П
Спорт • 24 Қыркүйек, 2023
Азиада-2023: Мағжан Шамшадин Қазақстан құрамасына қола әкелді
Ханчжоуда өтіп жатқан 19-шы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошысы Мағжан Шамшадин қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2023
Әбиба Әбужақынова Азиада-2023 финалында күреседі
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Екі саусақпен портрет салатын суретші
Кәсібилік пен еңбексүйгіштік қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет екендігі Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында ерекше айтылады. Абай атамыз «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе» деген сөзінде «қолдан келсе» деп өнердің өлшеусіз еңбекті қажет ететіндігін ескертеді. Бірнеше жылдан бері елімізде кәсіби мереке ретінде аталып өтетін «Еңбек күні» қарсаңында өнер адамымен сұхбаттасқан едік. Біз сөйлескен азамат осыдан ондаған жыл бұрын кездейсоқ оқиға салдарынан үш саусағынан айырылса да, өнерін дамытып жүр. Екі саусақпен ғана портрет салатын суретші - Жанболат Бабаков.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2023
Асхат Тағыберген «Ференц Пушкаш» сыйлығынан үміткер
Футболдың халықаралық федерациясы (FIFA) үздік гол соққан футболшыға берілетін «Ференц Пушкаш» сыйлығына үміткерлер арасына Асхат Тағыбергенді де қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 23 Қыркүйек, 2023
Сенаторлар Маңғыстауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады
Сенат депутаттары Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Маңғыстау облысында өткізіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қыркүйек, 2023
Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік рәсімді оңайлату туралы заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2023
Президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабы Түркияда жарық көрді
Түркияда қазақ халқының көрнекті жазушысы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай, «Кемел Тоқаев – қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, белгілі журналист» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қыркүйек, 2023
Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен Қазақстан халқының һәм өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«URKER-2023» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. 48 үміткердің арасынан 12 үздік әр номинация бойынша марапатталды. Баспа, радио, интернет журналистика саласы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқауға 450 материал ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Жүргізушіге «Сергектен» келген айыппұл 6,6 миллион теңгеге жеткен
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бірнеше мәрте бұзып, төленбеген айыппұл сомасы 6,6 миллион теңгеге жеткен көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қыркүйек, 2023
Президент Германияға ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева жартылай финалға шықты
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 81-ракеткасы) Қытай қаласы Гуанчжоудағы WTA 250 турнирінде жекелей сында үшінші матчын да сәтті аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Алматы мұғалімдері Финляндияға жолдама алды
Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова Pro.NRG 2023 жаһандық фестивалінің «Science on Stage Kazakhstan» ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпаздары атанды.
Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2023
Болат Тілеп жаңа қызметке тағайындалды
Болат Тілеп Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Бас Прокурордың орынбасары қызметінен босатылды
Болат Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі–Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2023
Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды
Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Елордада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2023
Арменияның тәуелсіздік күнінде капитуляцияға қол қойылады
21 қыркүйек – Арменияның тәуелсіздік алған күні. Бүгін Таулы Қарабахтағы армияның өкілдері Әзербайжанның Евлах қаласына капитуляцияға қол қоюға келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2023
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарында ел намысын қанша спортшы қорғайды?
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарына 525 қазақ спортшысы қатысады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
«Ризамыз саған, Ризабек!». Елге оралған балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында көк туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтатқан балуандарды жанкүйерлер құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Қыркүйек, 2023
Оңтүстік Кореяда көзі жәудіреп мыңдаған қазақ баласы отыр – депутат
«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Оңтүстік Кореядағы отандық еңбек мигранттары туралы Премьер–министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Қылмыстық топ құжаттарды жою үшін архивті екі рет өртеген – депутат
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында кеңшар тұрғындарының пайға берілуі тиіс жерден үлес ала алмай жүргенін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Айдос Сарым: С5+1 саммитінде Қазақстанның көпвекторлық саясаты сараланды
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммиті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Реформа Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің санын арттырады - Ғазиз Әбішев
Президент Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі өте алаңдатарлық жағдай екенін айтты. Бұл ретте ядролық қарудан бас тартудан бастап халықаралық қылмыстық сот төрелігіне дейінгі құжаттар туралы сөз етуге болады. Бұл дамушы державалар үшін ғана емес, батыс әлемінің көшбасшылары үшін де алаңдатарлық жағдай.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2023
Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасын Азия ойындарына шығарып салды
Кеше Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2023
«Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды
Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталып, тарлан тарихтың куәгері болған, руханияты жаңғырған еліміздің рухани астанасы Түркістан төрінде жеңімпаздар анықталды. Таңғы сағат 7:00-ден бастап соңғы 50 шақырымды еңсеруге аттанған 4 команда ішінде Жетісу облысының командасы топ жарып, мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.