Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Әлем • 02 Қазан, 2017

Лас-Вегастағы атыстан 50-ден астам адам қаза тапты

Лас-Вегастағы атыстың салдарынан 50-ден аса адам қаза тауып, 200 адам жарақат алды.

Футбол • 02 Қазан, 2017

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ашық жаттығу өткізді

Алматы облысының Талғар қаласында Румыния құрамасына қарсы соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары бүгін ашық жаттығу жиынны өткізді.

Қазақстан • 02 Қазан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Аймақтар • 02 Қазан, 2017

Жармада ардагерлер үйі ашылды

Халықаралық қарттар күні мерекесі және республикалық ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында ардагерлер үйі салтанатты түрде ашылды. Қазыналы қариялардың игілігіне берілген ғимараттың ашылу салтанатына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев пен Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов қатысты.

Аймақтар • 02 Қазан, 2017

ЭКСПО инвестицияға жол ашты - Павлодар облысының әкімі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде көрсетілген технологияларды өңір игілігіне жарату жайында сөз қозғады.

Қазақстан • 02 Қазан, 2017

2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

Павлодар облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алдағы уақытта 21 үй қолданысқа беріліп, 2 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.

Әлем • 02 Қазан, 2017

Кәсіпкерлерге 4,2 млрд теңге бөлді

Павлодар облысында 980 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. Мұндай аймақ аумақтың инфрақұрылымын дамытып, инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.

Аймақтар • 02 Қазан, 2017

Павлодар облысының ІЖӨ көлемі артты

Павлодар облысының жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі 4,7 пайызға құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.

Қазақстан • 02 Қазан, 2017

Астанада 4000 астам нысан орталықтандырылған жылуға қосылды

2017-2018 жылғы жылыту маусымына энергия көздерінің 96 %, сумен қамту және су тарту желілерінің 100%, жылу желілерінің 96,9% дайын. ЖЭС-тағы көмір қоры 356 678 тоннаны, мазут қоры 5341 тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қазақстан • 02 Қазан, 2017

ОҚО-да бір апта бойы ардагерлерге тегін медициналық көмек көрсетіледі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алтын жас - Золотой возраст» атты мерекелік шараға қатысты. 

Яндекс.Метрика