Ай
Ауа райы • 18 Желтоқсан, 2024
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облысындағы республикалық жолдардың учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 18 Желтоқсан, 2024
Елімізде зәйтүн майын өндіру зауыты іске қосылады
2023 жылы отандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Үшарал-Достық автожолында 136 адам құтқарылды
Жетісу облысында ауа райы күрт нашарлап, қатты боран, бұрқасын, нөлдік көрінуге байланысты бірнеше төтенше жағдай тіркелген. ТЖМ құтқарушылары өткен тәулікте қар құрсауында қалған көліктерден 136-дан астам адамды жедел эвакуациялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
Алматыдағы «Сайран» автовокзалы мемлекетке қайтарылуы мүмкін
Бұл туралы облыс әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Желтоқсан, 2024
Алдағы күндері елімізде аяз күшейеді
«Қазгидромет» синоптиктері 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
«Елай» есімді ит бір жылда 72 қылмыс ашты
Жақында Шымкент-Самара күре жолының Жаңақорған ауданы тұсындағы «Шеп» бекетіне кезекшілікке түскен ПД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция лейтенанты Азамат Пазылов күдік тудырған «Тойота» автокөлігін тоқтатады. Көлікті тексеру кезінде «Елай» қызметтік-іздестіру иті жүк салғыштан мұқият жасырылған күдікті заттар тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған 53 жүргізушіге айыппұл салынды
1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық жүргізушілер қысқы дөңгелектермен жүруге міндетті. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қыста жазғы дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынады және ереже бұзғаны үшін 2024 жылы 18 460 теңгені құрайтын 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Желтоқсан, 2024
Жайық өзеніне 300 мың балық шабағы жіберілді
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Отандық өнімдердің экспорты артты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Оның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру ісі де бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2024
Президент Эмманюэль Макронға көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті - министр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанның 2024 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қорытындылары туралы баяндады. Мәселен, биылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2024
Еліміздің экономикалық өсімі 4,4%-ды құрады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында Қазақстанның 2024 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қорытындылары туралы баяндады. Еліміздің экономикалық өсімі 4,4%-ды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 17 Желтоқсан, 2024
Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді
Қытайда ақша жымқырып, пара алғаны дәлелденген шенеунік Ли Цзяньпинге қатысты өлім жазасы туралы сот үкімі орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Желтоқсан, 2024
Бұрқасын, қар, аяз: Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» баспасөз қызметі сейсенбі, 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Желтоқсан, 2024
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Қостанай облысында тас жолдың бірінде жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
Ауа райы • 16 Желтоқсан, 2024
Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Желтоқсан, 2024
Қостанай облысында автокөлік қозғалысы шектелді
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелгені туралы жедел ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Денсаулық • 15 Желтоқсан, 2024
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Шай - әлемдегі ең танымал сусындардың бірі. Оны таңертең де, түсте де, кеште де ішіп жатады және көп адам шайды тамақпен бірге ішкенді ұнатады. Дегенмен дәрігерлер бұл әдеттің зияны да көп екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 15 Желтоқсан, 2024
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
Бүгін 15 желтоқсанда Алматы облысы Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2024
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды
Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2024
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Павлодар облысында «Майқайың алтын» АҚ аумағында жұмысшы қаза тапты. Өлім жағдайлары мен себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2024
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Семей қаласында кемеңгер ойшыл, аса дарынды ақын, аудармашы, композитор, хакім Абайдың інісі әрі ақындық өнер мектебінің ірісі Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 14 Желтоқсан, 2024
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Биыл Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге орай, еліміздегі өзге де табиғи парктермен қатар, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кіру тәртібі де өзгеріп, жаңа тариф енгізілді.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2024
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК елімізде ауа райының күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2024
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Бурабайдағы Мультимедиялық интерактивті кешенге жарты жылда 7 мыңнан астам адам барған.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2024
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 14 желтоқсанда еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2024
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорданың «Байқоңыр» ауданында қыс қызығын айшықтайтын қысқы сырғанау алаңдары іске қосылып жатыр. Сырғанау маусымының сәнін келтіретін 800 метр шаршы алаңды құрайтын мұз айдыны «Жастар» сарайы аумағында тұрғындардың игілігіне табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 47 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 38-і ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы да айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.