
• 23 Сәуір, 2019
ҚазАТУ-да Наурыз мейрамы тойланды
Жылдағы әдетінен жаңылмай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әз-Наурызды барлық сән-салатанатымен атап өтті. Биылғы мереке Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай орайластырып ұйымдастырылды.
• 22 Сәуір, 2019
ҚХА мемлекеттік тілді дамыту жобаларын талқылады
Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті. Шара аясында мемлекеттік тілді оқыту мен дамытуға, латын әліпбиіне көшуге бағытталған жобалар кеңінен таныстырылды.
Қоғам • 22 Сәуір, 2019
Елге оралған отандастарға көмек көрсету мақсатында байланыс-орталығы іске қосылады. «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойып, жаңа бір келелі істің басын қайырды.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
«Дала фольклорының антологиясы» жарыққа шықты
Qazaq радиосының «Алтын қорында» 70 жылдан астам уақыт сақталып келген ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті мен музыкалық фольклорының мол қоры жинақталып, қалың тыңдарманға жол тартты. «Дала фольклорының антологиясы» жинағын «Қазақстан» РТРК АҚ қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС шығарып отыр.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Президенттік институттың тарихымен таныстырады
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы экскурсия жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
• 18 Сәуір, 2019
Елордада музей мамандары бас қосты
Нұр-Сұлтан қаласында «Музей, музеология және мәдени мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталған мереке 1982 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекітіп берген.
Сайлау • 18 Сәуір, 2019
Саяси науқанға бір кісідей атсалысады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарына 2019 жылғы 9 маусымда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуінің негізгі ережелерін талқылау мақсатында Астана қаласы Суретшілер одағында дөңгелек үстел өтті.
• 16 Сәуір, 2019
Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 15-16 сәуірде журналистика мамандығы бойынша Респубикалық пәндік олимпиада өтуде. Бұл шара биыл XI рет ұйымдастырылып отыр.
Руханият • 13 Сәуір, 2019
Камиль Муллашев: Сүйімбике азаттық ескерткішіне айналады
Камиль Муллашев – гиперреализм жанрын Кеңес Одағына әкелген алғашқылардың бірі. Муллашев шығармалары күрделі стилистика мен жасырын сюжетпен ғана емес, философиялық шындықпен айшықталады. Таңдаулы жұмыстарының кейбірі Третьяков галереясында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі сынды орталықтарда сақтаулы. Өнерсүйер қауымға декоративтік мәнері айрықша «Сүйімбике», «Ғабдолла Тоқай», «Бозоқ аруы» сынды айтулы туындыларды тарту еткен суретшінің астанадағы шеберханасына арнайы барған едік. Бұл жолы Сүйімбике ханшаның бір емес, бірнеше мүсін эскизін қатарластыра тізіп, қашап жатыр екен.
Әлем • 11 Сәуір, 2019
Моңғол қызы түйемен әлемді шарлайды
Моңғол қызы әлемнің 12 елін түйемен аралап өтпекші. Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырдан сапарлап шыққан ол қоналқаға Алматыға келіп жетіп, түйелерін шөктіріп, тынығып жатыр.