Кино • 19 Маусым, 2019
«Ойыншықтар хикаясы 4» көрерменге жол тартады
«Аладдин» ертегісін қызықтап бола бергенімізде, «Болашақ» корпоративтік қоры кішкентай көрермендерді қуантатын тағы бір жаңалығымен сүйіншілеп отыр. 20 маусым күні талайды таңғалдырған «Ойыншықтар хикаясы 4» анимациялық фильмінің жалпы тұсаукесері өтпек. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған отызыншы фильм.
Қазақстан • 14 Маусым, 2019
Руханият • 13 Маусым, 2019
Елордада «K-Chopsticks: Connection» атты тағамға арналған корей таяқшалары қолданбалы өнерінің көрмесі осы халықтың мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік берді.
Кино • 13 Маусым, 2019
Қара киімді құпия агент туралы америкалық ғылыми-фантастикалық комедия киноэкранға жол тартты. Жайшылықта «қара киімді» десе болды Уилл Смит пен Томми Ли Джонсқа (Джой мен Кейдің агенттері) үйреніскен болсақ, ендігі фильмде бұлар туралы бір сөз айтылмайды.
Әлем • 12 Маусым, 2019
Fashion-индустрия нарығы қалай дамуда?
Бүгінде киім-кешек нарығын Қытай, Түркия және Ресей елдері толтырып отыр. Қала берді Қырғыз Республикасы мен Өзбекстанның көйлек-көншегі де үсті-басымызды бүтіндеп отырғаны тағы рас. Осы орайда «ForteBank» алаңында отандық сән әлемінің жетекші сарапшылары Қазақстанның сән саласындағы трендтері мен мүмкіндіктерін, кенжелеп тұрған кей мәселелерін талқылады. Жергілікті дизайнерлер бизнес-үрдістерді зерттеуге көбірек ден қойылуы керектігін айтады.
Ахмет Байтұрсынұлы • 11 Маусым, 2019
Ахмет Байтұрсынұлы орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан қаласында «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақ білімпаздар съезінің 95 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
• 07 Маусым, 2019
Алмас Сырғабаев. Ұмытуға болмайды
Ұлттық музейде суретші-кескіндемеші Алмас Сырғабаевтың «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. XX ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған экспозиция жүрек түкпіріндегі ең бір аяулы сезімдерге қозғау салады.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
High-tech: Сұлулық индустриясындағы 5 үрдіс
Түрлі косметика брендтері соңғы технологиялық жетістіктерден қалыс қалар емес. Өзара қатаң бәсеке виртуалды шындықтан бастап, жасанды интеллектіге дейін әкелді. Бұл жанталас шынайы жанашырлық па, әлде кезекті назар аудартудың бір тәсілі ме?
Экология • 05 Маусым, 2019
Бір ғасыр бұрын ойлап табылған қағаз стақандар бүгінде таңсық емес. Кей жерде кең қолданыс тапса, кей елде енді өндіріске жол ашылып жатыр. Сапаргүл Рабаева Қазақстанда алғашқы болып қағаз стақандарды нарыққа шығара бастады. Мұндағы мақсат – табиғат-ананы аяусыз бүлдіріп, ластап жатқан пластик ыдыстарға аз да болса тосқауыл болу.
Кино • 31 Мамыр, 2019
Апта фильмі: «Годзилла 2: монстрлар патшасы»
Голливуд шеберлерінің бұл жолғы туындысында жалпы адамзат баласын, жер ғаламшарын құтқару идеясы салтанат құрыпты. «Годзилла 2: монстрлар патшасы» картинасы Қазақстан кинотеатрларында 30 мамырдан бастап көрсетіле бастады.