Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Білім • 30 Қазан, 2018

Мамандар дайындаудың алғашқы легіндегі жоғары оқу орны

Егемен еліміздегі ең елеулі ЖОО-лардың бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Міне, аталған оқу ордасының 75 жылдық мерейлі мезгілі де келіп жетті. Осы кезеңдегі оның жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосып, онымен бірге есейіп келе жатқан «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы да 60-ты еңсеріп отыр. 

Таным • 30 Қазан, 2018

Өзін өзі тану және ізгілік педагогикасы

Алматыдағы «Бөбек» ұлт­тық ғылыми-практи­калық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін өзі тану және ізгілік педагогикасы: ізденіс, ынтымақтастық, даму мүмкіндіктері» деген тақырыпта халықаралық семинар өтті.  

Қазақстан • 30 Қазан, 2018

Театр тарихынан сыр шертеді

Кеншілер астанасындағы бейнелеу өнері мұражайында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының тарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер көрмесі ашылды.  

30 Қазан, 2018

«Хат қоржын»

Руханият • 30 Қазан, 2018

Мәселеге мән берілсе

«Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі №172 санында «Мағжанды іздеген азамат» деген мақала жарияланған болатын. Ол мақалада Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев туралы деректер іздеп Магаданға дейін барып қайтқан Алдияр Әубәкіровтің аталған қаланың архивіндегі құжаттардың ішінен 1938-1942 жылдардың аралығында Магадан қаласында сотталып, сол жерде атылған 20 қазақтың ақталғандығы туралы құжат тапқаны айтылған еді. 

Руханият • 30 Қазан, 2018

Төлеген Себепов: Бақ пен бақыт тәуелсіздік арқылы келді

Ел үшін жастайынан тер төгіп, білімі мен күш-жігерін аямай жұмсап, саналы өмірін сан қилы соқпақтарға салып, қиын-қиын белестерден қарғып өткен ардагерлер арамызда баршылық. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып-ақ, сол жылдардағы тұрмыс-тіршіліктің ауыртпалығына қарамастан үлкендермен қатар жұмыс істеді. Солардың бірі –еңбек ардагері Төлеген Себепов ақсақал.

Білім • 30 Қазан, 2018

Семей медицина университетіне – 65 жыл

Биыл ұлт денсаулығын нығайтуда, дәрігерлер даярлауда дара жолы қалыптасқан Семей медициналық университетіне 65 жыл толып отыр. Бұл оқу орны 1952 жылы Кеңес Одағы Министрлер кабинетінің қаулысымен ашылды. Мақсат – өңірде медициналық кадрларды дайындау еді. Ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін енгізе отырып ашылған емдеу факультетіне 1953 жылы алғаш рет 320 студент қа­былданды. Бүгінге дейін университет отандық медицина саласына 26 мыңнан астам түлек дайындады. Қазір 7 мыңға жуық студент университет қабырғасында білім алуда. Олардың қатарына дипломға дейінгі білім беру, студенттер, интернатура, докторантура саласында оқып жүргендердің барлығы кіреді. Бұл еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көрнекті білім ордаларының бірі. Оқу орнының жекеменшік университеттік госпиталы, оқу-клиникалық орталығы, сондай-ақ Павлодар мен Өскемен қалаларында филиалдары бар. Филиалдардың ашылғанына – 34 жыл.

Қоғам • 30 Қазан, 2018

Аталы сөзге тоқтау дауды азайтады

Қостанайда өткен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» деген тақырыптағы конференция халқымыздың осы бір дәстүрін жаңғыртуды мақсат тұтты. Бітімгершілік Елбасы бастамашы болған рухани жаңғырудың бір саласы екенін еске салды. 

Қоғам • 30 Қазан, 2018

Тарихы тағылымға толы Тараз

Екі мың жылдан астам уақыт бойы салтанат құрып келе жатқан тарихи Тараз бүгінде жаңаша бағытта дамып, соны сипатта түрленіп келеді. Уақыт өткен сайын көне шаһарда құрылыс қарқынды дамып, облыс орталығының әлеуметтік және экономикалық әлеуеті артуда. Өткен аптада ғана Тараз қала­сында «Қала күні» мере­ке­сіне орай жиырма бірдей нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. 

Саясат • 30 Қазан, 2018

Азияның алыптары әріптестікті дамытуға мүдделі

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Бейжіңде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен және премьер-министр Ли Кэцянмен кездесіп, келіссөздер өткізді.