Медицина • 28 Мамыр, 2019
Сержан Әбдешов, акушер-гинеколог: Ана мен бала өміріне жауапты болу оңай емес
Елордадағы алғашқы перзентхана саналатын №3 Перинаталдық орталық 50 жылдан астам уақыт тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына орта есеппен 8200-дей бала жарық дүние есігін ашады. Сержан Әбдешовтің бұл перзентханада акушер-гинеколог болып жұмыс істеп жатқанына екі жылдан асқан. Біз стационардың күндізгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында перзентхананың бөлімшелерін аралай жүріп, Сержаннан осы салаға келу тарихын, жұмысының қиындығы мен қызықшылығы жөнінде сыр тарттық.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Букер сыйлығы Оман жазушысына бұйырды
2019 жылғы беделді халықаралық Букер сыйлығы (Man Booker International Prize) Оман жазушысы Джоха Альхартхиға (Jokha Alharthi) бұйырды. Аталған сыйлық жазушының «Аспан денелері» (Celestial Bodies) романы үшін беріліп отыр.
Руханият • 23 Мамыр, 2019
Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар легі жалғасуда. Осы орайда Мемлекет тарихы институты мен Сәкен Сейфуллин музейінің ұйымдастыруымен «Сәкен тағылымы және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті.
Руханият • 06 Мамыр, 2019
Елордада музей мамандары бас қосты
Нұр-Сұлтан қаласында «Музей, музеология және мәдени мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияны Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мен елордалық Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету дирекциясы ұйымдастырды.
• 23 Сәуір, 2019
ҚазАТУ-да Наурыз мейрамы тойланды
Жылдағы әдетінен жаңылмай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әз-Наурызды барлық сән-салатанатымен атап өтті. Биылғы мереке Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай орайластырып ұйымдастырылды.
• 22 Сәуір, 2019
ҚХА мемлекеттік тілді дамыту жобаларын талқылады
Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті. Шара аясында мемлекеттік тілді оқыту мен дамытуға, латын әліпбиіне көшуге бағытталған жобалар кеңінен таныстырылды.
Қоғам • 22 Сәуір, 2019
Елге оралған отандастарға көмек көрсету мақсатында байланыс-орталығы іске қосылады. «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойып, жаңа бір келелі істің басын қайырды.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
«Дала фольклорының антологиясы» жарыққа шықты
Qazaq радиосының «Алтын қорында» 70 жылдан астам уақыт сақталып келген ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті мен музыкалық фольклорының мол қоры жинақталып, қалың тыңдарманға жол тартты. «Дала фольклорының антологиясы» жинағын «Қазақстан» РТРК АҚ қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС шығарып отыр.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Президенттік институттың тарихымен таныстырады
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы экскурсия жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
• 18 Сәуір, 2019
Елордада музей мамандары бас қосты
Нұр-Сұлтан қаласында «Музей, музеология және мәдени мұра» тақырыбында халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталған мереке 1982 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекітіп берген.