Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа әліпбидің емле ережелерін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды. Мұндағы мақсат латын негізді жаңа қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін меңгерген, ересек аудиторияға оқытып, түсіндіре алатын білікті оқытушылар дайындауға мүмкіндік жасау. 

Руханият • 02 Қазан, 2019

Теміртас Ысқақов: Бұл – жоғалып бара жатқан қала одасы

Теміртас Ысқақов астанаға алғаш келгенде қала ескі танысындай көзіне соншалықты жылыұшырай көрінген. Кезіндегі Целиноград, Ақмола кезінен аңдалатын қаланың ескі тынысы туып-өскен жері Омбымен үндестігін аңғартты ма екен, бірден бауыр басып кетті. Ескі ғимараттарды суретке түсіре жүріп, қала тарихы мен архитектурасына қызыға, құлшына ден қойды. Жас талаптың бұл әуестігі он жылдан соң Fading.TSE атты үлкен жоба­ға айналатынын ол кезде өзі де бағамдай қоймаған. Иә, елорда мәде­ниетінің терең тарихының айғағы болатын бірегей тарихи-мәдени нысандар – уақыт тезінен өткен баға жетпес мұралар. Теміртасты қынжылтатын да осы мәселе, ескі қала келбетінің жылдан-жылға жоғалып бара жатқанына алаңдайды.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2019

Қайраткер ғұмырынан үзік сыр

Игі істердің ұйытқысы болып келген Ұлттық академиялық кітапханада Алия Изетбегович музейі мұрындық болуымен қос бірдей келелі жиын өтті. Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесі аясында ұйымдастырылған алқалы басқосуда «Президент в крупном плане» фотокөрмесі мен «Фотомонография Алии Изетбеговича» кітабы таныстырылды.

Руханият • 23 Қыркүйек, 2019

Қазақ драма театрының биік белесі

Елорданың асқақ сәулетіне сән берер Қазақ драма театрының құрылысы қызу жүріп жатыр. Президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев салынып жатқан жаңа ғимараттың құрылысымен танысып, осынау озық үлгідегі кешеннің жай-жапсарын театр ұжымымен бірлесе талқыға салады.

Руханият • 19 Қыркүйек, 2019

Maqpalsher - Лондонда

Мәдениеттер тоғысына айналған Лондонда заманауи қазақ өнерінің жарқын өкілі Мақпал Жұмабайдың шығармашылық кеші табысты өтті. Ағылшын тарихында Черчильден кейінгі орында тұратын атақты тұлға, Темза өзенін қазып туннель салған инженер – Брунельдің музейі (The Brunel Museum) сахнасында ән салған Мақпалды өнерсүйер қауым ыстық ықыласпен, құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2019

Таланттарды табыстыратын платформа

Киносүйер қауымды қуантқан Almaty Film Festival жақсы жаңалықтарымен жалғасын тапты. Енді кәсіби түсірілім тобын жинақтау барысындағы шығармашылық бірлестіктің жұмысы бұрынғыға қарағанда едәуір жеңілдейтін болады.

Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2019

Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» кітабы оқырманға жол тартты

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер-қаламгер, танымал түрколог Әділ Ахметовтің «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Ғасыр ғибраты» атты кітабының тұсаукесері өтті. Оқырманға тарту етіп отырған бұл туынды –қайраткер ғалымның танымдық әрі ғылыми-публицистикалық монографиясының толықтырылған екінші басылымы.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Қазақтың Қанышы

Қазақстан ғылымының өркен жайып өрлеуіне қажырлы қамқорлық жасаған алып тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында өткен «Қ.Сәтбаев – ғылым мен мәдениетіміздің ұлы тұлғасы» атты көрмеде академиктің өмірі мен қызмет жолының бел-белестері көрініс тапты.

Руханият • 12 Қыркүйек, 2019

Ханбок: дәстүрдің рухани емі

Корей халқының дәстүрлі ұлттық киім пішіні, үлгісі, түсі жағынан адамның белгілі бір текке жататынын аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар ел тарихы мен мәдениетінен зор хабар береді. Елбасы кітапханасының музейінде өткен «Ханбок: дәстүрдің рухани емі» атты корей ұлттық киімдер көрмесінде көне мұраның жаңғырған, жаңарған сипатына куә болдық.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2019

Ко Ын: Поэзия – тарих музыкасы

Корей ұлттық ақыны Ко Ынның поэ­зиясы­ ар­қы­лы корей тарихы­ мен қоғамының орасан зор мозайкасы өрілді. Демократия үшін белсенді қозғалыстың мүшесі болған ол халық ақы­ны ретінде әлемге кеңі­нен таныл­ған. Дауылпаз ақын­ның түрмеде ту­ған еңбегі «Манинбо» (Он мың­ өмір) жинағында 5500 адам­ның есімі жазыл­ған 4001 өлең бар. Азия елдері қалам­герлерінің тұңғыш форумына шақырылған Нобель сыйлығының номинантын аз-кем әңгімеге тарттық.