадан хат келді. 1979 жылдан бері аталған ауылдың Абай атындағы орта мектебінде қызмет етіп келе жатқан педагог алдымен өзінің еңбек жолы жөнінде баяндапты. 

Қазақстан • 17 Қазан, 2017

Құқығын қорғаймын деп қақпақылға айналды

Жуырда редакциямызға Шығыс Қа­зақ­стан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Гүлнәр Ахтановадан хат келді. 1979 жылдан бері аталған ауылдың Абай атындағы орта мектебінде қызмет етіп келе жатқан педагог алдымен өзінің еңбек жолы жөнінде баяндапты. 

Яндекс.Метрика