Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
248 материал табылды

Кино • 12 Наурыз, 2020

«Батырлар» отансүйгіштікке баулиды

Қан майданда жаудан жасқанбай, қарсыластан тайсалмай еліне қорған болған қазақ қаһармандарының өмір жолын арқау еткен – «Батырлар» тарихи картинасы қалың көрерменге жол тартты.

Руханият • 06 Наурыз, 2020

Айжан Жүзбай: Киім еркіндігі үшін сана тәуелсіздігі керек

Айжан Жүзбай – 2016 жылы Қытай сән апталығына Орталық Азия­дан қатысқан тұңғыш дизайнер. Пекин сән және техно­логиялар институтының түле­гі, ZHUZBAY брендінің авторы бізге сән әлемінің соңғы жа­ңа­лық­тары мен ендігі бет алысы, әлемді жау­лаған қытай нарығының ерекшелігі тура­сында әңгімелеп берді. Оның қолынан шыққан безен­ді­ру жұ­мыс­тарында міндетті түрде күллі оюлардың атасы атал­ған өрнек – қошқар мүйіз көрініс тапқан. Бұл – мол­шы­лықтың, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы.

Руханият • 02 Наурыз, 2020

Хан Абылай рухы асқақтайды

Қазақ Ордасының төре таңбалы қызыл туы қайта көтеріліп, біртұтас, қуатты мемлекет ретінде қалпына келуі Абылай ханның есімімен байланысты. Бүгінде ақылды алаш азаматтары халқына аяусыз қызмет еткен асылзада ханын ұлықтап, алып монумент тұрғызбақ. Бұл елдің рухын көтерер, күрестің ерлік шежіресін еске түсірер батырлар салған жолды үлгі етер тарихи ескерткіш болатыны сөзсіз.

Таным • 28 Ақпан, 2020

Махамбет Батырбаев: Адамды шыңдайтын еңбек

Биыл қазақ мұнайына 120 жыл толса, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы 55 жылға аяқ басып отыр. Саналы ғұмырын өндіріс алаңында кен игеруге арнаған мұнайшының бірі – Махамбет Батырбаев. «Өзенмұнайгаз» басқармасынан соң Теңізмұнай өндірістік бірлестігінің бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарғанда майталман мұнайшының өнегелі өмір жолын баян еткен әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.

Руханият • 14 Ақпан, 2020

Зира Наурызбаева: Күдік пен үміт арпалысқан күйдемін

Күйші, жазушы Таласбек Әсемқұловтың өнер мен әдебиет жайындағы терең білімі Шығыс пен Батыс көзқарасын астас­тырса, Зира Наурызбаеваның түркі-қазақ мифологиясы турасындағы пайымдаулары мен этнографиялық зерттеулері замандастарының зор ынтасын туғызды. Бір шаңырақтағы қос қаламгердің шығармашылығы бірін-бірі даусыз толықтырып, суреткерлік талантын ұштай түскеніне куә боласыз. Осы орайда әдебиет пен мәдениет төңірегінде мәдениеттанушы, мифолог Зира НАУРЫЗБАЕВАМЕН сұхбаттасқан едік.

Әлем • 11 Ақпан, 2020

«Оскар» жеңімпаздары анықталды

Әйгілі Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының көптен күткен «Оскар» жүлдесін тап­сыру салтанаты өтті. Оң­түс­тік­­кореялық режиссер Пон Чжун Хо­­ның «Па­разиттер» картинасы «Үз­дік фильм» номинация­сы бойын­ша озық деп танылды. Ағылшын ті­лі­нен өзге тілдегі картинаның мұ­н­да­й айтулы жүлдеге тұңғыш рет ие болуы да айрықша жа­ңалық болып отыр.

Руханият • 31 Қаңтар, 2020

Түркі әлемінде «Абай жылы» басталды

Түбі бір түркі жұрты Әзербайжан астанасы Бакуде Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысы өтті. Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер бас қосқан алқалы жиында академияның жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебі қорытындыланып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен Түркі әлемінің мерейлі даталар тізімі бекітілді.

Әлем • 31 Қаңтар, 2020

Бакуде Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің III отырысы өтті

Баку қаласында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысы өтті.

Абай • 29 Қаңтар, 2020

Хакім тұтынған жәдігерлер

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Абай музейі және қолжазбалар әлемі» тақырыбында көрме ашылды. Көрме аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен меймандары үшін музей қорындағы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, домбырасы және ақынның 1885 жылы тарихи өлкетану музейіне өз қолымен тапсырған жәдігерлері таныстырылды.

Руханият • 21 Қаңтар, 2020

Қазақы ас: дәстүр мен дәм

Ұлттық дәстүр мен жергілікті ерекшелік қарқынды күшейіп, қандай да бір ел туралы пікір қалыптастыруда қай кезде де ұлттық тағам ерекше маңызға ие. Сондықтан да болар, бүгінде сан алуан мәзірдегі тағамның түр-түрі заманауи мәдениеттің қызғылықты үрдістерінің біріне айналып үлгерді. Осы орайда әзірленуі былай тұрсын, атауының өзі ұмыт қала жаздаған кәделі әрі орны бөлек ұлттық тағамдарымыз туралы ас мәзірі жинақталып, қалың оқырманға жол тартуы көңіл қуантарлық іс болды.