Руханият • 21 Қаңтар, 2020
Ұлттық дәстүр мен жергілікті ерекшелік қарқынды күшейіп, қандай да бір ел туралы пікір қалыптастыруда қай кезде де ұлттық тағам ерекше маңызға ие. Сондықтан да болар, бүгінде сан алуан мәзірдегі тағамның түр-түрі заманауи мәдениеттің қызғылықты үрдістерінің біріне айналып үлгерді. Осы орайда әзірленуі былай тұрсын, атауының өзі ұмыт қала жаздаған кәделі әрі орны бөлек ұлттық тағамдарымыз туралы ас мәзірі жинақталып, қалың оқырманға жол тартуы көңіл қуантарлық іс болды.
Руханият • 21 Қаңтар, 2020
Абай мерейтойы қалай аталып өтеді?
Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын жалпыхалықтық деңгейде ұйымдастыру және мазмұндық деңгейде атап өту бойынша әзірлік жұмыстары жан-жақты пысықталуда.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2020
Қазақы таным және экология туралы кітап оқырманға жол тартты
Астанада экосана мен мәдениетті қалыптастыруды мақсат тұтқан «Eсosophy немесе киелі табиғат» кітабының тұсаукесеріөтті. Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отырған ерекше жоба «Отбасы хрестоматиясы» қорының кезекті жұмысы. Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында жақсылықтың жыршысы, ырыс-құттың нышаны саналатын киелі жан-жануарлар туралы аңыз-әңгімелер жеңіл баяндалып, жас ұрпақты табиғатты аялауға, сүюге шақырады.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2019
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы басталды
Қазақ тілін үйрену үшін ынта керек пе, уақыт керек пе? Тіл үйренуге не кедергі? Төл мерекеміз тәуелсіздік күніне орай елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумында дәл осы мәселелер көтерілді. Тіл туралы әдеттегі жиындардан өзгеше форматта өткен форум жұмысында қазақ тілін ана тіліндей меңгерген азаматтар емін-еркін ой-пікір алмасып, тіл үйрену жолын өзгелерге үлгі ете отырып, баяндап берді.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2019
Келешектің қозғаушы күші саналатын жастардың қатысуымен «Өз еліңді таны» атты республикалық экспедиция басталды. Мұндағы басты мақсат жас өскінге қазақтың ұлттық құндылықтарын танытып, тамырын тереңнен тартқан ата тарихымызды бойына дарыту.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2019
Ұлттық музейдегі «Ұлы дала шеруі»
Орталық Азиядағы ең ірі мәдениет ордаларының бірі саналатын Ұлттық музейдің құрылғанына биыл бес жыл. Бұл уақыт аралығында игілікті шаруалардың ұйытқысы болған рухани орталық тарихи және ғылыми мәні зор көптеген зерттеу жобаларымен шұғылданатын дербес алаң ретінде танылып үлгерді. Осы орайда өткен «Ұлы дала шеруі» атты музейлер шеруі өнерсүйер қауымның басын біріктіріп, көңілді демалыс сыйлады.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2019
Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы
Түбі бір түркі жұртының ертеңін баянды ету жолында Елбасы бастамашы болып, ірге көтерген Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы сынды құрылымдар бүгінде табысты жұмыс атқарып келеді. Осы ретте халықаралық Түркі академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында Нұр-Сұлтан қаласында «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты тағылымды жиын өткізді.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2019
«Груффало» ертегісі – қазақ тілінде
Әлемнің заманауи классикасына айналған «Груффало» ертегісі тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Ұлыбританияның Алматыдағы Haileybury мектебінде аталған кітаптың тұсаукесері өтіп, оқушылардың қатысуымен қазақ тілінде әзірленген «Груффало» қойылымы сахналанды.
Руханият • 29 Қараша, 2019
Ұлттық музейде Тұңғыш Президент – елбасы Кітапханасының ұсынуымен егемендіктің негізін қалауға, үйлесімді қоғам құру мен ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі Елбасы рөлін айқындайтын жаңаша көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде кітапхананың мұрағаттық материалдар жинағы әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжатты ел назарына ұсынды.
Үкімет • 20 Қараша, 2019
Жаңа әліпби емлесі мен халықаралық тәжірибелер жайы сөз болды
Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.