Әлем • 17 Қазан, 2017
Қырғызстанда сайлауға 1,7 млн адам қатысты
15 қазан, жексенбі күні Қырғызстанда президенттік сайлау өтті. Елдің конституциясы бойынша сайлауға қанша адамның қатысқаны соншалықты мәнді емес. Ал Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) алдын ала жариялаған мәліметіне қарағанда, сайлау учаскелеріне 1 миллион 692 мың 423 сайлаушы дауыс беруге келген. Бұл сайлау құқығы бар азаматтардың 55,93 пайызын құрайды.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Зайырлылық қағидаттары: танып-білу – заман талабы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің зайырлы мемлекет екендігі, біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір ұстанымдар мен нормаларды түрлі жолдармен тықпалайтын әрекеттерге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген болатын. Бұл – қоғамымызды зайырлылық қағидаттарына негіздей отырып дамыта түсу барысында басты қаперге алатын мәселе.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Қазақ әліпбиін латыншаға көшіру заман талабы
Қазақ әліпбиін латыншаға көшіру заман талабы екенінде дау жоқ. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланып, Парламентке латыншаның алғашқы нұсқасы таныстырылғаннан бері көптеген келелі ойлар айтылды.
• 17 Қазан, 2017
Рухани жаңғырудың құрамдас бөлігі
Қазақ тарихына үңілсек, көне заманда байырғы түркітілдес халықтар төл жазуы бітіг, яғни руналық жазуды ойлап тауып, V-VIII ғасырлар аралығында кеңінен қолданып отырған. VIII ғасырдан бастап Қазақстан аумағында ислам дінімен бірге, араб жазуы да тарала бастады. Сөйтіп, мың жылға жуық уақыт бойы жергілікті тұрғындар араб жазуын мәдениет пен ғылым құндылығына айналдырған болатын.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Латын әліпбиі Қазақстанның қарыштап дамуы үшін қажет
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сәуір айының басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты (Егемен Қазақстан, 12.04.2017) мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Бұған дейін қазақ тарихында көптеген әліпбилер болды. Атап айтсақ, көне түркі, араб, латын, кириллица деген сияқты. Осылардың ішінде қазірге түркі тілдеріне өте ыңғайлы нұсқа көне түркі әліпбиі.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
ЕҰУ-да ҚХА-ның ұйымдастыруымен халықаралық дөңгелек үстел өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың рухани құралы» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
• 17 Қазан, 2017
«Даму» қоры «Төмен көміртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасын іске асырады
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі арасында, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қаржылық қолдауына сүйене отырып, энергияны үнемдеу саласындағы мәселелермен айналысып жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары жөнінен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел әңгімелеп берді.
Әлем • 17 Қазан, 2017
Қазақстан мен Хорватия арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Қазақстан және Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Загреб қаласында бірқатар шара өтті.
Қазақстан • 17 Қазан, 2017
Түргенді түлете алсақ өңірде туризмге кең жол ашылады
Басы мұздақпен көмкеріліп, бауыры жасыл қарағаймен қымталып, бұлағы бұрқырап, өзені күркіреп жататын Алатау баурайында туризмге таптырмайтын небір жерлер баршылық.