Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

Руханият • 04 Шілде, 2019

Сәт сапар, балеттің болашағы!

Түлектердің бітіру кеші – бұл білім ордасы тарихына енетін негізгі әрі қуанышты оқиға. Сол себептен де әр білім алушының жұлдызды сәттерінің бірі – осы кеш.

Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Мемлекеттік қызметшілер жарысы өтті

Қазір бір Өскеменнің өзінде мемлекеттік қызметте мыңға тарта адам бар. Олардың дені жастар. Қазақстанның жаңа Президенті Қ.Тоқаев жастық жігерлері жалындаған жастарға ерекше үміт артатынын, оларды мемлекеттік қызметке батыл тартатынын айтқаны белгілі. Ал жастар жүрген жер думанға толы, әсіресе спортқа көңіл бөліп, шымыр да сергек болатынын дәлелдеуде.

Әдебиет • 04 Шілде, 2019

Әдептілік – әкеден

– Әкең келе жатыр! Өн бойымда бір діріл жүгіріп өтті. Ойынның қызығына түскен мен манадан бері шешемнің әлденеше рет шақырғанын елемей тұрған едім. Осы бір ауыз сөз қырсықтығымды да, аздаған еркінсуімді де, еркелігімді де сап тыйған. Үйге лып етіп кірдім. Іле-шала сыртқа шығып, қолыма күрек ұстап қораны тазалай бастадым.

Әдебиет • 04 Шілде, 2019

Абай өлеңдері испан тіліне аударылмақ

Кеше Нұр-Сұлтан қаласын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық «Еуразия ас­таналарының қаламгерлері» форумына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Әдебиет • 04 Шілде, 2019

Шам (әңгіме)

Оған шығарма жазу үшін үш нәрсе қажет. Түн, тыныштық және шам. Осы аталғандардың ішінде тым құрығанда біреуі кем­­шін болса, қауырсын қала­мы жүрісінен жаңылады. Сия сар­қып, қағаз умаждайды. Құй­рығын тоздырып, жүйкесін жұ­қартады. Ақыттың әңгіме жазып, шығармашылықтың тұла бойынан ләззат алмағанына бүгін алты айға толды. Осыншама уа­қытты құр өткізіп, көкейіне қош­қыл түн құйған қазынасын ақтарып салмағанына қатты қынжылушы еді, алайда бүгін сол олқылықтың орнын толтырып, жыртығын жамаудың сәті оңынан туған секілді.

Әдебиет • 04 Шілде, 2019

«И» мен «У»-дан дауысты жасауға неге үйірміз?

Қазақ тілі алфавитін латын әрпіне көшірудің сая­си, халықаралық тұрғыдағы маңыздылығынан гөрі ана тіліміздің тіл ретінде қолданылу, оқытылу, зерттелу маңыздылығындағы алатын орны ерекше. Алфавитті қанша өзгертсе де, тілдің даму деңгейі, сөздік қорының молаю қарқыны төмендемейді. Алфавит қанша өзгерсе де, алдыңғысында жазылған қажетті дүниелер кейінгісі арқылы да оқылып, қоғамға тиімділігін жоймайды.

Экономика • 04 Шілде, 2019

136 үй жөнделді

Кешегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 136 тұрғын үй қал­пына келтірілді. Тағы 571 үйді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Руханият • 04 Шілде, 2019

Қос кітап жарық көрді

3 шілде күні елордада екі кітап қалың оқырманға таныс­тырылды. Біріншісі – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері, белгілі ғалым Мұрат Лау­му­лин­нің «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» кітабы. Монография алғаш рет қазақ тілінде басылып шықты.

Экономика • 04 Шілде, 2019

1,4 млн адамға атаулы көмек көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жасалған жұмыстардың есебін қорытындылап, министрліктің алға қойған жоспарларын жеткізді.