Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Ұлы дала жауһарлары

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапxанасының музейінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған «Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» атты қор көрмелерінің ашылуы өтті.

Аймақтар • 01 Маусым, 2017

«Өрлеу» – отбасын қолдаудың тиімді тетігі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық дамуда және мемлекетті нығайтуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

ЭКСПО-2017 • 01 Маусым, 2017

Бәйге түрлерінен ЭКСПО-2017 кубогы өтеді

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде дүние жүзінің мемлекеттері өздерінің ғылым мен техникада қол жеткізген тың жетістіктерімен бөліседі және төл мәдениеті мен өнерін таныстырады. Көрмеге үш айдың ішінде миллиондаған көрермен келеді деп жоспарлануда. Өйткені, бұл бүкіләлемдік шара маңызы жағынан Олимпия ойындары мен футбол чемпионатынан кейінгі орында.

Медицина • 01 Маусым, 2017

Ұмытылмас күн полицей ерлігінің куәсіне айналды

Ерлан Таңжарықов учаскелік инспектор болып істейтін Калинин ауылдық округіне қарасты елді мекендер Таран ауданының орталығынан қырық шақырым жерде жатыр. Бәрі қатар орналасқан. Полиция капитаны Е.Таңжарықов осы ауылдық округтегі Береговое және Нагорное деген елді мекендердің тыныштығын күзетеді. 2016 жылдың 29 ақпаны Береговое ауылының тұрғындары Головколар отбасының да, учаскелік инспектордың да есінен шыға қоймас...

Күрес • 01 Маусым, 2017

Қазақ күресінің қадірін қашырмайық

Қазақ күресінің қанат жайып келе жатқанына біраз жыл болды. Талай әлем чемпионаттары, құрлық біріншіліктері де өтті. Жыл сайын Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турниріне жұрт ықыласы ерекше. Жүлде қоры да қомақты. Сондықтан апайтөс, атан жілік балуандар ширығып, шамырқанып жетеді Астанаға. Бірақ сол турнирге қатысу да оңай емес. «Қазақстан барысына» қатысу үшін әуелі ауданда, содан қала немесе облыс біріншіліктерінде топ жаруың керек.

Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Ахметжан Есімов: «Көрмеде таңдай қақтыратын керемет көп»

Әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына да санау­лы күндер қалды. Елбасы Ұлттық жоба деп бағалаған жаһандық шараны өткізуге дайындық барысында арнайы құрылған «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамына жүктелген жауапкершілік те, атқарылған жұмыс та зор. Жақында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов еліміздің және шетелдердің бірқатар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Төменде сол салиқалы әңгімені оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.

Аймақтар • 01 Маусым, 2017

Жамағат 769 отбасына шапағатын тигізді

Биылғы көктемде Ақтөбеде болған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан арнайы штаб құрылды. Осынау қайырымдылық ісінің басы-қасында жүргендер оны «Ақтөбе асары» үлгісінде ұйымдастырды. Оған көршілес Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мешіттер жамағаттары да қолдау көрсетті.

Медицина • 01 Маусым, 2017

Байқадамның Бақытжаны

Байқадам әулетінің тереңге тартқан тарихы қызғылықты-ақ. Ел аузындағы шежірені тұңғыш стенографист Дана­бике Байқадамова да тірілтеді. Қып­шақтың Алтыс атасынан тарайтын Кедел жауға аттанғанда інісі Бекбаулыға ауылын жаудан қорғауды тапсырады. Қалған бала-шаға, қарияларға ес болып, жау көзінен тыс жүрейік деп сай-салаларға қанша қонғанымен де бір күні сайланып келген жау бәрін қырып, қасаптан жалғыз қашып шыққан Бекбаулы орыс шекарасынан өтіп жан сақтайды.

Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Заманауи терминал іске қосылды

Кеше Астана ха­лық­ара­лық әуежайының жаңа терминалы ашылды. VIP және қарапайым жо­лаушыларға арнал­ған екі аймақтан тұра­тын терминалдың төрт кіреберісі бар. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушы­ларға арналған негізгі ғи­маратты аралап, әуе­жайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңа­лық­тармен танысты. Елбасы «Эйр Астана» акционерлік қоғамының президенті Питер Фос­тер­мен әңгімелесіп, ком­панияның қазіргі жағ­дайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, өз елімізде және шет елдерге ұшу бағ­дарларын көбейту жос­­парлары туралы сұ­рады.

Яндекс.Метрика