Токио Олимпиада
TOKYO2020 • 12 Тамыз, 2021
Дзюдо күресінен үлгі алатын елдер бар
Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошылар еді. 60 кило салмақта күш сынасқан Елдос Сметов бастапқы бәсекелерде түркиялық Мирхак Аққұс пен кореялық Ким Вон Жиді жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияның жұлдызы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Наохиса Такатоға есе жіберді. Есесіне одан кейін нидерландық Торнике Чакадуады шаң қаптырып, қола медальді мойнында жарқыратты. Қатарынан екі бірдей Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Елдосқа сол сәтте барша Алаш жұрты ақ алғысын жаудырды.
TOKYO2020 • 12 Тамыз, 2021
Токио-2020 Паралимпиадасына 25 қазақстандық спортшы қатысады
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI Жазғы паралимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Тамыз, 2021
Токио Олимпиадасынан дұрыс сабақ алу керек - Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 06 Тамыз, 2021
Токио-2020: Дәулет Ниязбеков қола үшін күреседі
Еркін күрестен 65 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне қатысады деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Мырзағали Айтжанов: Сәкен жеңілген жоқ!
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген арнайы сұхбатында төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Лопес – төрт дүркін Олимпиада чемпионы
Талай жылдан бері төрткүл дүние жұртшылығын теңдессіз өнерімен тамсандырып жүрген тұлғалардың барлығы дерлік Токиода алауы тұтанған XXXII жазғы Олимпия ойындарында бас қосты. Міне, сондай сүйегі асыл, рухы биік, шеберлік деңгейі шарықтау шегіне жетіп, атақ-даңқы алысқа тараған азаматтардың бірі – «Кубаның қара нары» атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес. Жапонияның бас шаһарында өтіп жатқан жарыста жер-жаһан жанкүйерлерінің назары дәп осы апайтөске ауғаны сөзсіз. Оның өзіндік себебі де бар.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
«Кемшіліктермен жұмыс жасаймыз»: Серік Сәпиев Токио Олимпиадасы туралы пікір білдірді
Токио Олимпиадасы ойындарынан соң спортшылар және оларды жаттықтырушы бапкерлердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Елена Потапенко семсерлесуден сегізінші орынға тұрақтады
Токио-2020 Олимпиадасында қазіргі бессайыс бәсекесі басталды. Бүгін қазақстандық спортшылар семсерлесуден сынға түсті деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай Токиодағы жарысын сәтті бастады
Бүгін Токио Олимпиадасында каратэден Қазақстан спортшылары сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
«Арманыма жете алмадым». Сәкен Бибосынов халықтан кешірім сұрады
Бокстан 52 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов жартылай финалдық жекпе-жектен соң журналистерге сұхбат берді деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарын аяқтады
Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев Токио Олимпиадасында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Токио Олимпиадасы: 5 тамызға арналған жарыс кестесі
ҰОК бүгін, 5 тамыз күні жарыс жолына қосылатын спортшылар кестесін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021
Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясы үшін қанша қаржы төледі?
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Олимпиада ойындарының трансляциясы үшін 6,250 миллион доллар төлегенін мәлімдеді, де жазады Egemen.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021
Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті
Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтағы ширек финал жекпе-жектері жалғасуда, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 01 Тамыз, 2021
Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасында үздік бестікке енді
Токио Олимпадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезең басталды. Бүгін еркін жаттығудан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021
Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиадада Черногориядан жеңілді
Су добынан Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасы ойындарында Черногория құрамасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 31 Шілде, 2021
Садақ атудан Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасын аяқтады
Бүгін, 31 шілде күні Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
«Күншығыс елінің» қоржынында қанша алтын медаль бар?
Жапония құрамасы Токиодағы ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Ольга Рыпакова: Халықтың ризашылығына ие болу мен үшін үлкен құрмет
Бүгін қазақстандық жеңіл атлетика ханшайымдары үшін Токио Олимпиада ойындары аяқталды. Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жарыстан кейін журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне көлік сыйлайды
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио-2020 Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер сыйлайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Токио-2020: 30 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде жеңіл атлетте бәсекесі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 30 Шілде, 2021
Токио-2020: Владислав Яковлев Олимпиаданың D финалын аяқтады
Ерлер арасындағы академиялық есу бойынша D финалы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Токио Олимпиадасында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады
Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасы: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы тағы жеңілді
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olymic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасында академиялық есуден жартылай финал аяқталды
Академиялық есуден қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Токио Олимпиадасының жартылай финалына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Токио-2020: Милад Карими спорттық гимнастикадан көпсайысты аяқтады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасындағы көпсайыс финалында бақ сынады деп жазады Olympic.kz.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиаданы аяқтады
Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 28 Шілде, 2021
«Қазақтың салмағы» кімге бұйырады?
Олимпиаданың төртінші жарыс күні де артта қалды. Үш күн бойы күніне бір-бір қоладан алып, «қолабек» атанған қазақстандықтардың арасынан «алтынбекті» алаңдап күтудеміз. Алтыннан дәмеленетін жөніміз де бар. Әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған таэквондошы Руслан Жапаров пен Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз және өзінің екінші Олимпиадасында бақ сынауға келген дзюдошы Дидар Хамза секілді спортшылар алтынға бастар жолды біледі деп сендік. Сөйтсек...
TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021
Талабы ерек Босқындар құрамасы
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Босқындар құрамасы да бақ сынауда. Отанындағы қиын жағдайларға байланысты туған елінен кетуге мәжбүр болған спортшылар биыл бөлек одақ құрып, өнер көрсетіп жатыр.