Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Туған жері тұлғаларына құрмет көрсетті

Жүрек түкпірінде жасырынған мұң мен көңіл төрінде сақталған сырды өзгеше өрнектеп, өмірдің нақ өзіндей шынайы бейнелеу қаламгер қауымның еншісіне бұйырған дүние. Сөз құдыретін сүйегіне сіңіріп, қанына дарытқан жазушы нені болса да ұлттық тұрғыда байыптап, сөз сарасын, ой байлығын оқырманның алдына тартады. Адам, заман, қоғам дейтін күрделі құбылыстарды қаламгерлік тағдыр арқылы зерделеп, жазушылық көзқарас арқылы шығарма шырайын ашады. Өмір мен өлім арпалысы, ақ пен қараның айқасы сияқты бір-біріне кереғар ұғымдарды көркемдік көкжиегі арқылы келістіріп, көркемдеп кестелеу де шын жазушыға ғана тән.   

Медицина • 03 Қазан, 2017

3D режімде ота жасау мүмкіндігі бар

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің шақыртуымен өңірге ше­б­ер­лік сыныбын өткізу үшін Күншығыс еліндегі Симанэ университетінің профессоры Йошихиро Носо келді.   

Аймақтар • 03 Қазан, 2017

ШҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында 98 қадам шеңберінде ауылдық округтердің деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді тапсырған болатын. 

Медицина • 03 Қазан, 2017

150 жыл денсаулық күзетінде

Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасына – 150 жыл. 1867 жылы құрылған алты кереуеттік стационар бүгінде уақыт талабына сай іргелі мекемеге айналып отыр. Дәулетше Күсепқалиев, Мәжит Шомбалов, Халел Досмұхамедұлы, Нұрғали Ипмағамбетов, Есенғали Қасаболатов, Бақтығали Бисенов, Иса Қашқынбаев сынды алғашқы қазақ дәрігерлері шыққан еліміздің батыс өлкесінде денсаулық сақтау мекемелерінің тарихы да ертерек басталған.    

Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Бас ауырып, балтыр сыздаса...

Өмір болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Мұн­дайда кім-кімнің де ең алдымен баратын әрі бас сұғатын жері – дәріханалар. Айтайын дегеніміз, онсыз да солқылдап тұрған бас мұндағы бағаның аспандап тұрғанын көргенде одан сайын сырқырап қоя бергендей болады. Дегенмен жан мен тәннен қымбат не бар? Қарапайым тұрғындар мен көп балалы отбасы иелерінің қалтасын қағып алатын дәріханаларға амал жоқ.   

Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс

Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұр. Осы орайда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған агросекторды дамыту жайы да үлкен маңызға ие.   

Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Сақ болыңыз, «сергек»!

Бірнеше күн болып қалды, Астанада жолда жүру тәртібін бұзып, алақұйындатып жүр­ген көлікті кездестіру қиын. Қай көшеге қарасаңыз да жылдамдықты асырмай­тын тәртіпті жүргізушілер... Қоғамдық көліктерге арналған жолақ бойынан тек ав­то­бустар мен таксилерді байқайсыз, басқа көліктер көрінбейді. Жол қоз­ға­лы­сы ережесін өрескел бұзатындар да көзге түсе қоймайды. Қазір екінің бірінің ау­зын­дағы әңгіме осы жайында – «Сергектен» сақ болыңыз» деп құлаққағыс жасап жа­тады.  

Білім • 03 Қазан, 2017

Аграрлық ғылым мен білімнің бірегей шаңырағы

1957 жылы КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен алғаш рет Ақмола жерінде жоғары оқу орнын құру туралы шешім шыққан болатын.

Аймақтар • 03 Қазан, 2017

Аудан орталығы туралы «айтыс» аяқтала ма?

Павлодарское ауылы об­­лыс орталығынан 6 ша­­қырым жерде. Бұ­рын­­­ғыдай тағы да ау­ыл­дық­тар – ауылда, қа­ла­лық­тар қалада болатын тү­рі бар. Бәленбай млрд қаражат бөліп, аудан ор­талығын қаланың бір ше­тінен екінші шетіне кө­шірудің еш тиімділігі жоқ сияқты.  

Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Жетпісбай Дүйсембеков: Отандық құрылыс материалдары табанымыздың астында жатыр

Қазір білген адамға бизнестің көзі де, тезі де құрылыстың дәл өзінде. Эко­но­ми­камыздың да басым бағдары осы саланы айналып өте алмайды. Оның үс­тіне халқымыздың баспаналы болу мәселесі қашанда көкейкесті күйінде қа­ла бермек.  Ұлт­тық инженерлік академияның академигі, Қазақстанның құрметті құры­лысшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жетпісбай ДҮЙСЕМБЕКОВПЕН осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғаған едік. 

Яндекс.Метрика