орда
Елорда • 22 Қазан, 2020
Елордадағы 12 үй толыққанды тұрғын үй кешеніне айналып келеді
"Баспана Көктал" көппәтерлі тұрғын үй кешені "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 21 Қазан, 2020
Елордалық полиция жолдағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жол бойындағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Кезекті отырыста көп мәселе айтылды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық департамент және басқарма басшылары, сондай-ақ, селекторлық байланыс арқылы аудан әкімдері қатысты. Отырыста 2020-2021 жылдардағы ықтимал су тасқынының алдын алу, облыс аумағындағы эпизоотиялық ахуал мен облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдағы атқарылатын шаралар туралы айтылды.
Елорда • 20 Қазан, 2020
Елордадағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 20 Қазан, 2020
Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібінің өзекті мәселелерін зерделеді
Депутаттар елордада орналасқан қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қазан, 2020
Қармақшы ауданында Құтқарушылар күніне орай шара өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев сала қызметкерлерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарының бірқатар өкілдеріне марапат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 19 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы бір авиажолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға Мысырдан келген жолаушы инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Қазан, 2020
Назарбаев Университетінің студенттік оркестрі онлайн-концерттер өткізуде
Пандемия кезінде карантинге байланысты концерт өткізу мүмкін болмағандықтан, NU Orchestra студенттер музыкалық тобының мүшелері бір-бірінен жүздеген шақырым қашықтықта музыкалық қойылымдар түсіруде. Әр музыкант шығармадан өз бөлігін ойнайды, содан кейін олардың орындаулары бір үйлесімді композицияға біріктіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 16 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 138 млн теңге айыппұл салынды
Елордада шектеу шараларын бұзғандарға 138 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қазан, 2020
Елордадағы стационар 1400-ден астам әуе жолаушысын қабылдады
6 қазаннан бастап бүгінге дейін "Рамада Плаза" қонақ үйіндегі карантин стационары 64 рейстен әуе жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Ақ орамалды аналар акциясы өтті
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде "Бойтұмар-Ханым" қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі" акциясы болып өтті. Акцияға "Бастаңғы" әжелер ансамблі, этномәдени бірлестіктің мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Полицейлерге еріктілер көмектеседі
Осы жылдың 9 айында Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 41 тұрғыннан азаматтардың хабар-ошарсыз кету деректері бойынша арыз келіп түскен. Олардың ішінде, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында 36 азамат анықталып, отбасыларына оралды.
Аймақтар • 15 Қазан, 2020
Қызылорда облысының әкімі әр салаға нақты тапсырма берді
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 15 Қазан, 2020
Елордалық 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елорданың 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады. Үстемеақы 0,9 млрд теңгеден аса соманы құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Қазан, 2020
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қаралуда
Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау аяқталды. Нәтижесінде, кезек күту тізімінен елорда әкімдігінің тұрғын үй қорына 4635 өтініш түсті.
Елорда • 14 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдегі өрттен 3 бала құтқарылды
Бүгін, 14 қазанда 101 пультіне Сарыарқа көшесіндегі 11-үйдің 7-қабаттындағы балконнан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 14 Қазан, 2020
Жетіген көшесіндегі учаске 18 қазанға дейін толығымен жабылды
Жол жұмыстарына байланысты 14-18 қазан аралығында Жетіген көшесінде Пушкин көшесінен Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толығымен тоқтату жоспарланған.
Елорда • 13 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді
Қалалық штаб отырысында елордада бірқатар қосымша шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Қызылорда облысында техникалық реттеу саласының 70 маманы біліктілігін арттырды
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК жыл сайын өтеусіз негізде техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында оқыту жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 13 Қазан, 2020
"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады
Бас шаһардағы "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 13 Қазан, 2020
Елордада әлеуметтік пәтерлер берілді
Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған 900-ден астам салымшы көптен күткен пәтерлерін алды. Биыл жеңілдетілген тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 13 Қазан, 2020
Елорда әкімі "Астана ақшамы" газетін мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана ақшамы" басылымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушыларға айыппұл салынды
Елордада шағын және орта бизнес субьектілеріне күнделікті рейд жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанға Мәскеуден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Қазан, 2020
Елордада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясы өтті
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясы "Салауатты Астана" ЖШС базасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қазан, 2020
Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді
Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері театрландырылған қойылымдарды, экскурсиялар мен елорданың мәдени мекемелеріндегі онлайн кездесулерді тамашалай алады. Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.
Елорда • 09 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін?
Елордада карантин шараларын қадағалау күшейтілуде. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңес барысында айтылды. Талаптарға сәйкес келмеген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 09 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда құдық қақпақтары ұрланған жағдайда оларды датчиктер анықтай алады
Құдықтардағы қақпақтар ұрланбас үшін елорда әкімдігі тестілік режімде қақпақтардың ашылуын ғана емес, олардың онлайн режімінде қозғалуын да тіркейтін датчиктердің жұмысын зерттеп жатыр. Осындай смарт датчиктер нөсер кәріздерінің бірқатар құдықтарына орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Елордалық мектептер жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады
Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мектептерінде 4 752 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.