е
Президент • 15 Шілде, 2021
Мемлекет басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлінің жақындарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Ақтау дәрігерлері жүкті әйелді коронавирустан емдеп шықты
Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының дәрігерлері коронавирус инфекциясымен ауырған жүкті әйелді аман алып қалды. Науқастың өкпесі 70% зақымдалған еді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Тағайындау • 15 Шілде, 2021
Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 15 Шілде, 2021
Жапония F-35 бағдарламасына қосылды
Пентагон Lockeheed Martin компаниясымен Жапонияны F-35 истребительдері бесінші буынының бағдарламасына қосу туралы келісім жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайлы Анадолы агенттігі жазды.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
15 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел және Елбасы • 15 Шілде, 2021
Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.
ANTIKOR • 15 Шілде, 2021
«Қазақстан темір жолының» лауазымды тұлғасы ұсталды
«Қазақстан темір жолы» ҰК лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы Egemen.kz Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Шымкент халқының 31,2 пайызы бұқаралық спортпен айналысады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар қолға алынып, 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен қамтылған азаматтар саны 340 мыңнан асты. Бұл қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Шілде, 2021
Сәрсенбіде Тель-Авивте Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында алғашқылардың бірі болып Анадолы агенттігі ақпарат таратты.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Луценко Олимпиадада топ жаруы мүмкін
Токио Олимпиадасында велоспорттан ел намысын үш спортшы қорғайды. Олар ‒ Алексей Луценко, Дмитрий Груздев және Вадим Пронский. Олимпия ойындарында Қазақстан командасының капитаны міндетін Алексей Луценко атқарады.
Білім • 15 Шілде, 2021
«Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады
19 шілде күні «Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Шымкентте 12 дәрігерлік амбулатория салынады
Шымкент қаласы орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның салынуы жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Шымкентте коммуналдық инфрақұрылым мәселесі шешіліп келеді
Шымкентте алғашқы жартыжылдықта экономиканың базалық секторлары бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Қала экономикасының қуат алуы ішкі резервімізді жүйелеп, инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
Әбсаттар қажы Дербісәлінің неден көз жұмғаны белгілі болды
Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің неден қайтыс болғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Шілде, 2021
Әлемде 23 миллион бала жоспарлы екпе алмаған – ДДСҰ
2020 жылы 23 миллион бала коронавирус салдарынан негізгі вакцинасын алмаған. Бұл 2019 жылдан 3,7 миллионға көп. Бұл туралы ДДСҰ мен ЮНИСЕФ мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Евгений Егембердиев Сочиде сайысқа түседі
Бүгін Ресейдің Сочи қаласында аралас жекпе-жектен АСА 126 турнирі өтеді. Чешенстанда іргетасы қаланған белді промоушеннің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған жарыста бірқатар танымал спортшылар күш сынасады, деп хабарлайдыы Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Словениялық велошабандоз 10 тур бойы дес бермей келеді
«Тур де Франс» көпкүндігінің 17-кезеңі «UAE-Team Emirates» клубының серкесі Тадей Погачардың тамаша жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Путинцева мен Бублик жеңіске жетті
Бұл күндері Еуропа мен Америка корттарында теннистен ірі халықаралық турнирлер өтуде. Сол жарыстарда қазақстандық ойыншылар да өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2021
Жұмысынан айырылған 70 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем берілді
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 70,3 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 47 мыңына алғаш рет тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Шілде, 2021
Димашты Минск әуежайынан 6 елден келген жанкүйерлері күтіп алды
14 шілдеде Димаш Құдайберген Беларуське ұшып келді. Онда «Славян базары» өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 15 Шілде, 2021
Айт намазын мешіттерде оқуға тыйым салынды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігер Сархат Бейсенованың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Елордада демалыс күндері қоғамдық көліктер тоқтатылады
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Шілде, 2021
Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіледі
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
Аида Балаева Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты
Белгілі дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Шілде, 2021
Жетістікке жетуде біліміңді бөліспеу – өзімшілдік
Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасының түлектерін орталықтан, яғни мегаполистерден ғана іздейтінбіз. Ғалымтану бағытындағы жобамыздың кейіпкерін осы жолы өңірден таптық. Ол – жас ғалымдардың, ғылымға жаңа қадам басқан зерттеушілердің білімін жетілдіріп, танымын кеңейтіп, ғылыми әлеуетін арттыруды қоғамдық міндетіндей көретін Лаура Қарабасова.
Әлем • 14 Шілде, 2021
БҰҰ: Әлем халқының оннан бір бөлігі тамақтанбайды
БҰҰ-ның бірнеше агенттігінің сарапшылары дайындаған жаңа баяндамада 2020 жылы әлемдегі аштық жағдайы күрт нашарлағаны, әлем халқының оннан бір бөлігі, шамамен 811 миллион адам дұрыс тамақтану мүмкіндігінен айырылып қалғаны айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Шілде, 2021
Ол туралы түрлі аңыз-әңгіме бар: бәлки, шын... бәлки, өтірік. Оның өлеңі де өзінің болмысы секілді «бөтен» сезілетін. Сонысымен «күміс дәуір әдебиетіндегі» поэзияға лирикалық жаңа бояу, цветаевалық дауыс алып келді. Кейде оның асқақ та өршіл өлеңдері кейбіреулердің сезімінен, намысынан, батылдығы мен сенімінен биік көрінеді. Ол Нобельді алған жоқ, тіпті көзі тірісінде туған жеріне де сыйған жоқ, дәлірек айтсақ, орыс қоғамы оны керек еткен жоқ: көрсе де көрмегендей болды, оқыса да оқымағандай кейіп танытты. Ақынның трагедиясы, міне осы тұстан басталды.
Әйел әлемі • 14 Шілде, 2021
Кішкентай әйелдің үлкен ауыртпалығы
Шығарманың тағдырын оқырманның талғамы анықтап береді. Қазіргі заманғы бестселлер кітаптардың қай-қайсысына қарата да осыны айтуға болады. Оқырман дегеніміз орта статистикалық индивид дейтін болсақ, талғам туралы әңгімені де осы орта белден асырмау керек. Яғни танымалдылығы зор, белгілі бір көркем заңдылыққа бағынған шығармалардың көркемдік деңгейі туралы әңгімеден гөрі әсері, ықпалы жайлы үн қосу дұрысырақ.
Руханият • 14 Шілде, 2021
Қастеев музейінен неге шу шықты?
Бейнелеу және қолданбалы өнердің ең озық туындылары мен ұлттық байлықтың керемет үлгілері сақталған Ә.Қастеев музейіне «шабуыл» бұрын да оқта-текте жасалып тұратын, бірақ бұл жолғысы қоғам назарын жылдам аударды.
Медицина • 14 Шілде, 2021
Жүкті әйелдер мен балаларды қалай қорғаймыз?
Алматыда індет қайта белең алып тұрғанын сандар дәйектейді. Егер статистика сенімсіздік тудырса, қорқынышты болса да айтайық, ритуалдық, яғни жерлеу бюроларына түсетін тапсырыстар қайта көбейген.