Жем
Президент • 23 Маусым, 2021
Тоқаев жемқорлықпен күрес жұмыстарын күшейтуге шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Жетісуда жем-шөп бағасы қымбаттады
Жетісуда шөп шабу науқаны қызып тұр. Шаруалар шалғысын сайлап, іске кіріскелі біраз болған. Биыл өңірде жауын-шашын аз болып, мал азығына қажетті дақылдардың шығымы жылдағыдан төмен болғанымен, жиын-терімнің бастапқы нәтижесі жаман емес сияқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 2 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған
Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің есепшісі 2 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
ЭЫҰ-дағы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган басшылары бас қосты
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары басшыларының отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Маусым, 2021
ERTIS футбол клубының директоры сотталды
Павлодарда ERTIS футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2021
Экс-министрдің ағасы 10 жылға сотталды
Тараз қалалық соты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы – Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2021
Алматы қалалық жемқорлықпен күрес агенттігіне жаңа басшы тағайындалды
Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2021
Шымкентте бюджет қаржысын жымқырған экс-шенеунік сотталды
Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы басшысының экс-орынбасары сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Маңғыстауға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетін болды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов өңірде қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен шаруаларға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
ANTIKOR • 10 Маусым, 2021
Тағы да жемқорлық: Енді Ақтөбедегі тергеу бөлімінің басшысы ұсталды
Ақтөбе қаласында Полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2021
Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияның 54%-ы ұрланған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық форумында «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына жүргізілген талдауларды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Мамыр, 2021
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаға берілетін сыйақы көлемі артты
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың орын алуы жайлы хабарлаған азаматтарға берілетін сыйақы мөлшері артты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 27 Мамыр, 2021
Аягөз қаласының бұрынғы әкімі сотталды
Аягөз қаласының бұрынғы әкімі 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Полицияға пара бермек болған жүргізушінің басы дауға қалды
Павлодарда полиция қызметкеріне пара бермек болған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2021
Алматыда жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды
Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2021
Антикор 42 іске әкімшілік хаттама толтырды
Биыл 5 сәуірден бастап ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Кодекстің кейіннен соттар қарайтын 15 бап бойынша хаттамалар жасау арқылы әкімшілік істерді қозғау құқығы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
ANTIKOR • 19 Мамыр, 2021
Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу керек – Аманжол Әлтай
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің AntikorLive жобасының кезекті қонағы ақтаңгер ақын атанған, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2021
Бүгінгі қоғамдағы кез келген мәселені парамен не таныс-тамырмен шешуге болады деген пікірдің қалыптасқаны баршаға мәлім. Себебі парамен ұсталғандардың өзі пара беріп жазадан құтылуға жанталасады.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Жемқорды жұмысқа қабылдаған басшыға айыппұл салынды
БҚО облыстық спорт бөлімінің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамды жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» интернет-басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Атырау облысында жемқорлық қылмысы азайған
Атырау облысында жемқорлық қылмысы 41 пайызға азайған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Атырауда жемқорлық дерегін хабарлағандар қаржылай сыйақы алды
Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегі туралы ақпарат берген 15 адам қаржылай сыйақы алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 12 Мамыр, 2021
Жемқорлық фактілері туралы ақпарат бергендер ақшалай марапатталды
Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғалар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Мамыр, 2021
Павлодарда мектеп қызметкерлері 9 жылдан бері ақша жымқырған
Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде қызмет атқарған есепші мен информатика пәнінің мұғалімі 9 жылдан бері алаяқтық әрекеттерін кәсіпке айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Сәуір, 2021
Оралда пара алған экс-басқарма басшысына қатысты жаңа дерек анықталды
Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қайыповқа қатысты қылмыстық іс сотқа қайта берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
ANTIKOR • 27 Сәуір, 2021
2020 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баяндама ұсынылды
Құжаттың мақсаты – қоғамды 2020 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2021
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Қағазда бар, іс жүзінде жоқ. Алматының Алатай ауданындағы санитария-эпидемиология бақылау басқармасы жоқ күзет қызметіне қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы жымқырып отырған. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты дәрігер Қайырғали Көнеев әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ANTIKOR • 19 Сәуір, 2021
Шпекбаевтың қақпаны: Антикордың экс-басшысы қанша жемқордың ісін әшкереледі?
Өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы қызметінен босатылған Алик Шпекбаев бұл қызметті үш жарым жылға жуық атқарған еді. Жемқорлыққа қарсы жүйеде бас-аяғы алты жылдан астам уақыт жұмыс істеген ол жауапты лауазымда отырып жемқорлықпен күресуге айтарлықтай күш жұмсады, деп жазады Egemen.kz қазақстандық Forbes-қа сілтеме жасап.
Президент • 19 Сәуір, 2021
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 13 Сәуір, 2021
Қостанайда жауапты орындар жемқорлықты әшкерелеуге енжарлық танытып отыр
Қостанай облысындағы кейбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық байқалады. Алайда жауапты орындар мұндай фактілерді анықтап, әшкерелеуге енжарлық танытып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында өңірге жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мәлім етті.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ұйғыр аудандық соты судьясының үстінен қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz