м
Саясат • 05 Қыркүйек, 2020
Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына "Достық" ордені табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Елші Дәурен Кәріпов стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің (ҚГІК) бұрынғы тең төрағасы, бұған дейін "Deutsche Bank" АҚ-ның бас атқарушы директорының лауазымын атқарған Петер Тильске 1-дәрежелі "Достық" орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2020
Қарулы Күштердің офицері ультрамарафон бойынша жаңа рекорд орнатты
Қарағанды гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің офицері аға лейтенант Заңғар Әлкенов "Қарағанды-Жаңаарқа" бағыты бойынша 200 шықырым қашықтыққа ультрамарафонды аяқтады. Жүгірісін 35 сағат 11 минут 52 секунтта аяқтап, ҚР Қарулы Күштері офицерлерінің арасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020
Әбілқайыр Сқақов Павлодардың мәдениет және қосымша білім беру мекемелеріне барды
Павлодар облысының әкімі музыкалық колледжді, дарынды балаларға арналған музыка мектебін, Шафердің музей үйін, сондай-ақ Катаев атындағы оқушылар сарайын аралады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2020
Нью-Йоркте Шәмші Қалдаяковтың әнін қазақ қызы қобызбен орындады
Нью-Йоркте қазақ қызы Шәмшінің әнін қобызбен орындады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 05 Қыркүйек, 2020
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Елордада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан және Алматы облыстары әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2020
Америкада Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтілді
Америкалық беделді бейбітшілік және ядролық қарусыздану жөніндегі "Arms Control Association" үкіметтік емес ұйымы "Center for Policy Research" (SUNY-Albany) зерттеу орталығымен бірлесіп, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай арнайы виртуалды брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда пневмониямен 397 адам ауырып, 5 адам көз жұмды
2020 жылдың 5 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020
Алматыда отбасы апталығы өтеді
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталығы" КММ "Бақытты отбасы" көпбалалы отбасылар орталығы, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі Алматы аудандық полиция бөлімшелерінің Басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы Отбасы күні аясында 7–11 қыркүйек аралығында "Өмірде ең қымбат нәрсе – отбасы" апталығын жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 99 мыңнан асты
Елімізде өткен тәулікте 433 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2020
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Шымкентте заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға жазылған шаһардың тұрғындары өздерін мазалайтын мәселелерін ортаға салды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
"Жас ғалым" ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды
Бұл туралы "Jas Otan" ЖҚ 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасын талқылау мақсатында өткізілген бейнеконференцияда мәлім болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
ИИДМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өтті
ИИДМ-де "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Қыркүйек, 2020
Елордадағы екі базарға ірі көлемде айыппұл салынады
Нұр-Сұлтандағы "Шапағат" және "Әлем" сауда нысандарының әкімшілігіне ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 04 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді - Бағдат Қожахметов
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 04 Қыркүйек, 2020
"Balapan" арнасының анимациялық жобалары АҚШ-та көрсетіледі
Алдағы уақытта "Balapan" арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Бұл туралы "Balapan" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай Facebook парақшасында жазды.
Коронавирус • 04 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда 2,5 миллионнан астам ПТР-сынақ жасалған
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа ПТР-сынақ әдісімен 2,5 миллионнан астам зертханалық зерттеу жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда дәрілік заттар шығаратын 33 өндіріс орны бар
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Қыркүйек, 2020
Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік басқарудағы олқы тұстар белгілі болды
Мәулен Әшімбаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында пандемиямен күрес кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесінде қандай мәселелер бар екені белгілі болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қыркүйек, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 04 Қыркүйек, 2020
Мәулен Әшімбаев қос палаталы Парламенттің қажеттігі туралы айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қос палаталы заң шығару органының қажеттігі назар аударып, партиялық мүдделер мен өңірлердің өкілеттігі Парламентте теңесетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Шымкенттегі "Жұлдыз" индустриалды аймағында 8 000 жұмыс орны ашылады
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
Президенттің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауын зиялы қауым өкілдерімен талқылау барысында Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев Зиялы қауымның жаңа кезеңдегі жаңа миссиясына тоқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Қазығұртта 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" шеңберінде 8 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 471 070 мың теңге қаралған. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында 118 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2020
ШОБ-ты қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді - Ә. Смайылов
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында а.ж. қыркүйекте Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру шаралары туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Криминалистер саусақ іздерінен 95 қылмысты дәлелдеді
Петропавл қаласының Полиция басқармасында 18 криминалист жұмыс істейді. Олар қылмыс орнында қалған саусақ, аяқ киім, көлік, бұзу құралдарының биологиялық іздерін алып, дәлелдемелер базасын толықтырып қылмыскердің жауапқа тартылуына мүмкіндік тудырады. Жыл басынан бері криминалистер оқиға орындарын қарауға 1200 рет қатысып, 2600-ден астам криминалистикалық зерттеулер жүргізген. Соның нәтижесінде 95 күдікті анықталып, жәбірленушілер және куәгерлермен "Образ++" базасы бойынша 100-ден аса адам танылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 04 Қыркүйек, 2020
Қырымбек Көшербаев: Абай аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек "толық адамның" қоғамы
Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесуде "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басты міндеттерге тоқтала келе Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев Жолдаудан туындайтын ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы ұлы миссияда бірлесіп атқаратын бағыттар бойынша ой-пікірін ортаға салды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады.
Парламент • 04 Қыркүйек, 2020
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.