Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
81 материал табылды

Театр • 05 Қаңтар, 2024

Патша көңілім, не дейсің?

Мемлекет басшысының Жарлығымен жыл соңында ғана Ұлттық мәртебе алып, мерейі тасыған Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық академиялық қазақ музыкалық драма театры ұжымы көрерменіне «Патша көңілім, не дейсің?» комедиясын тарту етті. Спектакльдің авторы – журналист-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуаныш Жиенбай, режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.

Тұлға • 02 Қаңтар, 2024

Әкемтеатрдың анасы

Сәбира Майқанова – мәңгі өлмес өнер иесі. Театрдың анасы атанған талантты тұлға. Талайды тамсантқан Толғанайымен-ақ өнерге қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен әлемдік деңгейдегі алып актриса. Ұлт мақтанышы. 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің он­күндігіне, М.Әуезов театры труппасының құрамында бір­неше халықаралық театр фестивальдеріне қатысып өнер құдіретін ел аймағында ғана емес, дүниежүзілік шеңберде мойындатқан сахна саңлағының ерен еңбегінің бүгінде театр шежіресінен алар орны айрықша.

Өнер • 02 Қаңтар, 2024

«Большая операның» жеңімпазы

«Астана опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев Ресейдің«Культура» арнасындағы кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті. Дарынды вокалист кәсіби қазылар алқасын таңғалдырып, телеарна көрермендерінің жүрегін жаулады.

Кино • 25 Желтоқсан, 2023

«Қожа» фильміне кейіпкерлер қалай таңдалды?

«Менің атым – Қожа». Атауын естігеннен-ақ көңіліңде бір жы­лы­лық ойнап сала бе­реді. Себебі бұл фильмде әрқай­сы­сымыздың балалығымыз, тәтті естелік­теріміз жатыр. Талай буын кө­рерменді тәрбиелеген сол тең­дессіз туынды – «Менің атым – Қожаның» түсірілгеніне биыл 60 жыл толыпты. 1963 жы­лы жарыққа шыққан фильм ре­жиссер Абдолла Қар­сақ­баевтың кинодағы тыр­на­қ­алды жұмысы ғана емес, шы­ғармашылығының ең табыс­ты жемісі де. Айтулы фильм ре­жиссерден бөлек, он­дағы ойнаған әрбір актердің жұл­дызын жақты. Жарты ғасыр­дан астам уақытты тарих қой­науына жіберіп те бүгін біз «Мен­ің атым – Қожа» туралы сөз қоз­ғап отырсақ, ол өлмес классика тудырған қос алыптың қай­таланбас суреткерлік қол­таң­басының құдіреті болса керек.

Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023

Қаламның «Құты»

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, бард, қоғам қай­рат­кері Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» кітабының танысты­рылымы өтті. Елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазу­шылар мен кітапсүйер қалың оқырманның басын қосқан рухани жиында өлең туралы өрелі әңгіме өрбіді.

Өнер • 19 Желтоқсан, 2023

Кенеп бетіндегі қарсылық

Өнерді өміршең, өзгелерден дара ететін оның астарындағы автордың ішкі «мені». Ал сол «мен» жеке адамның таным ауқымынан шығып, тұтас ұлттың, тіпті күллі адамзаттың арманына ұласқанда саф өнердің тынысы қайта ашылады.

Сұхбат • 16 Желтоқсан, 2023

Бақыт Қажыбаев: «Оян, қазақ» – уақыттың сұранысы

Актер Бақыт Қажыбаевты театрға баратын көзіқарақты көрермен жақсы біледі. Алайда оны бір-ақ сәтте күллі қазақ еліне мәшһүр еткен рөл – «Оян, қазақ» фильміндегі Міржақып Дулатов бейнесі. Көп ішінен бекзат болмысымен дараланатын өнер иесінің табиғатына да осы рөл дөп келгендей. Оны көрермен де лайықты бағалады. Осы жылдың басты жаңалығына айнал­ған фильмнің бас кейіпкері бүгінде елге танымал белді актерге айналды. Көптің көзайымы бол­ған Бақыт Қажыбаевтан сыр тартқан едік.

Кино • 15 Желтоқсан, 2023

Рухты көркем фильмдер

Қазақ киносының тарихы мен оның теориясын зерттеген марқұм ғалым, киносыншы Бауыржан Нөгербек: «Киноны ұлттық па деп сұрақ қоюдың өзі парадокс болып көрінеді. Өйткені әдебиет болсын, кино болсын – ол ұлттық болуға тиіс. Егер ондай сұрақ туындаса, онда оның ұлттық болмыс, бояуы жағынан проблемалары бар деген сөз», дейді.

Кино • 13 Желтоқсан, 2023

Шоқан тағдырын құшқан актер

Киноның көркі болған Сағи бейнесінің сағым-сағынышқа айналғанына да біраз жыл өтті. Бірақ оның фильмде сомдаған Шоқанын көріп, сұлу сұлбалы сырбаз жігіттің оттай жанған жанарына қарап-ақ жарты әлемді ұмытқандай боласың. «Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы – ұлтымыздың кемеңгер ұлы Шоқан өмірде дәл осындай-ақ болған шығар» деген сезім ұзақ әсерлендіретіні де рөлдің сәтті шыққандығынан болса керек. Мұндай кезде: «Актердің кейіпкер болмысына дендеп енгені соншалық, Шоқандай теңіз тұлғаның түпсіз терең иірімі Сағиды да өзімен бірге шексіз шыңырауына үйіріп әкетті ме екен...» деген тылсымы басым түсініксіздеу ойдың және дендейтіні бар... Қалай десек те, бұл – тағдыр. Уақыт-ағзам алақанындағы өмір-өрісі аққан жұлдыздай келте қайырылған қос таланттың тағдыры да бірін бірі айна қатесіз қайталағандай ма?..

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2023

Сұлу Сырдан – ару Астанаға: Қызылорда облысының мәдени күндері мәресіне жетті

Арқаға сағындырып жеткен аязды күндерге ақ күріштің отаны – Сыр өңірінен келген өнер тартуы шырай кіргізгендей. Ару қала Астанамыздың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қызыл­орда облысының мәдени күндері шын мәнінде өнердің мәдени мерекесіне ұласты. Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музы­калық драма театры әкелген Ш.Айтматовтың «Жәмилә» мен Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» қойылымдары, соны­мен қатар Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қызылорда облысы өнер шеберлерінің гала-концерті мен «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи танымдық көрме де мазмұнды іс-шараның мәнін аша түсті.