АҚ
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
QR-код арқылы автобус жолаушыларының ақшасын сыпырып әкеткен
Ақтөбе қаласының 19 жастағы тұрғыны қоғамдық көлікке отырған жолаушылардың ақшасын қолды қылды. Бірақ жас жігіттің ұрлық тәсілі елді аң-таң қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Сәуір, 2024
«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы бөледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық штаб отырысында Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысында құтқарушыны пышақтап кеткен
Оқиға кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданы Жалпақтал ауылы маңында болған. Құтқарушы аудандық ауруханаға кеуде тұсына екі пышақ жарақатымен жеткізілген, ол дәрігерлердің бақылауында, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Тоқаев Годунованы қызметінен босатты
Ақорданың ресми сайтында Наталья Годунованың қызметінен босатылғаны хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел азаматтарын су тасқыны туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2024
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барды
29 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барды. Бүгінде мәжілісмендер Ақмола, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүр. Депутаттар халықпен кездесіп, қажетті көмек көрсетуді қадағалауда. Еріктілердің жұмысын үйлестіріп, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2024
Су тасқынының алдын ала алмаған шенеуніктерге қатаң сөгіс жарияланды
Бүгін, 30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2024
Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалауындағы су құбырында технологиялық ақау болды.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында: «Үкімет тарапынан барлық көмек көрсетіледі»
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны болған аумақтарды көрді.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз – депутат
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қазыбек Әлішев пен Мақсат Толықбай Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ш.Берсиев ауылы тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады
Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға Ш.Берсиевтің тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
«Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі»: Роман Скляр Ақтөбеге барды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Наурыз, 2024
Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, ел аумағында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Қарғын сумен күресушілерге арнайы киім тегін тігілді
«ГЛОБАЛ-Спецодежда» тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресіп жатқан жандарға 1057 бірлік арнайы киім тіккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қылшақты өзенінің суы қайтадан жағадан шықты
Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің суы жағадан шығып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы, 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1-қабатын су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ақтөбе облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
28 наурыз күні кешкілік Ақтөбе қаласы мен Қобда, Мұғалжар аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Түні бойы Ақтөбе қаласының Елек және Қарғалы өзендеріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының 1417 тұрғыны қауіпсіз жерге көшіріліп, қаладағы 35 мектепке уақытша орналастырылды. Олардың 623-і бала, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Ақтөбеде Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымдарының тұрғындары көше бастады
Төтенше жағдайлар қызметі Елек және Қарғалы өзендері көтерілетінін хабарлап, 900-ден астам үй тұрғындарын көшіруге шешім қабылдады.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов екі күннен бері жойқын су тасқыны болып жатқан Арқалық қаласында, Амнгелді, Жангелдин аудандарында жүр. Арқалықта БАҚ өкілдеріне сұқбат берген әкім жағдайды тікелей өз бақылауына алғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
«Ырымдап мешітке апардым»: мәжілісмен алғашқы депутаттық жалақысын қайда жұмсағанын айтты
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба қалдырып, бір жылдық депутаттық қызметін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Наурыз, 2024
Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады
«Қазгидромет» РМК мамандары 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсындыі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 28 Наурыз, 2024
Түркістан облысында 400-ге жуық жігіт әскерге аттанды
«Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл күні облыстан 50 бала Алматы қаласының десанттық-шабуылдау бригадасына аттанды, тағы 30 бала Шекара қызметіне жіберілетін көктемнің соңғы команда құрамына кірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Наурыз, 2024
Ақтөбенің қақ ортасын су басты
Бүгін Ақтөбе қаласының қақ ортасын су басты. Сазды өзенімен жалғасқан, қаланың қақ ортасынан өтетін Кіші Сазды өзені арнасынан асып, су 11 және 12-ші ықшамауданның көшелеріне жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр - фейк
Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.