Қар
Үкімет • 10 Маусым, 2020
А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 10 Маусым, 2020
Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Қызылорда облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Шаврова Елена Николаевна Қызылорда облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 10 Маусым, 2020
Ұлттық банк теңге неге нығайғанын түсіндірді
Бүгін Ұлттық банкте өткен онлайн жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова наурыздағы дағдарыс, сәуірдегі дүрбелең және мамыр айындағы бетбұрыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Қарағандылық дәрігер дертті қалай жеңгенін айтып берді
Кеншілер астанасындағы балалар ауруханасында реаниматологиялық бөлімнің меңгерушісі болып қызмет ететін Елизавета Кальмбах "жаман тұмау" жұқтырып, стационарлық ауруханаға жатқызылған болатын.
Әлем • 10 Маусым, 2020
Ресей Федерациясы Якутия елінің 42 жастағы тұрғыны Игор деген азаматты тайганың қандыауыз қоңыр аюы талап, бірақ ол ғайыптан аман қалды, - деп жазады Egemen.kz
Парламент • 10 Маусым, 2020
Республикалық бюджетке 900 млрд теңгеден аса кіріс түскен
Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6% орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түйенің құрғақ сүті Қытайға жөнелтілді
Бәрі де Мемлекет басшысының 2019 жылы Қытайға барған жұмыс сапарынан басталған еді. Сол сапар аясында Қазақстаннан аспан асты еліне сүт өнімдерін экспорттау жөніндегі хаттамаға да қол қойылған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Дипломның шынайылығын тексеретін қызмет іске қосылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрі Асқар Жұмағалиев бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыс берушінің дипломның шынайылығын онлайн тексеруі үшін дипломдарды цифрландыруды ұсынғанын, жыл соңына дейін дипломның шынайылығын тексеретін сервисті іске қосу жоспарланғанын жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 09 Маусым, 2020
Қарағандыда 41 адам коронавирус қармағына ілікті
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 41 адамның COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Президент • 09 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қарағанды облысында жеделдетілген топтың жұмысы бастан асады
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 2020 жылдың 8 маусымына дейінгі жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, өңірде 100 балабақшада кезекші топтар ашылды және 12 түзету бөлмесі жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Маусым, 2020
Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артты
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің ауыл шаруашылығы дамуының қорытындылары туралы баяндады, - деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Қарағандыда әйгілі бапкерге құрмет көрсетілді
Кеншілер астанасында тұратын аты аңызға айналған тәлімгер, КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Леонид Рахымжанұлы Тілеубаев 70 жасқа толды. Карантин шектемегенде бокстың жілігін шағып, майын ішкен майталман маманның мерейтойы кеңінен аталып өтер еді...
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Даулат Ешкеев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Атырау: Әкім түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйлады
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітірген түлектердің бір тобымен кездесті. Кездесуге 20-дан астам түлектің кейбірі Атырау қаласында, аудандар мен ауылдардағы мектептерде білім алған. Кейбірі кездесуге онлайн режимде қосылды. Түлектердің дені –әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім түлектер. Барлығы да әр салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орыннан көрінген жас дарындар.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: Осакаров ауданында – оң өзгерістер
Осакаров ауданында 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынатын жобаларға 1 миллиард 562 миллион 718 мың теңге бөлінген. Басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу. Мысалы, 36 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру бағытында 364 жұмыс орнын ашу көзделген.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: 33 адамнан COVID-19 анықталды
Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 33 адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2020
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамыр айының қорытындысын талқылады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаменті «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп онлайн кеңес өткізді. Кеңеске өңірлік департаменттер мен жобалық кеңселердің басшылары қатысты, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Үкімет • 06 Маусым, 2020
Экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Мамин Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Петропавлда есірткі жасау үшін кендірмай өсірген азамат ұсталды
Петропавл қаласының «Заречный» кентінде тұратын 48 жастағы тұрғынының бақшасында 400-ден астам түп кендірмай өсіп тұрғаны анықталды. Оны қала полициясы «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында тапты.