Президент • 01 Маусым, 2017
Елбасы «Нұрлы жол» вокзалын ашты
Аумағы 126 мың шаршы метр болатын жаңа вокзал алты қабатты. Тәулігіне 35 мың жолаушы өткізе алатын вокзалдан бүгіннен бастап қалааралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Бар игілігіміз – балаларға! Өйткені, бала – жүректің миуасы, көңілдің гүлі, көздің нұры. Бала – адамның бауыр еті, әкенің білек еті, ананың жүрек еті. Яки, ер болып артта қалған із, бақыт болып ұзатылған қыз.
Президент • 01 Маусым, 2017
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары мен жақындары да қатысып, Елбасымен әңгімелесті.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Таразда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған конференция өтті
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Кеңестік дәуірдегі репрессия мен ашаршылықтың тарихи шындығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға бірқатар зиялы қауым өкілдері, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сонымен қатар тарихшылар, өңірдегі жоғары оқу орындарының ұжымы мен студенттері қатысты.
ЭКСПО-2017 • 31 Мамыр, 2017
Астанада қонақ үйлер ЭКСПО кезінде бағаларын өсірмейді
«Астана Конвенш Бюро» ЖШС елорда қонақ үйлерімен ЭКСПО-2017 кезінде қызметтері үшін бағаларын көтермеу туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Астанада Қазақстан мен Испания арасында саяси консультациялар өтті
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Испанияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ильдефонсо Кастроның қатысуымен саяси консультациялардың кезекті раунды өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 31 Мамыр, 2017
Мавритания Президенті күзде Астанаға ресми сапармен келеді
ҚР Президентінің Арнайы уәкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Нуакшот қаласында Мавритания Президенті Мохаммед Ульд Абдель Әзиздің ресми резиденциясындағы қабылдауында болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Бірыңғай ақпараттық жүйе порталы арқылы шетелдіктер уақытша тіркеуге тұра алады
Шетелдік азаматтар көші-қон қызметінің қалалық, аудандық бөлімшелерінде немесе бірыңғай ақпараттық жүйенің визалық-көші қон порталы (www.vmp.gov.kz) арқылы тіркеуге тұра алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен теңіз жануарларының саябағы ашылды
Отбасылық ойын-сауық саябағының жалпы аумағы 7190 шаршы метр. Мұнда көрсетілім үшін үлкен бассейн қойылған, қосымша тағы екі бассейн – карантин және жарғақтабандылар үшін қарастырылыпты, 400 адамға арналған трибуна және мүмкіндігі шектелген жандарға арналған арнайы орындар бар. Парктің алғашқы ашылуын «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.
Президент • 31 Мамыр, 2017
Елбасы Астана әуежайының жаңа терминалында болды
Қазақстан Президентіне әуежайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңалықтар, соның ішінде өнімдігі сағатына 1200 сөмкені қамтитын жартылай автоматтандырылған жүк өңдеу жүйесі жөнінде баяндалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.