Таным • 12 Наурыз, 2020
Жетілдірілген нұсқасы талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында ашық талқылау өтті.
Кино • 12 Наурыз, 2020
«Батырлар» отансүйгіштікке баулиды
Қан майданда жаудан жасқанбай, қарсыластан тайсалмай еліне қорған болған қазақ қаһармандарының өмір жолын арқау еткен – «Батырлар» тарихи картинасы қалың көрерменге жол тартты.
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Айжан Жүзбай: Киім еркіндігі үшін сана тәуелсіздігі керек
Айжан Жүзбай – 2016 жылы Қытай сән апталығына Орталық Азиядан қатысқан тұңғыш дизайнер. Пекин сән және технологиялар институтының түлегі, ZHUZBAY брендінің авторы бізге сән әлемінің соңғы жаңалықтары мен ендігі бет алысы, әлемді жаулаған қытай нарығының ерекшелігі турасында әңгімелеп берді. Оның қолынан шыққан безендіру жұмыстарында міндетті түрде күллі оюлардың атасы аталған өрнек – қошқар мүйіз көрініс тапқан. Бұл – молшылықтың, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Қазақ Ордасының төре таңбалы қызыл туы қайта көтеріліп, біртұтас, қуатты мемлекет ретінде қалпына келуі Абылай ханның есімімен байланысты. Бүгінде ақылды алаш азаматтары халқына аяусыз қызмет еткен асылзада ханын ұлықтап, алып монумент тұрғызбақ. Бұл елдің рухын көтерер, күрестің ерлік шежіресін еске түсірер батырлар салған жолды үлгі етер тарихи ескерткіш болатыны сөзсіз.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Махамбет Батырбаев: Адамды шыңдайтын еңбек
Биыл қазақ мұнайына 120 жыл толса, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы 55 жылға аяқ басып отыр. Саналы ғұмырын өндіріс алаңында кен игеруге арнаған мұнайшының бірі – Махамбет Батырбаев. «Өзенмұнайгаз» басқармасынан соң Теңізмұнай өндірістік бірлестігінің бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарғанда майталман мұнайшының өнегелі өмір жолын баян еткен әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.
Руханият • 14 Ақпан, 2020
Зира Наурызбаева: Күдік пен үміт арпалысқан күйдемін
Күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловтың өнер мен әдебиет жайындағы терең білімі Шығыс пен Батыс көзқарасын астастырса, Зира Наурызбаеваның түркі-қазақ мифологиясы турасындағы пайымдаулары мен этнографиялық зерттеулері замандастарының зор ынтасын туғызды. Бір шаңырақтағы қос қаламгердің шығармашылығы бірін-бірі даусыз толықтырып, суреткерлік талантын ұштай түскеніне куә боласыз. Осы орайда әдебиет пен мәдениет төңірегінде мәдениеттанушы, мифолог Зира НАУРЫЗБАЕВАМЕН сұхбаттасқан едік.
Әлем • 11 Ақпан, 2020
«Оскар» жеңімпаздары анықталды
Әйгілі Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының көптен күткен «Оскар» жүлдесін тапсыру салтанаты өтті. Оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның «Паразиттер» картинасы «Үздік фильм» номинациясы бойынша озық деп танылды. Ағылшын тілінен өзге тілдегі картинаның мұндай айтулы жүлдеге тұңғыш рет ие болуы да айрықша жаңалық болып отыр.
Руханият • 31 Қаңтар, 2020
Түркі әлемінде «Абай жылы» басталды
Түбі бір түркі жұрты Әзербайжан астанасы Бакуде Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысы өтті. Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер бас қосқан алқалы жиында академияның жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебі қорытындыланып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен Түркі әлемінің мерейлі даталар тізімі бекітілді.
Әлем • 31 Қаңтар, 2020
Бакуде Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің III отырысы өтті
Баку қаласында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысы өтті.
Абай • 29 Қаңтар, 2020
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Абай музейі және қолжазбалар әлемі» тақырыбында көрме ашылды. Көрме аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен меймандары үшін музей қорындағы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, домбырасы және ақынның 1885 жылы тарихи өлкетану музейіне өз қолымен тапсырған жәдігерлері таныстырылды.