Ай
Әлем • 24 Қараша, 2023
Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Әзербайжан Президенті СПЕКА саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Қараша, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында 183 елді мекен жарықсыз қалды
Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Бакуге жұмыс сапары барысында Әзербайжан Президентімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Қараша, 2023
Қар, тұман, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 25-27 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің Гянджлик резиденциясына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Ерлан Қошанов: Экономиканың болашағы мұнай емес, технология, ғылым мен инновацияда
Президент алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағытты нақты айқындап берді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ең алдымен бәсекелестікке назар аударуға тиіс. Атап айтқанда, логистика әлеуеті, қазба байлықтарын өңдеуді ұлғайту және креативті, цифрлық экономика үшін жағдай жасау қажет. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында атап өтті.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
«Су мәселесі алаңдатады»: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазірдің өзінде еліміздегі 600 мың азамат таза ауыз суға зәру. Тұтас ғаламшар үшін ғаламдық мәселеге айналған су тапшылығы салдарының алдын алу үшін, әр азамат суды үнемдеуге салмақты қарау керек. Дамыған елдерде дәстүрлі үрдіске айналған суды үнемдеу ісіне халық та үн қосуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз сусыз ауылдардың санын азайтып, ауыл шаруашылығы бағытында қолданылатын судың мөлшерін жіті зерттеп, өзен-көлдерді әр адам өз меншігіндей қорғауды жиі тілге тиек етеді. Маңызды мәселені Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан да тыс қалдырмады. Сайлауалды бағдарлама сараптап ұсынған су жайы 1 жылдан кейін қалай шешімін тапты? Саралап көрейік.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды
Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді
Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов Қазақстан Республикасына тұрақты қатынайтын Air China, China Southern Airlines және Loong Airlines қытайлық әуе компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Қараша, 2023
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады
Синоптиктер республиканың 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
Абай облысында төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауылында өрт кезінде қаза тапқан балалардың ата-анасына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Маңғыстаулық студенттер АҚШ жастарымен бірге «Жаһандық түсінікті» талқылады
Қазіргі жаһандану заманында әр түрлі мәдениет өкілдерімен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығы артып келеді.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Атап айтар болсақ, олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Қараша, 2023
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Синоптиктер 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Астанада таңертеңнен бері неше жол апаты болды?
Бүгін Астана қаласында ауа райы жайсыз болып тұр. Жол – көктайғақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қараша, 2023
Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды
Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 21 Қараша, 2023
Соңғы жиырма жылда болмаған қыс келе жатыр – синоптиктер болжамы
Синоптиктер елімізге 20 жылдан бері болмаған қыс келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2023
Словения өз алаңында жеңілген жоқ. Сарапшы пікірі
Бүгін түнде футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы соңғы матчты өткізеді. Словенияның астанасында өтетін тартыста Магомед Адиев шәкірттері жеңіске жетсе, 110 жылдық тарихы бар қазақ футболының жылнамасына жаңа дерек қатталады. Қазақстан ұлттық құрамасы тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2023
Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланады
Павлодар қаласы мен оған жақын елді мекендер аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы қала әкімі Хасар Хабылбековтың шешімі «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Айыппұл мөлшері 6 миллион теңгеден асып кеткен жүргізушіні тасжолда тоқтатты
Түркістан облысында жергілікті тұрғынның төленбеген айыппұл сомасы 6 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 20 Қараша, 2023
Панфилов пен оның отбасына арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған «Отбасы тарихы – ел тарихы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 20 Қараша, 2023
«Қазгидромет» РМК 20-23 қараша аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2023
Семейдегі екі кәсіпорында өрт шықты
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше Семейде екі кәсіпорын аумағында өрт болды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 19 Қараша, 2023
Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті
Елордада бокстан өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 92 кг дәрежеде Айбек Оралбай Сағындық Тоғамбайдан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2023
Қазақстандағы ең үлкен жылыжай Шымкентте салынады
Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» Шымкентте жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. Қос тарап арасындағы келісім Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 19 Қараша, 2023
Димаштың ерекше стильдегі жаңа клипі жарыққа шығады
Әлемді әуезді ән, сазды үнімен баурап алған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жақын арада жаңа бейнебаяны тыңдарманға жол тартады. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 18 Қараша, 2023
Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс – Саиф Сарай
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Саиф Сарай, Жиренше ойларын ұсындық.
Сенат • 17 Қараша, 2023
Сенаторлар түбі бір туысқан елдің жастарымен жүздесті
Қырғызстанға сапары аясында Парламент Сенаты делегациясының мүшелері Қазақ-қырғыз жастары форумының ашылуына қатысты. Сенат Төрағасы М.Әшімбаев бауырлас екі халықтың қарым-қатынасының тарихы тереңнен тамыр тартатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 17 Қараша, 2023
Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды
Мақсат Тұрлыбаев Ұлттық статистика бюросының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.