м
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Аида Балаева азаматтарға жеке қабылдау өткізді
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
«Қазақстан – қызғалдақтар мекені» анимациялық жобасы эфирге шығады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР АҚДМ қолдауымен «Balapan» телеарнасы «Қазақстан – қызғалдақтар мекені» атты анимациялық хикаяны жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Мемлекекеттік еңбек инспекторлары 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 321 кәсіпорнында 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Севара Нишанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бішкекте өткен дзюдодан Азия чемпионатында шымкенттік спортшы қола жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Севара Нишанбаева үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2021
Қажығұмар: Ол кім, қандай адам?
Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы елімізде басылғаннан кейін ол да біздің әдебиетіміздің бір биігі деп айта бастадық. «Әттең-ай, тағы бір ұмтылсақ, бұл жазушының әлемдік әдебиеттегі орнын да бекітіп алар ма едік» деген өкініш ішімізде жатқанын несіне жасырамыз? «Ақсақалдың қолына су құйғам, шапанын көтеріп жүргем» дейтін Алмас Ахметбекұлымен осы жөнінде біраз ой бөліскен едік. Кездесуімізге жазушының қазір Алматыда тұратын қызы Жайнар Қажығұмарқызы да келді. Мен алдымен қырық жыл өмірі қапаста өткен қаламгердің түр-сипаты мен жүріс-тұрысы қандай болғанын сұрадым.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Астана бір ай бойы – «қызыл аймақта»
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиялық ахуал жөніндегі кеңесте шектеу шаралары мен рейдтер белгілі нәтижеге қол жеткізе алмай отырғанын айтқан болатын. Мамандар мұның себебін халықтың шектеу шараларын сақтауға селқостығы мен кәсіпкерлердің жауапсыздығынан іздейді.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Есімханов Сұңғат Қуатұлы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Бас мүфти: Егде жастағылар ауыз бекітпес бұрын медициналық тексеруден өтуі тиіс
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 60-тан асқан адамдар ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 08 Сәуір, 2021
Президент қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсетуде - Асхат Аймағамбетов
Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтын және отандық QazVaс (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеген ғалымдарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат кездесіп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Сәуір, 2021
PaperLab зерттеуі: Сапалы білімге қол жеткізу бойынша Маңғыстау облысы ең соңғы орында
Маңғыстау облысы сапалы орта білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі бойынша рейтингіде соңғы орында. Нақтырақ айтқанда, ол білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетті. Сапалы білімге қол жеткізу бойынша ең қолайлы жағдай Павлодар облысында, деп хабарлайды Egemen.kz factcheck.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
Көкшетауда емдеу мекемесінің басшысы ұсталды
Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде «Авиценна» емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
Алматы ауыр машина зауыты қайта жаңғырады
«Алматы ауыр машина зауыты» АҚ басшылығы инвесторлармен және қала басшылығымен бірге зауытты Алматы қаласының орталығынан көшіріп, кәсіпорынның бұрынғы аумағын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2021
СІМ: Ресеймен екі арада шешілмеген мәселелер жоқ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөздер өткізді.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2021
ІІМ елорда тұрғындарын алаңдататын мәселелерді анықтады
Полицияның сервистік моделіне көшу шеңберінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жергілікті полиция қызметінің жұмысын талдап, әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Өзін қорғамақ болған: Шамалғанда 54 жастағы әйел күйеуін өлтірді
Шамалғанда 57 жастағы тұрғынның мәйіті өз үйінен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев таратқан хабарға сілтеме жасап.
Елорда • 08 Сәуір, 2021
Санитарлық дәрігер Рамазан айына қатысты үндеу жасады
Елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 08 Сәуір, 2021
Сенаторлар туризмді дамытуға тың серпін беретін заң қабылдады
Енді туристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылады. Ондай жерлерге ерекше қарқынмен дамып келе жатқан және туристификация картасында республикалық деңгейдегі нысандар тізіміне енгізілген арнайы аймақтар жатады. Мұндай жаңа норма бүгін сенаторлар қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Сәуір, 2021
Армия палуандары жастар ойындарында сәтті нәтижелер көрсетті
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары Талдықорғанда өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен V Жастар ойындарында жоғары нәтижелерге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2021
Биыл көпбалалы отбасыларға 69,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы наурызда жәрдемақының бұл түрін 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Пневмониядан бір тәулікте 5 адам қайтыс болды
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Алматының Медеу ауданында көшкін жүрді
Алматы қаласының Медеу ауданында көшкін жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Алматы облысында көпбалалы ана 14-ші сәбиін өмірге әкелді
Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында көпбалалы «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 07 Сәуір, 2021
Алексей Цой: Вакцина жеткізу бойынша проблемалар бар
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналауға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
«Шымкент жастар лигасы» бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді
Шымкентте жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл алғаш рет қала әкімінің кубогі үшін спорттық сайыс ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Атырауда халықаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды
Атырау қаласы аумағында 17-18 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы аясында халықаралық іздеуде жүрген үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Бейнебақылау камералары балаларға қатысты бұзушылықтарды жедел анықтайды
Білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатқаннан кейін балаларға қатысты жасалған бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені мәселелеріне қатысты кеңейтілген кеңес өтті
Кездесу барысында Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен ынтымақтастық, бақылау және сапа мәселелері талқыланып, шығарылатын өнімді әр тараптандыру туралы ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 07 Сәуір, 2021
Айжан Сқақова: Ғылымның деңгейі құлдырап барады
ХП фракциясының мүшесі Айжан Сқақова өзінің депутаттық сауалында қазақстандық ғылым Парагвай мен Камбоджадағы ғылым секілді қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz