Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

25 Қаңтар, 2019

Жобаға журналистер сарапшы болады

Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың соңында құрылған «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңес аясындағы сарапшылық топтың құрамына тілшілер шақырылып жатыр. Бұл жөнінде жоба жетекшісі Орынбек Нәсимуллин хабарлады.  

25 Қаңтар, 2019

Дана жүрек

Тәуелсіздікті нығайтуға айтулы үлес қосқан мемле­кет­тік тұлғалар туралы толғағанда олар саналы ғұ­мы­рында халық үшін қалтқысыз қызмет етуі үшін рухани серпіліс беріп келе жатқан өмірлік серік­те­рі­нің орны ерекше екенін де ұмытпауымыз керек. Белгілі мемлекет қайраткері, марқұм Сарыбай Қалмырзаевтың жан жары Үмітай Ахимбекова бүгінде қайраткердің атын асқақтатып, шаңырағының отын лаулатып, ағайын-туысты ұйыстырып, соңында қалған ұрпақтарына ұлағатты тәрбие беруде. Өзінің мерейлі белесіне көтеріліп отырған Үмітай Қасқатайқызы көрнекті тұлғамен бірге жүріп өткен өмір жолының сан соқпақтарын сағынышпен еске алады. 

25 Қаңтар, 2019

Азаматтың ақ жолы

Өмір жолының қай кезеңінде де, қандай тағдырлы жылдарында да табиғи қалпын бұзбай, шыр етіп дүниеге келгенде құдай маңдайына жазған адамдық асыл қасиеттерінен айнымай, уақыт желімен құбылып соқпай, құрыққа сырық жалғамай, жүзі жарқырап жүріп жатқан жүрегі таза, жайсаң жандар көптеп саналады. Сондай ел санаты дерлік санаулылардың қатарына атырапқа аты мәлім тағылымды тұлға, іскер ұйымдастырушы, беделді басшы Әлихан Әбдіханұлы Тойбаевты жатқызуға болады. 

25 Қаңтар, 2019

Зор үміт күтетін жыл

Биылғы жыл Елбасының арнайы бастамасымен Жастар жылы деп жарияланды. Елбасы кешегі жастар форумында жастармен бетпе-бет жүздесіп, осы атаулы жылды  ресми ашып берді. Жастар жылына мемлекет пен қоғамның негізгі тірегі – жас­тарды қолдауға бағытталған бастамалардың барлығы да өз нәтижесін береді деген сеніміміз мол.

25 Қаңтар, 2019

Жастар жылы өскелең ұрпаққа өз тәжірибелері мен білім көкжиегін кеңейтуге жол ашады — студент

23 қаңтарда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қор құруды тапсырды. Президенттің шешімін жастар өкілдері қолдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.