и
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Коронавирус себебінен жол-көлік оқиғалары азайған
"QazAvtoJol" ҰК" АҚ-да бейне байланыс арқылы өткен ведомствоаралық мәжіліс барысында республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
ҰБТ тапсырудың барлық пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі
Тестілеу пунктеріне кіру маска режимін сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Коронавирустың ағзаға әсері қандай?
Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр. Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша берер емес. Алғашқы кезде оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы зерттеулерде маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды. Әлемдік статистика 15 маусымға дейін 8 миллиондай адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді
Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтіліп, мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Елордада адалдықты насихаттайтын билбордтар орнатылды
"Адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында халқымыздың ұлы тұлғалары мен алаш зиялыларының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері көрсетілген баннерлер әзірленіп, билбордтарға орналастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Шетелден келген азаматтар қалай тексеріледі?
Қазақстанға шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың бүгін жарияланған қаулысында айтылған, - деп жазады Egemen.kz
Видео • 15 Маусым, 2020
Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 7 934 277 адамға жетті
АҚШ-та 2 094 069 адам індет жұқтырған. Бразилияда 867 624 адам осы дертке шалдыққан. Тізімдегі үштікті 536 484 жұқтыру дерегі тіркелген Ресей түйіндеп тұр.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
ҰБТ: Талапкер тәртіп бұзса, тест нәтижесі жойылады
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтып берді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Металл сынықтары мен қалдықтары нарығын реттеуді көздейтін келісімге қол қойылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде металлургиялық және сынық дайындайтын кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, - деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Алматыда тауда қалған 9 турист құтқарылды
Алматы қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, тауда қалған 9 турист дін аман қалаға оралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда масаны улау екі ауысыммен жүргізіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында сәуірден бері көпқабатты 1188 тұрғын үйдің жертөлесі мен кіреберістеріне дезинсекциялау жүргізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Н.Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Премьер-Министр мінген тікұшақ апатты жағдайда Таразға қонды
Премьер-Министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбев мінген тікұшақтан шыққан ақауды арнайы комиссия тексереді. Бұл туралы "Қазавиаспас" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Блокпосттағы оқиға: Зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығады
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Зардап шеккен үшінші полицей бүгін ауруханадан шығады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Симптомсыз науқастар: Үй карантинінде жатқан адамға арналған нұсқаулық
Дәрігерлер COVID-19 симптомсыз түрі бар науқастарға және отбасы мүшелеріне карантинді қалай дұрыс сақтау керегін айтты, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавируске тест тапсырды. Қазір министр оқшауланып жатыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ахуал әлі тұрақсыз
Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 адам тіркелді. Өңір бойынша ауырғандардың жалпы саны 967-ге жетті. Облыстағы 12 ауданның 11-інде вирус жұқтырғандар бар, дегенмен аурудың 82 пайызы Орал қаласынан, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жаңа жағдайы тіркелді
Қытай астанасы Бейжіңде екінші толқынның қаупі аясында коронавирус індетінің 36 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9200-ден асты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 53 адамның індеттен айыққанын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Шымкентте жеңгетай мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды
Маусым айында Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Алтай Көлгінов: Отбасылық жиындар мен қонаққа барудан бас тарту керек
Эпидемиологиялық жағдай мен өтініш білдірушілер санының артуын ескере отырып, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық шұғыл әрекет ету штабында бірқатар мәселелер қаралды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қызылорда облысында көне кесене табылды
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылының маңында орналасқан Қышқала қалашығы орнынан көне кесене табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Таразда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысында карантин енгізілгелі бері қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда өңірдегі карантин режимі жеңілдетілгенде де автобустар жүрген жоқ. Бірақ бүгінде облыста карантин режимі қайта күшейтілді. Дегенмен қоғамдық көлік мәселесі де тұрғындар тарапынан жиі көтерілген мәселеге айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Үндістанда тағы 11,5 мың адам індет жұқтырды
Үндістанда бір тәулікте 11,5 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 15 Маусым, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы реформалары
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шешім қабылдады.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бурунди елінің президенті коронавирустан көз жұмды
Африка құрлығында орналасқан Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза Каруси қалалық ауруханасында өткен аптада коронавирус індетінен көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 15 Маусым, 2020
ПСЖ-ның екі мықтысы командамен қоштасады
Францияның бетке ұстар футбол клубы "Пари-Сен Жермен" командасының екі мықты ойыншысы, яғни бразилиялық қорғаушы Тиаго Силва мен уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани осы жазда құрамамен қоштасатын болады, - деп жазады Egemen.kz