Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Саяси науқанға бір кісідей атсалысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарына 2019 жылғы 9 маусымда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуінің негізгі ережелерін талқылау мақсатында Астана қаласы Суретшілер одағында дөңгелек үстел өтті.

16 Сәуір, 2019

Жүйріктер сынға түсті

Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 15-16 сәуірде журналистика мамандығы бойынша Респубикалық пәндік олимпиада өтуде. Бұл шара биыл XI рет ұйымдастырылып отыр.

Руханият • 13 Сәуір, 2019

Камиль Муллашев: Сүйімбике азаттық ескерткішіне айналады

Камиль Муллашев – гиперреализм жанрын Кеңес Одағына әкелген алғашқылардың бірі. Муллашев шығармалары күрделі стилистика мен жасырын сюжетпен ғана емес, философиялық шындықпен айшықталады. Таңдаулы жұмыстарының кейбірі Третьяков галереясында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі сынды орталықтарда сақтаулы. Өнерсүйер қауымға декоративтік мәнері айрықша «Сүйімбике», «Ғабдолла Тоқай», «Бозоқ аруы» сынды айтулы туындыларды тарту еткен суретшінің астанадағы шеберханасына арнайы барған едік. Бұл жолы Сүйімбике ханшаның бір емес, бірнеше мүсін эскизін қатарластыра тізіп, қашап жатыр екен.

Әлем • 11 Сәуір, 2019

Моңғол қызы түйемен әлемді шарлайды

Моңғол қызы әлемнің 12 елін түйемен аралап өтпекші. Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырдан сапарлап шыққан ол қоналқаға Алматыға келіп жетіп, түйелерін шөктіріп, тынығып жатыр.

Руханият • 09 Сәуір, 2019

Балуан Шолақ экранға шықты

Жастайынан ел назарына ілігіп, есімі шартарапқа жайылған қара күштің иесі Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмір жолын арқау еткен «Балуан Шолақ» тарихи кинолентасы жақын күндері көрерменге жол тартады. Бұл – жауырыны жерге тимеген балуан әрі ғаламат сазгер-әнші туралы түсіріліп отырған тұңғыш фильм.

Руханият • 04 Сәуір, 2019

Орталық Азия таланттарды іздейді

Ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Got Talent шоуы енді Орталық Азия елдерінің қатысуымен өтпек. «Central Asia’s Got Talent» (Орталық Азия таланттарды іздейді) телевизиялық жобасына іріктеу басталды. Таланттар шоуына қатысамын деушілерге қандай да бір шектеу жоқ, еңкейген кәріден естияр балаға дейін бақ сынай алады.

Руханият • 03 Сәуір, 2019

«JańgyryQ» тыңдарманға жол тартады

Мағынасыздық пен фальштан шаршаған бүгінгі тыңдарманға тыныштық пен күй керек. Ал дәл осы екеуі «JańgyryQ»-та тоғысады. Өйткені олардың үнінен қазақтың жаны мен дәуір шындығы естіледі. Заманауи қазақ музыка кеңістігінде тыңнан жол салып жүрген есімі көпке мәлім жұлдыздар «JańgyryQ» атты жаңа жоба ұсынып отыр.

Медицина • 08 Наурыз, 2019

Ер мінезді Еңлік

Қыздар араласпаған, қыздар меңгермеген мамандық кемде-кем. Еңлік Мырзабекова – Астанадағы әскери бронды техника жасайтын кәсіпорында конфигурация бойынша меңгеруші. 

Қазақстан • 08 Наурыз, 2019

Аспандағы Ардана

Қазақпен жауласқанды қынадай қыр­ған ұлдарымен қатар, қыздарының ерлігі де жаһанға жария. Әріде ат жалын тартып мінгені, беріде ұшақ тізгіндегені бар.   

Өнер • 05 Наурыз, 2019

Фотограф сыйлаған мәңгілік ғұмыр

Біз үнемі айта беріп жауыр қылған кие мен қасиет, обал мен сауап, мейірім мен махаббат бір ғана суреттің өн бойынан саулай төгіліпті. Құралайдың момақан ғана қалпына қараңызшы... өзін көктің де, жердің де иесі сезініп алшаңдай басқан адамзатқа қанағат пен рақымды ұқтырғысы келгендей жәудірей қарап қалыпты. Адам мен табиғаттың егіз ұғым екенін аңғартар осы бір тамылжыған замат Әлібек Ибраевтың объективіне ілінген сәт: киіктің лағын қос қолдай көтеріп тұрған қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің портреті жүректерді жылытқан картинаға айналды.