и
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Чемпиондар лигасының шартты құрамасы жарияланды
Әлемге әйгілі Goal басылымы футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымының қорытындысы бойынша шартты құраманың тізімін жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Теннис: АҚШ-та жолымыз болмады
Бұл күндері әлемнің бірқатар елінде теннистен халықаралық турнирлер өтуде. Сол жарыстарда Қазақстанның өрендері де өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Футболдан ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар Лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімдерін жария етті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Түркістан облысында 4,5 мыңнан астам түлек жастар практикасына қатысты
Түркістан облысында биыл 6500 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Тамыз, 2020
Қазақстанда әрбір сегізінші оқушыға интернет қолжетімсіз
Мектептер әлі де болса қашықтан оқытуға дайын емес. Әрбір сегізінші оқушыға интернет желісі қолжетімсіз. Осындай пікірлерді алға тарқан ата-аналар қауымдастығы мен кей депутат өкілі наразылықтарын білдіріп отыр. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 25 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
2021 жылы даму бюджетінің көлемі 900 млрд теңге сомасында жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды. Отырыс барысында Қаржы министрі Е. Жамаубаев жобаның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жинау жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Туристердің тауға шығуы қайғылы жағдаймен аяқталды
Дайындықтың болмауы, ұқыпсыздық, кейде азаматтардың жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туристердің, тауға барушылардың өмірін құтқарады. Ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, байланысқа назар аударыңыз. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты координаттарды білу, тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану қажет. Бұл тауға сәтті көтерілудің кепілі.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталады
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезіндегі арнайы санитарлық-эпидемиялық талаптар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер А.Есмағамбетовамен бірге бекітілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Қазақстанда келесі жылы зейнетақы мөлшері арта ма?
Алдағы 3 жылда Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 25 Тамыз, 2020
Әлемдегі ең танымал комикс-романдардың бірі қазақ тіліне аударылды
Жетпіске жуық тілге аударылған, балаларға арналған ең атақты комикс-романдардың бірі "Тентек балақайдың күнделігі" ("Wimpy Kid") қазақ тілінде жарық көрді. АҚШ жазушысы, суретші Жефф Кинни жазған бұл кітапты қазақстандық "Steppe & WORLD Publishing" баспасы шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2020
Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті
Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 25 Тамыз, 2020
ЖІӨ нақты өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжануда — министрлік
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Тамыз, 2020
Сандық технологиялар коронавируспен күресте көмектеседі
Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды қалалық ауруханаларға бірдей тарататын орталықтың жұмысын күшейту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 25 Тамыз, 2020
Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
"Qazaqstan Konstitýsiasyna 25 jyl" монеталары айналымға шықты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Qazaqstan Konstitýsiasyna 25 jyl" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 25 Тамыз, 2020
Елордада 14 интернет-қылмыскер ұсталды
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 25 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2020
Қызылордада 253 армян көлігі тіркелді
Үш айдың ішінде 253 қызылордалық Армениядан әкелінген көліктерді тіркеді. Бұль туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Білім • 24 Тамыз, 2020
"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауы өз мәресіне жетті
"Ұлы даланың ұлық тұлғасы" үздік эссе байқауының қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Отандық телеарналарда бірқатар өзгеріс болады - Аида Балаева
Отандық телеарналардағы шетелдік сериалдар мен ойын-сауық бағдарламалар 30 пайызға қысқарады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
"Egemen Qazaqstan" газеті 185 мың оқырманды қамтып отыр - Аида Балаева
Бүгінгі таңда 100 жылдық тарихы бар басылым "Egemen Qazaqstan" газеті 185 мың оқырманды қамтып отыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Тамыз, 2020
А.Цой Мәскеуге вакцина жөнінде келіссөз жүргізуге ұшып кетті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәскеуке коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мүмкіндігі туралы кездесуге ұшып кетті. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Тамыз, 2020
Елорда әкімі мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Сенаторлар халықты сапалы байланыспен және жылдам интернетпен қамтамасыз етуді талап етті
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы Көкбұлақ кенті тұрғындарының сапасыз байланыс пен интернеттің жоқтығына қатысты шағымдарын тыңдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Тамыз, 2020
Елордада денесін 50% күйік шалған науқастарды емдеуге арналған жаңа аппарат орнатылды
Еліміздің түкпір-түкпірінен зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 24 Тамыз, 2020
Шымкентте covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты
Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Қазақстан үздік әлем елдерінің рейтингінде 66-орынды иеленді
Қазақстанды үздік әлем елдерінің рейтингінде Әзербайжан мен Гватемала басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz