Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
325 материал табылды

Кино • 08 Тамыз, 2019

«Қап-қара адам» байқауға қатысады

Отандық кинорежиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» картинасы халықаралық кинобайқауда бақ сынамақ. Аталған туынды 2019 жылдың 20-28 қыркүйегі аралығында өтетін әлемдегі ең көне «А» класты кинофестивальдардың бірі – 67-ші San Sebastian International Film Festival жобасының негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.

Руханият • 08 Тамыз, 2019

«ArmandaStar» суретшілерге серпін сыйлады

Өткен жұмада бас шаһар төріндегі Ұлттық музейде жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ArmandaStar» топтық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Руханият • 02 Тамыз, 2019

Тыңдармандарға тамаша тарту

Апта соңы елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін тосынсый мен естен кетпес әсерге толы демалыс болмақ. 3 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің жазғы сахнасында отандық эстрада әншісі Қайрат Нұртас пен ресейлік «Голос.Дети» жобасының жеңімпазы, талантты жас орындаушы Ержан Максим тыңдармандарына тамаша музыка кешін тарту етеді.

Қоғам • 01 Тамыз, 2019

Елордада өзгеше карнавал өтеді

Тамыз айы елорда тұрғындары үшін таңғажайып карнавал шеруімен есте қалмақ. HPAIR Asia Conference-2019 халықаралық конференциясы ұйым­дас­тырушыларының ұйытқы болуымен бас шаһар төрінде I Carnival дәстүрлі мәдениет карнавалы және әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері қатысатын I Night кеші өтеді.

Руханият • 23 Шілде, 2019

«Арыстан патша» фильмі: Қазақша дубляждың қарышты қадамы

Балалық шағы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына дөп келген ұрпақ америкалық Disney киностудиясы түсірген әйгілі «Арыстан патша» мультфильмінің қызығы мен естен кетпес әсерін әлі күнге ұмыта қойған жоқ. Өйткені анимация жанрының үздік үлгісі саналатын бұл туынды тек көркемдік сапасымен ғана емес, мазмұндық мән, балдырған санасына сіңірер тәрбиелік тағылым тұрғысынан да өз құндылығын бір еліге бәсеңсітпей келеді.

Руханият • 09 Шілде, 2019

«Еуразия» жүлдесін отандық режиссер алды

Елорда тұрғындары мен қонақтары һәм күллі Еуразия кино кеңістігі бір апта бойы демін ішіне тартып күткен халықаралық кинофестиваль мәресіне жетті.

Руханият • 09 Шілде, 2019

Елордада Домбыра күні атап өтілді

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Хал­қымыздың бой­тұмарына айналған Қадыр ақынның осы бір әйгілі тіркесінен асырып ұлттық аспапқа дәл анықтама беру мүмкін емес шығар, сірә?!. Иә, домбыра – қа­зақтың жаны мен рухы. Бұған айрықша мән берген Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев домбыраның мәртебесін асқақтатып, өткен жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп ресми түрде бекіткен еді.

Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Ержан салған ән қандай!

Небәрі 12 жаста елорда төрінде жеке шығармашылық кешін өткізу кез келген балдырған үшін тек ертегілерде ғана болатын қиял-ғажайыптай көрінуі заңдылық. Бірақ шын армандап, сол жолда аянбай еңбек ете білген талант түбі тас жарады. Өнерлі өрен Ержан Максимнің ән әлеміндегі теңдессіз жетістігі соның дәлелі.

Руханият • 04 Маусым, 2019

«Аладдин» рекордтық көрсеткішке ие болды

Тура бір апта бұрын ғана Disney өнімі – есімі әлемге белгілі кинорежиссер Гай Ричи түсірген «Аладдин» киномюзиклінің қазақ тілінде көрермен қауымға жол тартқанын айтып сүйіншілеп едік. Енді, міне, айтулы туындының отандық кинопрокатта апталық көрсеткіш бойынша көш бастағаны жайлы жеткен жағымды жаңалық және қуантып отыр.

Руханият • 27 Мамыр, 2019

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Кезінде қай­таланбас үнімен Париж халқын таңдай қақтырған Әміре Қашаубаев құбылысы араға тура ғасыр уақыт салып Димаштың дара дауысы, Ержанның ерек үні болып ортамызға қайта оралғандай.