Кино • 09 Қыркүйек, 2019
«Қаламгер» фильмі жарыққа шықты
«Хабар» агенттігінің тапсырысымен даярланған «Қаламгер» атты толықметражды фильм жарыққа шықты. Қазақ әдебиетінің Кеңес дәуіріндегі тынысын арқау еткен тарихи драма еліміздің кинотеатрларында 12 қыркүйектен бастап көрсетілмек.
Сұхбат • 16 Тамыз, 2019
Майра Қарсақбаева, продюсер: Ең басты инвестиция – білім мен тәжірибе
Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Әйгерім Тәжі: Ертең не күтіп тұрғаны өзіме де қызық
Әйгерім Тәжінің ерекше көзқарастағы бейнелі жырлары әдеби сыншылардың назарын бір сәтте жалт қаратты. Ақынның жырлары бірнеше тілге аударылып, әлем әдебиетіне үн қосып жатыр. Жуырда АҚШ-тың «Zephyr Press» баспасынан «Бумажная кожа/Paper-Thin Skin» атты жинағы орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. 2016 жылы аталған кітапты аударуға АҚШ-тың өнерді қолдауға бағытталған Ұлттық қорының арнайы екі еселенген гранты берілді. Қор құрылғалы бергі 50 жылда жеңімпаздардың арасында қазақстандық ақынның кітабы алғаш рет ілігіп отыр. Алматыда ақынның біз айтып отырған жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Ақынмен дидарласып, аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
Руханият • 07 Тамыз, 2019
Сан-Францисколық Ленни Моган спортты көркем өнерге айналдыра білген бірегей жан. Ол жүгіретін маршрутын алдын ала ойластырып, картаның көмегімен басып өткен жолын өнер туындысына айналдырады.
Руханият • 05 Тамыз, 2019
Қойнауы құпияға толы Шыңғыстаудың ішіндегі көп қыстаудың бірінде қайдан келгені белгісіз қой тастар жатыр. Жай жатқан жоқ, ептеп ұрып көрсеңіз шетінен ән салып қоя береді. Дәлірегі қоңыраудың сыңғырындай үн шығарады.
Қоғам • 26 Шілде, 2019
Қоқысты әшекейге айналдырған қыздар
Тамырын тереңнен тартатын қазақ зергерлік өнері – дәстүрлі дүниетаныммен мың жылдықтарды артқа тастап, байып отыратын қастерлі кәсіп. Сол зергерлік бұйымдарды заман талабына сай жаңашылдықпен қайта жаңғыртып жүрген жандар ортамызда. Саида мен Дина Ыбышевалар әшекей бұйымдарды қажетсіз полиэтилен пакеттерден жасап, кәдеге асырып отыр. Апалы-сіңлілер Алматыдағы жаңа эко-қозғалыс туралы, қоқыс пен пластикті іске асырудың жолдары туралы айтып берді.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Біреулерге күлкі, бәз біреулерге түрпі болып тиген Еркін Нұразханның шарж бен карикатура суреттерін салуда автордың азаматтық ұстанымы соны серпін сыйлады. Сұңғыла суреткер бедерлеген қатар жүрген құрдастары мен замандастарының юморлық бейнесі еріксіз езу тартқызса, қоғамның көлеңкелі жақтарын әжуа еткен графикалық суреттері өткен-кеткенді қозғайды.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Көркем шығарма оқудың пайдасы қандай?
Өнердің ішіндегі ең бір қастерлісі – көркем әдебиет. Бала күнімізден-ақ «көп оқу керек» дегенді құлағымызға құйып өсірді. Әдеби шығарма адамның бүкіл ойы мен қиялын баурап, биік қоғамдық идеяларға, арман-мұраттарға жетелейді деп жатамыз. Бірақ заманауи кейінгі зерттеулер мұны қаншалықты растайды? Құндылықтар алмасқан дәуірдегі ескірген сенім емес пе? Көркем әдебиет оқудың адамға пайдасы қандай?
Руханият • 17 Шілде, 2019
Димаштай дүлдүлдің жұлдызын жағып, бағын асырған Витебскіде өткен өнер бәйгесі тағы бір таланттың маңдайын жарқыратты. Халықаралық қазылар алқасын асқан орындау шеберлігі мен қуатты вокалымен таң-тамаша еткен отандасымыз Әділхан Макин «Витебскідегі Славян базары – 2019» XXVIII халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері атанды деген ақжолтай жаңалық алты алаштың қуанышы болды.
Руханият • 12 Шілде, 2019
Өмірге деген құлшыныстың, ішкі күштің түсі – қызыл түс, импрессионистік жағыстар – көрмеде қойылған композициялық құрылымы, бағыты жағынан бір-бірін қайталамайтын картиналардың ортақ ерекшелігі. «Амплитуда» шығармашылық тобының «Dauys» атты кезекті көрмесі өнерсүйер қауым үшін айқара ашық.