Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Әлемдік өркениетке енудің жаңа белесі
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Демократиялық күштері «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесі және жаңа қазақ алфавитінің бірыңғай стандарттары талқыланды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Мәжіліс заң жобаларын мақұлдады
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілік етуімен өткен жалпы отырыста екі бірдей заң жобасы талқыланып, үш заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылданды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қазақстан Президенті 2017 жылғы 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Цифрлы технология озық отыздыққа оздырады
Алқалы жиын басталмас бұрын Елбасы цифрландыру тақырыбында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді. Онда түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жоба қойылды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Көрме кезінде 1,4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде темір жол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Халықаралық конкурс жеңімпазы атанды
Назарбаев университеті 55-тен астам қатысушы елдерді қамтитын Дүниежүзілік жоба менеджменті қауымдастығының (IPMA) «Жылдың ең үздік жобасы» және «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинацияларында Қазақстаннан ұсынылған екі жобаның финалисі және 2017 жылдың жоба менеджментіндегі ең үздік практикалар халықаралық конкурсының (International Project Excellence Award 2017) жеңімпазы болды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017
Бүгінгі таңда Әулиеатаның тарихи-өлкетану музейі қорында бірегей құнды күміс әшекей бұйымдар сақталған. Музей ішіндегі «Этнография» залын аралап көргенімізде, көне заманның көркем үлгілеріне куә болдық. Зал экспозициясында XIX-XX ғасырлармен мерзімделген жалпақ, жіңішке және бұрама білезіктердің де бірнеше түрі орын алған екен.
• 14 Қыркүйек, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы алыстағы ауыл халқына да тың серпін берді. Әсіресе «Туған жер» бағыты аясында шалғайда орналасқан елді мекендерде игі істер қолға алынып жатыр.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017
Аманкелді, Арқалық өңіріндегі Торғай геоглифтерінен бүгінде жер жүзі хабардар. Ағаштыкөл деген елді мекеннен қозыкөш жерде ғана «Торғай свастикасы» жатыр.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017
Оралда жыл сайын аталып өтетін «Қала күні» мерекесі биыл ортағасырлық Жайық (Теке) қаласының орнынан басталды. Көне шаһар орнына бірнеше киіз үй тігіліп, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды.