Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкер
Ақмола өңірінің Сандықтау ауданында «Свобода» ЖШС басшысы Александр Закусилов өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешіп берді.
Әлем • 03 Қазан, 2017
Жексенбі күні өткен референдумда Каталония халқының 90 пайызы тәуелсіз ел болуды қолдап шықты. Испания билігі референдум өткізудің заңға қайшы екенін мәлімдеп, дауыс беруге келгендерді күшпен таратуға талпынды.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
БҒМ білім берудің негізгі трендтерін атады
Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазіргі білім берудің негізгі екі трендін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет • 03 Қазан, 2017
Т. Сүлейменов: Қазақстанда инфляциялық үдерістердің баяулағаны байқалады
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейі және оны ағымдағы жылдың соңына дейін ұстап тұру шаралары туралы мәліметтер қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 03 Қазан, 2017
Бүгін Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қол қойылған 3 қазан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні ретінде аталып келеді.
Футбол • 03 Қазан, 2017
Ел футболы: ширек ғасырлық шежіре
Отандық футболдың жай-күйі бәрімізге мәлім. Қазіргі кейбір жанкүйерлер мен мамандар «Астананың» Еурокубоктағы табысымен қазақ футболының дамуын бағалайтын болған. Шындығында елорда клубында негізінен легионерлер өнер көрсетеді. Ал қазақ футболының қай деңгейде екенін байқау үшін жастар және ұлттық құраманың көрсеткіштеріне қарау керек.
Аймақтар • 03 Қазан, 2017
Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы
Халқымыз тарихында жерді, елді сыртқы жаудан қорғаған, Тәуелсіздікті аңсап, бодандыққа қарсы бас көтерген батырлар да, қайраткерлер де жетерлік.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Герман Мелвилл жауһар роман – «Моби Дикті» қалай жазды?
Құрама Штаттардың әдебиет тарихында Герман Мелвилл шығармашылығы аса көрнекті дара құбылыстар қатарына жатады. Жазушы америкалық сөз өнері классиктерінің ортасынан ойып орын алғалы қашан. Ал оның ғажап туындысы «Моби Дик немесе Ақ Кит» әлем әдебиеті жауһарларының бірінен саналса, бұл да әбден заңды, әділетті ақиқат.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Жайдары Әбіш, жабырқау Әбіш...
«Бес күн тірлікте...» – осынау терең мағыналы тіркесті тілімізге енгізген Әбіштің өзі еді, сол бес күн тірлікте бір ізбен жүріп, бір ізбен тұратын робот болмаған соң, жан иесі орайына қарай әзіл-шыны аралас басы артық-кем сөз айтпай тұрмайды. Әбіш көңілге қарағыш елгезек, айтылған ой-пікірге сергек, ауызға берік ұстамды, біртоға сабырлы мінездің адамы болғанымен, ет жақын етенелері арасында ақжарқын, әзіл-қалжыңға ұста, қазақы қағытпаға барынша мергендігімен ерекшеленетін. Ол әсіресе жеңгелері Қабиболла үйіндегі Гүлшат, Меңдекеш үйіндегі Рузия, Есенжол үйіндегі Сәуле, Жұмекен үйіндегі Нәсіп, біздің үйдегі Алтыншашпен әзілдескенде бір сөзден бір сөзді балалатып, зілсіз әжуаны біраз бел асырып тастайтын. Әсіресе Фаризаны көргенде беті көлденеңінен жайылып, тышқан көрген мысықтай тісі қышып сала беретіні де жасырын емес. Әншейінде басынан сөз асырмайтын Фариза Әбіштің шымшымаларына мен көргенде ешқашан кейіс қабақ танытқан емес.
Әдебиет • 03 Қазан, 2017
Астананың Горький атындағы академиялық орыс драма театры бүгінгі күні еліміздегі белді өнер ошақтарының біріне айналған. Оны қазақ мектебін бітіріп, қазақ театрларында әртіс болып істеген Еркін Қасеновтің басқарып отырғанына да он жыл болды. Осы жылдарда қатардағы театр әлемдік ареналарға шығып, бірнеше шетелде гастрольдық сапармен болды. «Академиялық театр» атағын алып, мәртебесі де біршама көтерілді. Жуырда Ресей Федерациясының президенті В.Путиннің өзі қол қойған Алғыс хатты да алып отыр. Бірнеше өнерпаздар қазақстандық атақтар мен марапаттарға ие болды, соның ішінде Е.Қасенов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды. Осы табыстардың бәрі театр басшылығына оңай келген жоқ, әрине.