П
Ғылым • 29 Қараша, 2023
Университеттер ынтымақтастығы: Су құрамы зерттеліп жатыр
М.Дулати атындағы Тараз университетіне АҚШ-тың Линкольн қаласындағы Небраска университетінің профессоры, Су ғылымдары зертханасының директоры Дэниел Дэвидсон Сноу шақырылған. АҚШ профессоры М.Дулати университеті ғалымдарымен бірлескен жобалар шеңберінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қараша, 2023
«Қазпошта» қызметкерлері 270 млн теңгеден астам ақша ұрлаған
«Қазпошта» АҚ ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып жатыр. Шара аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған, деп жазады Egemen.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қараша, 2023
Қарағандыда автобус апатқа ұшырап, 7 адам жарақат алды
Кеше Қарағандыда №56 және №44 автобустар бір-бірімен соқтысып қалған, салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Күміс жас» жобасы: 3,2 мыңнан астам адам тегін курстардан өтті
«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан Қазақстан азаматтары жаңа дағдыларды игеріп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік алды. Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылып, оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді. Оның 3,2 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Гран-при додасына жалғыз спортшы барады
2-3 желтоқсан күндері Ұлыбританияның Манчестер қаласында таэквондодан әлемдік Гран-придің финалдық додасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сүйеніп.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 29 Қараша, 2023
Астана 2035 жылға қарай қалай өзгереді?
Елордалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары туралы» жобасын Ашық НҚА порталына орналастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Келініңіз көлік апатына ұшырады». Зейнеткердің қомақты қаржысын алып кеткен алаяқ ұсталды
Көкшетаулық полицейлер зейнеткерді алдап, қомақты қаражатын қолды еткен дропперді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағытта қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Таэквондодан VI жазғы Спартакиада өтеді
Таэквондодан желтоқсанның 2-4 күндері аралығында Астанада еліміздің VI жазғы Спартакиадасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Ауыр атлетикада 43 спортшы допинг дауына шатылды – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ауыр атлетика федерациясының басшылығы және бапкерлер құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы жетістігін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысқанын айтты, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы достас Албания халқына құт-береке тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 28 Қараша, 2023
Мәулен Әшімбаев Того Президентімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен кездесті. Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын дамыту және парламентаралық қарым-қатынасты кеңейту мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Қазақстанда тыйым салынған автонөмірлер жарияланды
Ішкі істер министрлігі сөйлеу мәдениетіне жат 106 әріп комбинациясын автокөлік нөміріне таңдаудан алынғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2023
Того Президенті: Қазақстаннан астық жеткізудің мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте Гнассингбе Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше ықыласты екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2023
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Автобусты басып алған лаңкестерге қарсы «Набат» операциясын басқарған қазақ
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары дүйім жұрттың назарын өзіне аударған «Набат» антитеррорлық операциясын кім басқарғанын білесіздер ме? Қаншама адамның өмірін қаруланған қылмыскерлердің бұғауынан арашалап қалған ержүрек сардар кім? Бұл сәтті аяқталған операция бүгінгі күнге дейін қарсы барлаудың отандық үлгісі ретінде жас офицерлер буынына оқытылып келеді. Осы және басқа да сауалымыздың жауабын іздеп біз әскер және қоғам қайраткері, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері генерал-майор Михаил Юсупович Дәуеновтың өмірімен жақынырақ таныса түссек.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Кикбоксингтен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 22 медаль олжалады
Португалияның Албуфейра қаласында 70 елден 573 спортшы қатысуымен кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында фулл-контакт, лоу-кик, К1, кик-лайт аталатын төрт бөлім бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Көшпенділер ойынына дайындық талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті. Басқосуда келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 28 Қараша, 2023
Мектеп ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
Мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру туралы ТМД елдерінің Бішкек қаласында өткен бірінші халықаралық форумында қатысушылар пікір алмасты. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстан мектептерінің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Қараша, 2023
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2023
Автобус пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам жарақат алды
Кеше Қызылорда облысында автобус пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам жарақат алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Жаңа жылдан бастап бірқатар көлікке жаңа белгі қою талап етіледі
Газ баллоны арқылы жүретін темір тұлпар иелері енді көліктеріне жаңа белгі жабыстыруы қажет. Бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 27 Қараша, 2023
Ақжол Герой «Ел қорғаны» медалімен марапатталды
Ақжол Геройға аталған награданы қорғаныс ведомствосы басшысының атынан десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыс етті. Іс-шараға десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, А.Геройдың ата-анасы және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
«Тәңір көрпесі»: Ақтау аспанында ерекше бұлт массасы пайда болды
Бүгін Ақтау аспанында айрықша бұлт пайда болды. Бұлттар қала төбесінен едәуір жақын көрініп, тұрғындарды таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Гандболдан әлем чемпионаты: Ел құрамасы қарсыластарымен қашан кездеседі?
Қарашаның 29-ы – желтоқсанның 7-сі күндері аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өтетін гандболдан әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Инновация • 27 Қараша, 2023
Пойыз бен ұшаққа бірдей жарамды билет әзірленді
United Airlines серіктесі Lufthansa Group және Deutsche Bahn компанияларымен бірге бірыңғай билет ұсынды. Билет Германияда әуе рейстері мен теміржол арқылы саяхат жасауға бірдей жарамды, деп хабарлайды Egemen.kz Travel + Leisure порталына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Желіде танымал сусындардың атауына қатысты жалған ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Pepsi және Coca-Cola сусындарының атауларының мағынасы түсіндірілген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Павлодар облысындағы нысандарды қалпына келтіру қашан аяқталады?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов дауылды желдің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.