Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Үкімет • 06 Маусым, 2017

Есеп жүргізу жаңғырады

Жаңғыртудың үшінші кезеңін жүзеге асыру барысында еліміздің статистика саласына да бірқатар өзгерістер енгізіліп, жұмысы жетілдіріле түспек. Бұл туралы кеше Үкіметтің баспасөз орталығында өткен «Мемлекеттік статистика және есеп жүргізу әдістемесін жетілдіру туралы» брифингте айтылды.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Болашақты бағдарлайтын басқосу

ЭКСПО-2017 аясында өтетін инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі хақында. ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі қазақ­стан­дықтар үшін өте маңызды оқиға. Осы көр­менің арқасында әлем­дік ғылымның, инно­вацияның, өнеркәсіптің жетістіктерін өз көзімен көруге, әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары технологиялық және де экологиялық идеяларды бағалауға миллиондаған отандастарымызға зор мүмкіндік туып отыр. Қазақстандық ғылым мен инженерия үшін WSEC Инженерлер мен ғалымдардың бірінші дүниежүзілік конгресінде өздерінің тәжірибелерін және жетістіктерін таныстыруға жан-жақты жағдай жасалған.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Қоғамдық комиссияның отырысы өтті

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2017 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Парламент • 06 Маусым, 2017

Ғарыш саласында даму бар

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің даму барысы туралы» тақырыбында «Үкімет сағаты» өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік еткен жиында негізгі баяндаманы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жасады. Ол өз сөзінде жыл соңына дейін Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталып, отандық ғарыш аппаратының орбиталық топтамасын дамыту жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.

Қазақстан • 06 Маусым, 2017

Көрмені ашуға дайынбыз

Әлем көз тіккен Астанадағы көрменің басталуы­на санаулы күн қалды. Әне-міне дегенше жер беті халқы Қазақстан топырағында өтетін тарихи шараның салтанатты ашылуының куәсі бола­ды. Еліміздің дәреже-деңгейін және мүмкіндігін тағы бір сынға салатын шараға әзірміз деп айтуға толық негіз бар. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бей­біт Қарымсақовтың айтуынша, барлық нысандар жаб­дық­талып, жасанып үлгерген. Дегенмен, көрме аумағын абат­тандыруға қатысты бірен-саран жұмыстар ғана қалып отыр.  

ЭКСПО-2017 • 05 Маусым, 2017

Корея ЭКСПО-ға сумен жүретін көлік алып келеді

Бірегей темір тұлпарды Hyundai корпорациясы құрастырған, деп хабарлайды 24.kz.

Технология • 05 Маусым, 2017

Елімізде ғарыш саласында маман тапшы

Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау аппараты арқылы түсірілген суреттерді өңдей алатын кадрлар жоқтың қасы, деп хабарлайды Хабар24.

05 Маусым, 2017

Атақты айтыс болған жыл

Бас газетіміздің осы жылғы 2-ші наурыз күнгі санында Н.Әлдібаевтың «Айтыстың алдаспаны − ақын Сара» атты көлемді мақаласы басылды. Онда автор «Арынды Ақсу өзенінің бойын жайлаған елде Тастанбек деген орта шаруаның отбасында Сара 1878 жылы өмірге келіпті. Негізі Біржан − Сара айтысы 1895 жылдың жазында Жетісу Алатауының бір сілемі Ешкіөлмес тауының баурайындағы Көшкентал жайлауында өткен екен», − деген деректер келтірді. Осы мақалаға байланысты өз пікірімді айтсам деймін.

Театр • 05 Маусым, 2017

Театр дарабозы

Маман Байсеркеұлы. Қара қылды қақ жаратын әділдігі бар, кейде балаша таза, кейде қартша адуын мінез танытып жүретін жан.

Бизнес • 05 Маусым, 2017

Оңтүстікте қарбыз егістігі азайды

Биыл Оңтүстік Қазақстанда 160 мың тонна қарбыз егілді, деп хабарлайды Хабар24.

Яндекс.Метрика