Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Өзара ынтымақтастыққа ортақ ұмтылыс

Жақында Қытай Халық Рес­публикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Рес­пуб­ликасына ресми сапармен келеді деп күтілуде. Осы орай­да, біз еліміздің ҚХР-дағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Шахрат НҰРЫШЕВПЕН әң­гі­мелесіп, екі ел арасындағы ын­тымақтастық мәселелерін қоз­ғағ­ан едік. Төменде сол әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Аймақтар • 06 Маусым, 2017

Қанатқақты жоба қандай күйде?

Биылғы көктемде Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған қанатқақты жобаға сәйкес аз қабатты несиелік тұрғын үйлер құрылыстарын көтеру көзделген. Аталған жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

Аймақтар • 06 Маусым, 2017

Басты бағдар – инновациялық өнімдер

Жуырда өңір басшысы Құмар Ақ­са­қаловтың төрағалығымен өткен ке­ңесте кә­сіпкерлікті қолдау, негіз­гі ка­питалға ин­вестиция тарту, им­порт ал­мастыру се­кілді өзекті мәсе­ле­лер қа­ралып, жер­гілікті кәсіп­орын­дар­дың сыртқы на­рық­қа шығу, бәсекеге қабілетті өнімдер өн­діру мүм­кіндіктері жан-жақты сараланды.

Аймақтар • 06 Маусым, 2017

Жұмыс жайын еңбектенген білер

Көктемгі егіс жұмыстарының барысы қалай? Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен агрокеңес отырысында биылғы көктемгі егіс жұмыстарына барлық жағдай жасалғаны барынша атап көрсетілген еді. Осыған көзімізді жеткізу үшін біз Көкшетау қаласына жақын маңдағы Зеренді ауданы Кусепский ауылдық округінің Раздольное ауылында болып, «Грин Азия» ЖШС жұмысымен жақын танысып қайттық.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Болашаққа нық қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл басындағы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын айтқан болатын. Технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ауқымды жаңғыру, конституциялық реформа арқылы саяси жаңғыру және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани жаңғыру биыл Мемлекет басшысының тікелей қарауындағы, ел үшін маңызды үш бағыт болып отыр. Бұл жеке адамдардың ғана атқаратын жұмысы, я жеке адамдар үшін шарапатты дүние емес. Бұл – ел болашағы, ертеңі үшін жасалған тарихи маңызды, саяси қадам.

06 Маусым, 2017

Әлем туған жерді танудан басталады

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ қоғамының мәдени, рухани құндылықтары жа­йын­да көп дүние айтылды. Латын әліп­биіне көшуден бастап, «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құнды­лық­тары», «Қазақстанның киелі жер­лерінің географиялық белдеуі», сондай-ақ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты бағдарламалық жобалардың түп-төркінінде ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның кеудесіне іңкәрлік сезімді ұялату жатқаны анық. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру ақпарат құралдарына жүктелетіні белгілі. 

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Тұрақтылық – басты құндылығымыз

Ақтөбе қаласында орын алған террорлық актіге кеше бір жыл толды. Өмір күнде той емес. Оның сәттілігі мен сәтсіздігі, қуанышы мен қайғысы және шаттығы мен күйініші қатар келіп, бір-бірімен алмасып жатуы өмірдің жазылмаған заңы іспеттес. Егер өмірдің кедергісі мен бұралаңы, қиясы мен қалтарысы болмай, тек бірыңғай марафоншылардың жүгіретін жолындай теп-тегіс болса, оны өмір деп те атамаған болар ма еді. Сол секілді егемендікті еңселендіру мен мемлекеттілікті тұғырландыру кезеңінде де күтпеген тосын жайттар, тіпті уыздай ұйыған ел-жұрттың тату-тәтті тіршілігіне сына қағуды көксейтін қаскүнемдік әрекеттер де кездесуі әбден мүмкін.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Елбасы кадр таңдауда қателескен жоқ

– дейді генерал-полковник Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ. Алғашқы жылдардағы біздің ең басты мін­де­тіміз ел ішінде құқықтық тәртіпті қам­та­ма­сыз­ етіп, қоғамдық қауіпсіздікті ны­ғайту бол­ды. Елбасы осы мін­дет­тердің орындалуы­на ба­­са кө­­ңіл бөліп, бізден ең бірінші осы­­ны та­­лап етті.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қазақ баласы туралы хикая

Оңтүстік Корея павильонында көрсетіледі. Кеше Корея Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі өз павильонын таныстырды. Қалашықтағы ең үлкен павильондардың бірін еншілеген олар «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» (Future Energy, Smart Life) деген тақырыпты ту еткен.

Аймақтар • 06 Маусым, 2017

Мемлекеттік рәміздерімізді қорғау – Отанды қолдау

Қазіргі таңда көптеген азаматтар мемлекеттік рәміздерді қолданудың жай-күйін біле бермейді. Кейбіреулері осы саланы реттейтін арнайы заңның бар екендігінен де бейхабар.

Яндекс.Метрика