Ар
Президент • 17 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Ақпан, 2025
Алматыда робототехника және дрондар чемпионаты өтеді
20-23 ақпан күндері Алматыда өтетін Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup чемпионаты су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Мектептерге бөлінген 62,4 млрд теңге тиімсіз жоспарланған
Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Ақпан, 2025
Семейде сәулелік терапия аппараттары іске қосылды
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және онкологиялық қызметті дамыту шеңберінде Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығында» «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы және TrueBeam сәулелік терапия жүйесі пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2025
СҚО-да қысқы спорт түрлерінен жарыс басталды
Солтүстіктің Ақжар ауданында қысқы спорт ойындарынан «Солтүстік-2025» ойындары өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
Екібастұз қаласындағы сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 150 шаршы метр төбе құлаған.
Жастар • 16 Ақпан, 2025
Racing Team командасы TOQ prototype 4.0 көлігімен Катарда жеңіске жетті
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Racing Team командасының TOQ prototype 4.0 жарыс көлігі Катарда өткен Shell Eco-marathon Asia-Pacific and the Middle East 2025 экомарафонында әлем бойынша 7-орынды иеленіп, Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көліктер қатарына енді.
Қоғам • 16 Ақпан, 2025
Ассамблея – этносаралық татулықтың кепілі
Биыл еліміздегі этносаралық татулықтың алтын діңгегіне айналған Ассамблеяның негізі қаланғанына - 30 жыл. Үш он жылдықта ынтымағы мықты мемлекетіміздің қорғаны биіктеп, бірлігі бекемделді. Сын сағатта өзге этнос өкілдерінің үні топтастырушы қазақ халқының мүддесімен біте қайнап, бір арнадан естілді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Ақпан, 2025
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 504 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Фотогалерея • 15 Ақпан, 2025
Тек жұмысшы мамандықтар емес, бірлік қаласы - Ғани Бейсембаев
Жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің экономикасының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Құрылысшының қажырлы еңбегі болмаса, еңселі ғимараттар бой көтермейді, ал темір жонушының шебер қолы тимесе, сан түрлі техника іске қосылмас еді. Осындай маңызды кәсіптерді дәріптейтін «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – жастардың болашаққа бағдар алуына көмектесіп, еңбек адамының мәртебесін асқақтатқаны айдан анық.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2025
Өскеменде 20 отбасына пәтер кілті табысталды
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтті.
Қылмыс • 15 Ақпан, 2025
Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады
Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Су тасқыны қаупі бар аймақтардың дайындығы қай деңгейде
Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар кешенін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Абай облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2025
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Ақпан, 2025
Қазақстанның акциялар нарығын капиталдандыру 63 млрд долларға жеткен
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның айтуынша, соңғы бес жылда акциялар нарығы 40% -ға өсіп, ал оның капиталдануы $63 млрд жеткен. Бұл елдің ЖІӨ-нің 26% -ын құрайды.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі
Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2025
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Ақпан, 2025
Президент бірқатар нысанды аралады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025
Фестивальдегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалаған
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліндегі аграршылар көшесін «Ecoculture-Eurasia» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ», «Евразия Агро Семей» ЖШС, Qazsut Сүт палатасы, Westfalie, Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан Құс өсірушілер одағы және Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті секілді стратегиялық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025
Қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтары жылы» логотипі салынды
Аталған логотипті салған – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2025
Хоккейші қыздар Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен басым түсіп, IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Сенатор мақта өсірушілер тап болған мәселеге наразылығын білдірді
Егіс алқаптарының қысқаруы, сапалы тұқымдардың жетіспеуі, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі мен өңдеу кәсіпорындарының тапшылығы еліміздегі мақта өсірушілердің басты мәселелеріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2025
Ақшаны қате аударған жағдайда не істеу керек?
Ақшаны қате аудару – кез-келген адаммен болуы ықтимал жағымсыз жағдай. Кейде бұл шоттың нөмірін немесе телефон нөмірін қате теру, ал кейде ақшаны басқа адамға аударып жіберетін кездер болады. Қалай болғанда да, ақшаны қайтару, әсіресе, ақшаны алған адам байланысқа шыққысы келмеген жағдайда қиынға соғуы мүмкін. Fingramota.kz мұндай жағдайларда не істеу керек, ақшаны қайтарудың қандай жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Ақпан, 2025
Президент әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Ақпан, 2025
Былтыр тұрмыстық ауыр қылмыстар саны азайған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхаиров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.