Ар
Шаруашылық • 18 Ақпан, 2025
БҚО-да балықтарды аман алып қалу амалы жасалды
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2025
Шорт-тректен Азиада чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды
Еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларды Астанада Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Орынборда тасқынға тосқауыл мәселесі талқыланды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Қазақстанның бірқатар облысында діни радикалдар ұсталды
2025 жылғы 17 ақпанда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Ұлытаудағы апат: оқиға хронологиясы
17 ақпан күні Ұлытау облысындағы «Жомарт» шахтасында 7 жұмысшы байланыссыз қалған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
«Қазақмыс» Ұлытаудағы апаттың алдын ала себебін атады
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қысқы спартакиадасы өтті
Жоғарғы Сот, Судьялар одағының Жоғарғы Сот және Астана қаласы бойынша филиалдары, сондай-ақ Астана қалалық соты судьялар мен сот қызметкерлерінің қысқы спартакиадасын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президентін «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2025
Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Ақпан, 2025
Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Елорда әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Көрнекті дипломат Биғали Тұрарбековты еске алуға арналған турнир өтті
15 ақпанда Алматыда көрнекті қазақстандық дипломат Биғали Шәріпқалиұлы Тұрарбековты еске алуға арналған бильярдтан жыл сайынғы XV турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Ақпан, 2025
Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті
10 ақпанда Астанадан Павлодарға бағыт алған 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы «Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Ақпан, 2025
Алматыда робототехника және дрондар чемпионаты өтеді
20-23 ақпан күндері Алматыда өтетін Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Tech Cup чемпионаты су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесіне арналады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2025
Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Ақпан, 2025
Мектептерге бөлінген 62,4 млрд теңге тиімсіз жоспарланған
Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Ақпан, 2025
Семейде сәулелік терапия аппараттары іске қосылды
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және онкологиялық қызметті дамыту шеңберінде Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығында» «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы және TrueBeam сәулелік терапия жүйесі пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2025
СҚО-да қысқы спорт түрлерінен жарыс басталды
Солтүстіктің Ақжар ауданында қысқы спорт ойындарынан «Солтүстік-2025» ойындары өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
Екібастұз қаласындағы сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 150 шаршы метр төбе құлаған.
Жастар • 16 Ақпан, 2025
Racing Team командасы TOQ prototype 4.0 көлігімен Катарда жеңіске жетті
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Racing Team командасының TOQ prototype 4.0 жарыс көлігі Катарда өткен Shell Eco-marathon Asia-Pacific and the Middle East 2025 экомарафонында әлем бойынша 7-орынды иеленіп, Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көліктер қатарына енді.
Қоғам • 16 Ақпан, 2025
Ассамблея – этносаралық татулықтың кепілі
Биыл еліміздегі этносаралық татулықтың алтын діңгегіне айналған Ассамблеяның негізі қаланғанына - 30 жыл. Үш он жылдықта ынтымағы мықты мемлекетіміздің қорғаны биіктеп, бірлігі бекемделді. Сын сағатта өзге этнос өкілдерінің үні топтастырушы қазақ халқының мүддесімен біте қайнап, бір арнадан естілді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Ақпан, 2025
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 504 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Фотогалерея • 15 Ақпан, 2025
Тек жұмысшы мамандықтар емес, бірлік қаласы – Ғани Бейсембаев
Жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің экономикасының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Құрылысшының қажырлы еңбегі болмаса, еңселі ғимараттар бой көтермейді, ал темір жонушының шебер қолы тимесе, сан түрлі техника іске қосылмас еді. Осындай маңызды кәсіптерді дәріптейтін «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – жастардың болашаққа бағдар алуына көмектесіп, еңбек адамының мәртебесін асқақтатқаны айдан анық.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2025
Өскеменде 20 отбасына пәтер кілті табысталды
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өтті.
Қылмыс • 15 Ақпан, 2025
Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады
Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Су тасқыны қаупі бар аймақтардың дайындығы қай деңгейде
Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар кешенін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Абай облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.