Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Қарағанды облысы активінің жиналысы өтті

Кеншілер астанасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді талқылау бойынша Қарағанды облысы активінің жиналысы өтті.

Қазақстан • 10 Қазан, 2018

«Айка» фильмі «Оскардан» үмітті

Жылдың басында ғана Канн фестивалінде, ал өткен аптада Түркияның Анталия қаласында өткен кинобайқауда үздіктер қатарынан көрінген «Айка» фильмінің алдынан және бір үлкен әрі айтулы сын күтіп тұр. Режиссер Сергей Дворцевойдың аталған картинасы «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығы үміткерлерінің тізіміне енді.  

Қазақстан • 10 Қазан, 2018

Жолдау – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды жаппай тыңдау Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылды. Оған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары, жергілікті бизнес өкілдері қатыстырылды. 

Тарих • 10 Қазан, 2018

Қазақтың қара есептері

Ұлттық қазынамыздың бірі – қазақтың байырғы қара есептері. Яғни, қазақ халқының байырғы көне есептерінен ұлтқа тән ерте замандағы тұрмыс-салты, әлеуметтік өмірі мен мәдениеті және де басқа сипаттары туралы аса құнды ақпараттар алуға болады. Осы тақырыпты зерттеп жүрген белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Сейітқасым Байбеков жақында редакциямызға келіп, Ұлы даланың рухани мұрасы іспеттес көне есептерді насихаттау мақса­тында ұсыныс жасаған еді. Соған орай, біз авторлармен келісе отырып,ұлттық құндылықтарымыздың бір парасы саналатын қазақтың қара есеп­терін жариялауды қолға алып отырмыз.  Сонымен қатар басылым жанашырлары үшін жағымды жаңалық, газетке жарияланған қара есептердің жауабын дұрыс тапқан оқырмандарымызға арнайы сыйлықтар қарастырылған. 

Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстан активі Жолдауды талқылады

Өңірде ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, аудан, қала әкімдерінің, басқарма, департамент басшыларының, депутаттардың, этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы жан-жақты талқыланды. Актив жиынында облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасап, сөйлеушілер ой-пікірлерімен бөлісті.

Спорт • 10 Қазан, 2018

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Сенегалда өтеді, деп хабарлайды Euronews. 

Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Жемқорлық деректері білім саласында жиі кездеседі

Биыл 8 ай көлемінде Түркістан облысында 170 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпталған жергілікті атқарушы органдар 25 мемлекеттік қызметкерінің 18-і пара алу дерегімен жауапкершілікке тартылса, 4-еуі алаяқтыққа жол берген. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың басым бөлігі Сарыағаш, Сайрам және бұрынғы Мақтаарал ауданына тиесілі. Аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне қатысты 7 оқиға тіркелсе, әкімдердің үстінен сыбайлас жемқорлыққа байланыс­ты 6 дерек анықталған. 

Қазақстан • 10 Қазан, 2018

Жолдауда кәсіби біліктілікке басымдық берілген - Руслан Жақсылықов

Қоғам тыныштығын қырағылықпен күзетіп келе жатқан қарулас достарымыз бен әскери салада қызметте жүрген әріптестеріміз және отандастарымыз жуырда ғана өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жарқын болашаққа жетелейтін тың бастаманың куәсі болды. Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауында біз сөз еткен мәселелер стратегиялық тұрғыда маңызды екені сөзсіз әрі бұл мақсаттар ел азаматтарына бірқатар жауапкершіліктер жүктейді.

Таным • 10 Қазан, 2018

Жапондар 4 санынан неге қорқады?

Әр халықтың белгілі бір сан­­дарға қатысты ырымдары мен ты­йымдары, өзіндік на­­ным-сенімдері бар. Әлем халық­та­рында негізінен жұп­ сандардан гөрі тақ сандар баға­ланатыны белгілі. Тақ сан – көптеген ұлт­тарда сәттілік символы. Бірақ 13 дегенде еуропалықтардың зә­ресі ұшады. Ал жапон, корей, қытай ұлттарының өкілдері төртті, тіпті, «өлімге» теңеп жатады. Өйткені Шығыс Азия елдерінің тілінде 4 «о дүниеге аттануды» бейнелейді. Мәселен, жапон тілінде төрт «ши» деп дыбыс­талады. «Өлімді» біл­діретін иероглиф те «ши» деп оқы­лады. Корей тілінде де осындай сәйкестік салдарынан төртті жаманат белгісі деп есептейді. 

Медицина • 10 Қазан, 2018

Халық саны өсіп келеді

Қызылорда халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мың адамға көбейді Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі осындай ақпар таратты.