ЕМ
Қоғам • 23 Маусым, 2020
Бірінші қазақстандық ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартқа сәйкестігін растады
Бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілетуді көздейтін ЖОО-да ашықтық стандартын әзірледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Коронавирусты емдеуде гидроксихлорохин қалай пайдаланылады?
Науқас үшін қауіп-қатер мен пайданы ескере отырып, ол 5 күн бойы пайдаланылады. Бұл туралы ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Сағынтаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады
23 маусымда мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің қызметші жұмысының негізгі қағидаларын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Футбол • 23 Маусым, 2020
Футболдан Испания Ла Лигасында 30-тур ойындарынан кейін турнир кестесінде көшбасшы өзгерді. Турдың орталық матчында Мадридтің «Реалы» сырт алаңда «Реал Сосьедад» командасын жеңіп, бірінші орындағы «Барселонаны» қуып жетті.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда соңғы бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты
Түркістан облысында "COVID-19" індетіне шалдыққандарды оқшаулауға арналған 270 орын бар болса, соның бүгінде 164-інде науқастар ем қабылдауда. Бұлардың дені коронавирус індетін жұқтырып немесе жұқтырғандармен тығыз қарым- қатынаста болғандар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Сербиялық "Red Star"-дың бес футболшысы коронавирус жұқтырды
Сербиялық "Red Star" Белград командасының бес футболшысы коронавирус диагнозына оң нәтиже берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сауд Арабиясы қалыпты режімге көшті
Сауд Арабиясы жалпыұлттық коменданттық сағатты алып тастады, бірақ басқа да шектеулер жалғасады деп мәлімдейді. Бұл туралы BBC News агентігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Жаңа Зеландия круиздік кемелерге тыйым салу уақытын ұзартты
Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия елге келетін круиздік кемелерге тыйым салуды ұзартатындығын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкентте санитарлық нормаларды сақтамаған 7 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Әбдіманап Төлебаевтың Қаулыларының орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданынан құрылған мониторингтік топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Елорда емханалары жоспарлы қабылдау мен науқастарды қарауды тоқтатады
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Спорт • 22 Маусым, 2020
Ешкімнен жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысты
Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы 34 жастағы Ванхенг Менайотин былғары қолғабын шешеге ілгені жайында ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Ахмед Ради коронавирустан қайтыс болды
Ирак футболының шоқ жұлдызы, 56 жастағы Ахмед Ради кеше коронавирустан қайтыс болды. Бұл қайғылы хабарды Al Jazeera ақпараттық агенттігі таратып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Қырғызстанда бір тәулікте 205 адам індет жұқтырды
Қырғызстанда тағы 205 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл елдегі пандемия басталғалы тіркелген ең көп көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
1 шілдеден бастап көпбалалы отбасыларға өзгерген жәрдемақы беріледі
Жыл басынан бері Қазақстанда 400 мыңға жуық көпбалалы отбасы арнайы жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Ирландық әуе компания 500 жұмыс орнын қысқартады
Пандемияның салдарынан ирландық Aer Lingus әуе компаниясы 500-ге дейін жұмыс орнын қысқартпақшы, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 9 млн-ға жуықтады
22 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 8 928 652, өлім саны - 467 671, айыққандар саны - 4 419 717 адам болды, - деп жазады Egemen.kz
Коронавирус • 21 Маусым, 2020
Қазақстанда тағы 178 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Елімізде тағы 178 адам індеттен айықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелерінде қатаң санитарлық талаптар сақталуда
Бүгін елордада №1 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Абдуов провизорлық стационарға видеоэкскурсия жасап, аталған медициналық ұйымда науқастарды қалай қабылдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коронавирус • 20 Маусым, 2020
Елімізде тағы 128 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда тағы 128 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Маусым, 2020
Коронавирустан жазылған адамдарда антиденелер 2-3 ай ғана сақталады
Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясын тасымалдаушыларға алдын-ала зерттеу жүргізіп, сегіз аптадан кейін антиденелердің көп бөлігі төмендегенін анықтады. Бұл әсіресе асимптоматикалық науқастарда тез жүреді - олардың 40% -ында олар толық анықталмайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Маусым, 2020
ДДҰ басшысы әлем пандемияның қауіпті жаңа кезеңіне өтіп жатқандығын ескертеді
Кеше ДДҰ 150 мыңнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта бұл күнделікті ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Бүгіннен бастап Қазақстанның кей қалаларында карантиндік шаралар күшейтілді
Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірі мен қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 16779-ға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 428 адам індет жұқтырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шалқарға түсуге шектеу қойылды
Теректі ауданындағы эпидемиялық ахуалға байланысты Батыс Қазақстан облысындағы жазғы демалыс орындарының ішіндегі ең белгілісі – Шалқар көліне түсуге тыйым салынды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 19 Маусым, 2020
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 19 Маусым, 2020
Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты
Иранда 200 мыңнан астам адам індет жұқтырып, 9,4 мыңға жуық науқас көз жұмды. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрі Сима Садат Лари мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Спорт • 19 Маусым, 2020
Максим Семенов «Барыстан» кетті
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Максим Семенов Нұр-Сұлтанның "Барысынан" кетті. Бұл ақпаратты айтулы клубтың баспасөз қызметі таратып отыр деп хабарлайды Egemen.kz