е
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
"Өзенмұнайгаз" мамандары провизордағы науқастарға қажетті құрылғы әзірлеуде
Қалалық штабтың тапсырмасына сәйкес, Жаңаөзендегі пневмониямен ауырып жатқан науқастарды емдеуге арналған құрылғыны "ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның инженерлері жасап шығарды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 13 Шілде, 2020
Коронавирустан сауыққандардың 17%-ында ғана вирусқа қарсы иммунитет сақталады
Лондон Корольдік колледжінің зерттеушілері коронавирустық инфекцияны бастан кешкен науқастар бірнеше айдан кейін ауруға қарсы иммунитетін жоғалтады және вирусты қайта жұқтыруы мүмкін екенін анықтады. Зерттеуге қатысушылардың арасында үш ай бойы иммунитет сауығып кеткендердің 17% - ында ғана сақталған, деп жазады Egemen.kz "VADEMECUM" денсаулық сақтау индустриясы туралы іскерлік журналына сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Қазақ ұлттық өнер университетінде бір минут үнсіздік жарияланды
Бүгін еліміздің барлық аймағында еңбек ұжымдары мен оқу орындарында бір минут үнсіздік жарияланды, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Түркістан қаласының дәріханаларында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ Түркістан қаласында орналасқан дәріханаларға арнайы барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Ресейден 6 дәрігер Атырау облысына көмекке келді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласынан келген ресейлік дәрігерлерді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қабылдап, қалыптасқан ахуалды түсіндіріп, жұмысына табыс тіледі, деп жазады Egemen.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Павлодар облысының тұрғындары індеттен көз жұмғандарды еске алды
Өңір әкімшілігі бүкіл Қазақстан бойынша жарияланған бір минуттық үнсіздікке қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Алматы қаласында фармацевтикалық өндіріс кластері ашылады
Алматыда фармацевтикалық өндіріс пен жеке қорғаныс құралдары өндірісі бойынша бірнеше жоба қолға алынбақ. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг кезінде айтты, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 13 Шілде, 2020
Армения Үкіметі елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір айға созды
Армения Үкіметінің шешімімен республикада коронавирусқа байланысты наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Демеушілер мен еріктілер Түлкібастағы орталық ауруханаға 210 оттегі баллонын тапсырды
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында соңғы бір аптаның ішінде демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті. Игі бастама аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
М.Әйтенов: "Қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады"
Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Шілде, 2020
Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб пәтерінде бірнеше елдің Туы төмен түсірілді
Еліміздегі "Жалпыұлттық аза тұту күніне" орай Шанхай ынтамақтастық ұйымының штаб пәтеріндегі бірнеше елдің Туы төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 13 Шілде, 2020
Н.Нығматулин мен М.Әшімбаев індеттен құрбан болғандарды еске алды
Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды. Бұл туралы Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Елімізде 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкеріне үстемақы төленді
Пандемияның негізгі ошағында жүрген 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы үстемақы жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Жұқпалы науқасқа шалдыққандар, көз жұмғандар саны күрт өсті. Күн сайын түрлі жаманат хабардан жер селкілдейді. Әлеуметтік желіге кіруге қорқатын болдық. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейне бір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ, қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.
Президент • 13 Шілде, 2020
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Темірхан Медетбек: Бұл - "мылтықсыз майдан"
Бұл кезең - қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат кезең болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.
Коронавирус • 13 Шілде, 2020
Елімізге індет келгелі 3385 дəрігер науқастанған
Қазақстанда 3385 дәрігерден коронавирус анықталған, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
ЕҚЫҰ киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде семинар ұйымдастыруда
Киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде өткізілген онлайн-семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2020 жылғы 9 шілдеде ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Әр азаматтың өмірі қымбат - Жүрсін Ерман
Бүгін мемлекетіміздің туы түсіріліп, еліміз мешіттерінде құран-қатым дұғасы оқылады. Жиілеп кеткен жаманат хабардан қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқы қаншама аяулы азаматынан айырылды. Ел-жұртымызға қайғырып көңіл айта отырып, сабырлыққа шақырамыз.
Тағайындау • 13 Шілде, 2020
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 13 Шілде, 2020
Қазақстандағы Аза тұту күніне орай ШЫҰ штаб-пәтерінде тулар төмен түсірілді
Қазақстандағы коронавирус пандемиясынан қаза болған азаматтарды еске алуға байланысты жарияланған Аза тұту күніне орай Қазақстан халқының қайғысына ортақ екендігінің белгісі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары төмен түсірілді, деп жазады Egemen.kz «ҚазАқпарат» ХАА сілтеме жасап
Президент • 13 Шілде, 2020
Президент бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Жылдамдықты шамадан тыс асырған 117 ақтөбелік жауапқа тартылды
11-17 шілде аралығында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты Ақтөбе облысы аумағында “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Алексей Цой індеттен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Шілде, 2020
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімі жарияланды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетімен күрес жолында қаза болған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 13 Шілде, 2020
Коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулік ішінде Covid-19 жұқтырғандардың рекордты көрсеткіші тіркелгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 13 Шілде, 2020
Сенат Төрағасы коронавирустан көз жұмған отбасыларға көңіл айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев: "Мемлекет басшысы коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Соған байланысты бүгін барша Қазақстан халқы аза тұтуда", дейін өзінің Facebook парақшасында. ⠀
Елбасы • 13 Шілде, 2020
Елбасы індеттен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірінде құран хатым дұғасы жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Алматыдан 322 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансылар желісі 13 шілдеде Алматы уақытымен 7 сағат 28 минут 01 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz