Қазақстан • 18 Мамыр, 2020
Балаларға базарлық байқауы мәреге жетті
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері сәуір айынан бастап күн сайын Egemen TV арнасы «Балаларға базарлық» айдарымен ертегі ұсынып келді. Осы ретте балалар арасында ертегі тыңдау және айту дәстүрін жаңғырту мақсатында ел газеті «Egemen Qazaqstan» арнайы онлайн-байқау жариялаған болатын.
Өнер • 14 Мамыр, 2020
Белгілі пианист, педагог, «FORTE-TRIO» Мемлекеттік триосының жетекшісі Тимур Урманчеев live форматта тікелей эфирде өнер көрсетті. Бұл кеште қазақ, орыс, еуропа классикасының жауһарлары мен танымал ретро әндері орындалды.
Таным • 12 Мамыр, 2020
Мамыр басталғалы күн суытып, жауын-шашын күрт көбейді. Дәл осы кезде қорық қызметкерлерінен қазақ даласындағы ақбөкендер төлдеп, құралайын өргізіп жатыр деген cүйінші хабар да жетті.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты
Биыл қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. Осы орайда Ұлттық академиялық кітапхана мен Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы бірлесіп «Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты» атты республикалық ғылыми онлайн конференция өткізді.
Сұхбат • 05 Мамыр, 2020
Ғалым Ахмедьяров: Бүгінгі күн тынысы ертеңгі тарихқа айналады
Індет кезіндегі карантин әлемдік мәдени-рухани кеңістікте із қалдырғаны анық. Соның ішінде театрлардағы сан-салалық шығармашылық жұмыстардың тоқтап тұрғанына да екі айға жуықтапты. Бұл шығармашылық ұжым өмірін ғана емес, премьералар мен фестивальдер кестесін де толықтай өзгертті. Осы ретте «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров төтенше жағдай режіміндегі театр тынысы туралы айтып берді.
Кино • 01 Мамыр, 2020
Францияның «Pernel Media» телекомпаниясы түсірген «Алтынқазған» ғұрыптық-жерлеу кешені жайлы деректі фильмнің премьерасы Discovery Science арнасынан алғаш рет көрсетілді. Фильмде Еуропа тарихында терең із қалдырған даңқты қолбасшы Еділ қағанның тарихнамасы мен жорығы туралы кеңінен баяндалады.
Видео • 13 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Сараң бақа
Табиғаты айрықша Алтай жері аңыз-әңгімеге бай. Заңғар таулар мен гүрілдей аққан өзені, алтын тостағандай жалтыраған көлдері көздің жауын алса, қойнауы үйір-үйір жылқы мен қойға толған. Салтанат апаның бүгінгі ертегісі құпияға толы Алтайдың бір түкпірінде өтеді. Ертегі бақа мен құмырсқалар арасындағы қайшылыққа құрылған. Бақа сараң ба? Әлде шынын айтып құмырсқаларға жем болуы керек пе еді? Кінәліні анықтау қиын.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Қорытындылайтын кезеңге аяқ бастық
2017 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Кезең-кезеңмен көшірудің іс-шаралар жоспары 2025 жылға дейін әзірленіп, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 4 жұмыс тобы құрылған болатын. Осы уақытқа дейін жалпы латын графикасына негізделген әліпби жобалары авторлардың тікелей қатысуымен ғалымдар тарапынан талқыланып, сараланды.
Руханият • 06 Сәуір, 2020
Ұлттық музейде «Жәдігер» жобасы іске қосылды
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимде қызмет көрсетеді. Осыған сәйкес тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, экспонаттарды таныту және дәріптеу мақсатында «Жәдігер» жобасы қолға алынды.
Руханият • 03 Сәуір, 2020
«Егеменнен» – ертегі» жобасын ұсынамыз!
Кеш қарая үйдегі кішкентайлар радионы бірінші болып қосуға асыға жүгіретінбіз. Өйткені күнде кешке оқылатын ертегіні тыңдамай қалу дегеніңіз үлкен өкінішпен пара-пар еді. Әншейінде басымыз сыйыспайтын біздер сол кеште тату-тәтті отыра қалып, ың-шыңсыз ертегіге құлақ түретінбіз. Қаһарманның ерлігі кеудемізде үміт отын тұтатып, өзімізге беймәлім алыстағы арманға ұмсынып, тәтті қиялға бой алдыратынбыз.