алматы
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024
Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне ескерткіш-бюст ашылды
2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024
Алматыда егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2024
Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 30 Қараша, 2024
Алматыда 676 апатты үй бұзылады
Алматыда 2030 жылға дейін кем дегенде 676 ескі және апатты үйлерді бұзу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қараша, 2024
Алматы автобустарында қалта ұрылары ұсталды
3 адамнан құралған топ қаланың қоғамдық көліктерінде қалта қағып, қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2024
Алматы облысындағы тұрғын үйде жарылыс болды
Іле ауданының Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасы тарсылдап, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 28 Қараша, 2024
ТЖМ баспасөз қызметі түнде жер сілкінісі болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Алматы маңында жеті жасар баланы автобус қағып кетті
Қайғылы оқиға «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 27 Қараша, 2024
Алматыда 100 жаңа автобус мектеп оқушыларын тегін тасымалдайды
Yutong маркалы жаңа автобустар барлық қауіпсіздік пен жайлылық стандарттарына сәйкес келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Алматы облысында Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырған жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты
Аталған соқтығысу салдарынан 6 жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2024
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді
Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Алматы тұрғыны автобуста әйелді соққыға жыққан
Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Қараша, 2024
Майдангер ғасырлық мерейтойын атап өтті
Екінші дүниежүзілік соғысының майдангері және еңбек ардагері, Алматының Медеу ауданының құрметті тұрғыны Виктор Карпович Изюмников өзінің 100-ге толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2024
Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды
Халықаралық деңгейдегі шара еліміздің Сауда және интеграция министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған өнімдер негізінен сауда желілері мен маркет-плейстерге арналған. Оған 20 елден 200-ге жуық түрлі шетелдік компания қатысып, өздері шығарған өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2024
Алматы облысында монша өртенді
23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жәпек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 23 Қараша, 2024
Алматыда жасөспірім тауға жалғыз шығып, адасып кеткен
Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері тауда қалып қойған 2008 жылы туған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
2023 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде жасанды интеллект алгоритмдері бар қауіпсіздіктің кешенді жүйесін енгізген болатын. Алматының оң тәжірибесін қабылдай отырып, бұл технология еліміздің басқа өңірлерінде де қолданысқа енгізіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Тұрақты болашақ-2024: биотехнология, экология, энергетика» атты халықаралық конференция өтті. Шара аясында Қазақстан-Германия-Қытай серіктестігі негізінде құрылған халықаралық қолданбалы микробиология зертханасының ашылу рәсімі өтті.
Туризм • 22 Қараша, 2024
Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты
Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың алғашқы 10 айында өңірге 1 млн 600 мың қонақ келген, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Алматы • 21 Қараша, 2024
Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушысына шетелге жолдама берді
Бүгін сағат 14:55-де Алматы халықаралық әуежайы өзінің рекордтық 10 миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Бұл – қала үшін тарихи оқиға, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2024
«Алдар көсе» фильмінің жаңа нұсқасы көрерменге жол тартады
Осы жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы қаласы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль отандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Шәкен Аймановтың есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 20 Қараша, 2024
Алматыда А.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әзиза Нұрмаханованың туғанына 100 жыл толуына орай «Биік парасат иесі» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
ҚазҰУ мамандары LLM тілдік моделін әзірлейді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай баспасөз турын өткізіп, бұқаралық коммуникация өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ер адам алаяқтарға «телефон станциясын» жалға берген
Алматыда киберполиция қызметкерлері арнайы операцияны сәтті өткізіп, оның барысында интернет алаяқтығы үшін шағын АТС ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі ашылды
«Атакент» іскерлік орталығында ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі, ХХІІ «Білім және мансап көрмесі» халықаралық көрмесі ашылды. Еліміздегі кітап ісін дамыту мен білімді насихаттайтын көрмелерде шетелдерден келген өкілдер, сала мамандары, жастар, студенттер осы рухани кеңістікте әртүрлі мәдени шараларға қатысып, пікір алмасып, кітап ісіне қатысты әлемдегі озық жетістіктерді талқылайтын болады.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Қыздар университетінде жаңа оқу ғимараты мен зертханалар ашылды
Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, пәнаралық ғылыми зертханалардың ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті
Алматыда орташа айлық жалақы 468 мың теңгені, ал республика бойынша 392,6 мың теңгені құрады. Еңбекақы номиналды түрде 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 20 Қараша, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Балуан Шолақ мәдениет және спорт сарайында өткен салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» сайтының тұсауы кесілді
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» уеб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтіп, сайт таныстырылымы аясында аттас фотокөрме қатар ашылып, жұртшылық назарына жоба дерекқорына кірген жан-жануарлардың тамаша фотосуреттері ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.