е
Спорт • 18 Наурыз, 2021
Самусев пен Жәнібекуулу арасында өтетін айқасқа аз күн қалды
NAIZA Fighting Championship промоушенінің уақытша чемпионы атағы үшін қазақстандық файтер Николай Самусев пен қырғыз батыры Қаныбек Жәнібек уулу арасындағы кездесу миксфайттың жанкүйерлері арасында дау-дамай мен тартысты өрбітуді жалғастыруда. Жанкүйерлер, спорт сарапшылары, кәсіби жауынгерлер – бүкіл ММА қауымдастығы NFC 30 басты оқиғасын асыға күтуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 18 Наурыз, 2021
Шымкенттік педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды. Марапатты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тарих • 17 Наурыз, 2021
Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы ұстаған 800 жылдық асатаяқ табылды
Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы Тағайын ата қолданған асатаяқ пен қолжазба табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 17 Наурыз, 2021
Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12%-ға артты - Ерлан Қиясов
Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елімізде соңғы аптада коронавируспен ауырғандар саны 12%-ға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Вице-министр мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті
Бірқатар қоғамдық ұйымның бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің мүгедектігі бар балалардың аналарымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Елнұр Бейсенбаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Биыл елорда әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 400 грант беруді жоспарлап отыр
Биыл гранттың ең жоғарғы сомасы - 583 400 теңге. Жыл басынан бері комиссия 87 өтінішті қарап, оның 37-ін мақұлдады. Оған жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер, сол сияқты өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген азаматтар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып саналады. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Еліміздегі қанша туристік аймаққа балалар билеті тегін болады?
Еліміздегі 10 туристік аймаққа ұшатын рейстерге балалар билеті тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 17 Наурыз, 2021
Алматыда садақ атудан ел үздіктері анықталады
Алматы қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кино • 17 Наурыз, 2021
Румын жұртшылығы қазақстандық кинематографтың шеберлігін жоғары бағалады
Румынияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын өткізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 17 Наурыз, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа тағайындаулар болды
Қауіпсіздік Кеңесінде Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі мен Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Наурыз, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше лауазым иесі қызметтен босатылды
Елбасының ресми сайты Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 17 Наурыз, 2021
Енді Вьетнам вакцина салдырған туристерді ғана қабылдайды
Карантиндік шектеулерге байланысты Вьетнам экономикасы туризмге мамандандырылған компаниялардың 95 пайызын жоғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 17 Наурыз, 2021
Мәжіліс квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 17 Наурыз, 2021
Эстонияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды
Қазақстанның Эстониядағы елшілігі «Eesti post» пошта операторымен бірлесіп, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 17 Наурыз, 2021
Нұрлан Нығматулин: Заң жобасы квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының ашықтығын арттырады
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай 5 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Наурыз, 2021
Елордада карантиндік шектеулерді бұзған 4 кәсіпкерлік нысан анықталды
Елордада карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте олар маска режимін және белгіленген жұмыс кестесін бұзған 4 кәсіпкерлік нысанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Наурыз, 2021
Алматыда жасөспірімдер арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтеді
Алматыда 28 наурыз – 2 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Түркістан облысында із-түссіз жоғалған ер адам кісі қолынан көз жұмды
Түркістан облысында із-түссіз жоғалған ер адам кісі қолынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Мәжілісте жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы талқыланады
Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған азамат ұсталды
Шымкент қаласында есірткі сайттарын жарнамалаған 1994 жылғы азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Ақмола облысында екі жүкті әйел індеттен қайтыс болды
Өткен жылдың 12 айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Биыл Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамын мерекелеу игі істерге арналады
Биыл елордада Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді. Мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында еріктілер мен белсенді қала тұрғындары көптеген акциялар, игі істер өткізіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты
1 наурыздағы жағдай бойынша 109,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Наурыз, 2021
Елордалық дәрігерлер салмағы 960 грамм сәбиге күтім көрсетіп жатыр
№2 қалалық көпбейінді ауруханада шала туған сәбидің «қырқынан шығару» салты өткізілді. Бұл оқиға Анар Әшімованың отбасында болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Ясауи кесенесі мен маңында жерленген тұлғалар тізіміне кімдер енді?
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да 12 тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды. Тізімге енген он екі тұлғаның тарихын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар жайлы деректер мен мәліметтер толыққанды жинақталған. Сондай-ақ ғалымдар бұдан басқа да тізімге енбей қалған тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынуда. Ғылыми кеңесте алдағы уақытта бұл мәселе де түбегейлі қолға алынатыны айтылды.
Медицина • 16 Наурыз, 2021
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуроодақтың қолдауымен 1997 жылы өмірге келген бағдарламаның бірі – Орфанет ұйымы. Еуропа мемлекеттерінде кездесетін ең сирек аурулар жайында мәліметтер жинастырып, мамандардың кеңесін жолға қойған көп тілді осы порталдың деректеріне қарағанда, мұндай аурулардың 80 пайызы тұқым қуалайтын, яғни генетикалық дерттерге жатады екен.
Өнер • 16 Наурыз, 2021
Ахмет Жұбановтың музыканттар алдында дирижер таяқшасын көтерген алғашқы күннен бастап Құрманғазы оркестрі қазақ күйінен классикаға дейін небір шоқтығы биік шығармалардың жұлдызын жағып келеді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа заманға лайықты өркениетті ел болуға ұмтылыс жолында, тарихи қалыптасу кезеңінде оркестр ұжымы өркенді өзгерістерді бастан кешірді.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Қызылордалық полицейлер «делдалдықпен» айналыса ма?
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің Қызылордадағы заңсыздықтар туралы жазбасы жиілеп кетті. Жақында фейсбуктегі парақшасы арқылы облыстық Полиция департаментіне үндеу жариялаған заңгерге жергілікті құқық қорғаушылардың да айтар уәждері бар екен.
Руханият • 16 Наурыз, 2021
Адамдықты, ерлікті айтқан ерен ақын
Ақын Жамбыл тағдырының алғашқы кезеңі, дәлірек айтсақ, Кеңестік дәуірге дейінгі өмір жолы «қар қауып, мұзға түскен», қоқандық отарлаудың ойранынан пайда болған аса ауыр жағдайда өтті.