Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Түрленген Түрксіб

Кезінде орталық аудандарды Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, қазыналы өлкелерімен байланыстырған Түркістан – Сібір темір жолы Кеңес Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатында еді. Сібір магистралінің 90 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Түрксіб: өткені мен бүгіні» тақырыбында фотобайқау жариялап отыр.

Өнер • 10 Маусым, 2020

Халің қалай, Қуыршақ театры?

Ертегінің, ондағы архетиптік сюжеттің адам санасына, жан-дүниесіне ықпалы зор. Мыңжылдықтар бойы қалыптасқан даналық негізін бала танымына ықшамдап, оңай ұқтырып, бала бойында өмірлік мәселелерді шешудің жасырын қабі­леттерін дамытады. Кезінде бала Абайға да алғаш тіл ұстар­тып, ертегі-аңыздардан бастап, қазақтың бай ауыз әде­бие­тімен таныстырған аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжан болатын. Осы орайда балалар өмірінде алатын орны зор таңғажайып ертегілер мекені – елордалық Қуыршақ теат­рының жөні бөлек. Ең бастысы «Қуыршақ театры баланың ермегі» дейтін жөнсіз түсінік жойылып, жыл өткен сайын көрермендер қатарында қазақ балаларының саны артып келе жатқаны қуантады.

Таным • 08 Маусым, 2020

Сұмырай дегеніміз кім?

Әлденеге ашуланғанымызда арагідік ауызымыздан шығып кететін бір мәтел бар. «Сұмырай келсе су құриды» деп қысқа қайырып жатамыз. Осындағы «сұмырайдың» мағынасын әркім әр саққа жүгіртіп жүр. Бірі «сұмырай» емес, дұрысы «суыр айы» болуы керек деп ұйқасқа ерік берсе, енді бірі су кристалының өзгерген құрамынан ғылыми дәлел іздейді. Сонымен ұнатпаған кісімізге сұмырай деп кесіп айтқандағы сұмырайымыз кім болды екен?

Қазақстан • 05 Маусым, 2020

«Жеңіс Жаңғырығы» жобасы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтан өткізілетін «Жеңіс Жаңғырығы» жобасын іске қосты. Жобаның аясында 175 сақтау бірлігі, оның ішінде  11 хат,  69 фотосурет пен  95 құжат келіп түсті.

Руханият • 05 Маусым, 2020

Мемлекеттік қаржыландыруға ие болған кино жобалар тізімі бекітілді

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші питчингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алған картиналар тізімі белгілі болды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өткізді. Бұл Қазақстандағы ерекше мейрамдардың бірі болғандықтан қала тұрғындары үшін бұл күннің маңызы айрықша.

Руханият • 04 Маусым, 2020

«Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты кітаптар сериясы жарық көрді

Мектепте, өзге ортада әлімжеттік көрген бала не істейді? Кімге жүгінеді? Оған ата-анасы қалай көмектесе алады? Ұлттық аударма бюросы мен Bilim Foundation қоры бірлесе отырып дайындаған «Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты кітаптар сериясы балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін үрей, қорқыныш, ұялу, ашулану, қателесуден қорқу, депрессия, мазасыздану сияқты жағдайларды жеңуге, сабырлы болуға, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға және өзіне деген сенімді қалыптастыруға үйретеді.

Руханият • 04 Маусым, 2020

«Күй-live» домбырашылар конкурсының жеңімпаздары анықталды

Батыс Қазақстан облысындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония ұйымдастырған Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған республикалық домбырашылардың «Күй-live» конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Қазақстан • 04 Маусым, 2020

«Менің Қазақстаным» фотобайқауы жарияланды

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі «Менің Қазақстаным» атты жыл сайынғы фотобайқауын жариялайды. Байқау Қазақстанның экологиясына арналған және қоғамның назарын біздің ұлан-байтақ еліміздің табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, туған елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және табиғи байлыққа ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Әлем • 03 Маусым, 2020

Шырғалаң шындығы

Тарихшы, Мэриленд университетінің профессоры Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала: ашаршылық, зорлық және кеңестік Қазақстанды орнату» ат­ты кітабы жарық көргенде ел газеті алғаш­қылардың бірі болып автормен сұх­баттасып, ақжолтай жаңалықты ғылыми ортаға, оқырман қауымға қуана жеткізген болатын. Мінекей, араға көп уақыт салмай аталған құнды еңбек қазақ тіліне аударылып, қалың оқырманға жол тартып отыр.