ұл
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
23 жылда Нұр-Сұлтан халқы үш есе өсті
Жиырма жылдан астам уақыт ішінде қала көптеген әлем астаналарын, соның ішінде Вашингтонды басып озып, "миллионерге" айналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қандай шаралар қабылдануда?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Елорда әкімдігінде 62% әйел адам қызмет етеді
Мемлекеттік аппарат қызметкерінің орташа жасы – 36,4 жастағы азаматтар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спорт • 24 Маусым, 2020
Бүгін атақты қақпашы Евгений Набоковтың туған күні. Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) керемет ойын өрнегімен көзге түскен бұл азамат 45 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Армия халықарлық ойындары 2020: "Танк биатлоны" байқауына дайындық
"Мәтібұлақ" оқу орталығының базасында төрт ай көлемінде Ресей Федерациясында Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында өтетін "Танк биатлоны" байқауына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін марапаттады
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін бейнеконференция арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 маусымдағы № 353 жарлығына сәйкес əлемдік коронавирус пандемиясы кезінде азаматтарды көтермелеу мақсатында тағайындалған "Халық алғысы" медалімен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Ғ. Оспанқұлов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов берген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 22 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары қабылданды
Елордада COVID-19 таралу қаупін азайту мақсатында бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақшалар жабылады
Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Петропавлда Ұлттық Ұлан институты 20-шы түлектерін ұшырды
Осыдан 24 жыл бұрын Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаев ашқан Ұлттық Ұланның әскери институты бүгін 20-шы мерейтойлық шығарылымын жасады. Карантидік режімнің талаптары сақталып, оған алғаш рет жас лейтенанттардың ата-аналары қатыстырылмады. Дипломдарды салтанатты түрде тапсыру кезінде де санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, қол алысылмады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Ұлттық ұлан жас сарбаздары Отан алдында Ант берді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 200-ге жуық сарбаз бабаларымыздан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді. Ант рәсімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі үздік жас сарбаз Сүлейменов Ыдырыс Әбубәкірұлына берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Алматыда Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе уақытша жабылды
Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте 20-21 маусым жаппай дезинфекциялау жүретіндіктен, қандай нысандардың қызметі тоқтатылатынын хабарлады.
Президент • 19 Маусым, 2020
Сенат Төрағасы Елбасына Үндеу жолдады
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үндеуінде өзінің және Сенаттың атынан Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 19 Маусым, 2020
Максим Семенов «Барыстан» кетті
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Максим Семенов Нұр-Сұлтанның "Барысынан" кетті. Бұл ақпаратты айтулы клубтың баспасөз қызметі таратып отыр деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 19 Маусым, 2020
Дексаметазон мөлшерін тек дәрігер анықтайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жедел бағдарламалар жөніндегі директоры Мишель Райан COVID-19 вирусымен күресуде тиімді деген дексаметазон дәрісін қалай және қандай жағдайда пайдалануға болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz
Президент • 19 Маусым, 2020
Елбасына Режеп Тайип Ердоған жеделхат жіберді
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхатында Тұңғыш Президент − Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 19 Маусым, 2020
Қазақстанда медициналық маска шығаратын тағы 4 жаңа кәсіпорын ашылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жеке қорғану құралдарын өндіру туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Маусым, 2020
Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі
Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Экономика • 18 Маусым, 2020
Ұлттық банк капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы туралы сұрақтарға жауап берді
2019 жылы Қазақстаннан капиталдың жылыстауы 1,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері депутаттың сұрауына берген жауабында хабарлады,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Маусым, 2020
Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгіме барысында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасына тез арада сауығып кетуін және қазақ халқының игілігі үшін таяу арада күнделікті жұмысына оралуын тіледі. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елбасы • 18 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілейміз - түркиялық саясаткер
Түркиялық саясаткер, İYI партиясының жетекшісі Мерал Акшенер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 18 Маусым, 2020
Бауыржан Байбек: Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне толық сенімдімін
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 18 Маусым, 2020
Елбасының сауығып кетуін тілеймін - Абзал Сапарбекұлы
Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Елордада демалыс күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді
20-21 маусым күндері елордада үйдің ауласындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Бұған қоса демалыс күндері барлық ОСО, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базаларлар мен дүкендердің жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz