е
Үкімет • 31 Шілде, 2020
А.Балаева өңірлердегі Қоғамдық кеңес төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді
2020 жылғы 30 шілде күні Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық кеңес төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді. Бұл туралы Ақпарат және даму министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Созақта дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактісі анықталды
Түркістан облысында полицейлер карантин кезінде тұрғындар мен дәріханалардың жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттарды және медициналық құрал-жабдықтарды жоғары бағамен заңсыз сату жайттарын анықтау бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Павлодарда 185 мұқтаж отбасына ет таратылды
Павлодар қаласы бойынша Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режімде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Экология министрі: Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешу күн тәртібінде тұр
Атырау қаласының тұрғындары қаланың экологиялық проблемаларын шешу жоспарын жасауға қатысады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экология • 31 Шілде, 2020
Теміртауда зиянды шығарындылардың азаюына қатысты мониторинг жалғасуда
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртауда табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге уәде берді. Бұл туралы Экология министрлігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 31 Шілде, 2020
Мәжіліс депутаттары қайырымдылық акциясын өткізді
Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде Мәжіліс депутаттары еліміздің әр аймағында коронавирус індетінің салдарынан қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қайырымдылық шараларын өткізді. Бұл туралы Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Карантин кезінде жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеген
Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысан әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде "Ақсай-1" ықшам ауданында анықтаған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 31 Шілде, 2020
"Зекет" қоры құрбандық етін ауруханаға жеткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің басты төрт бағытының бірі қайырымдылық екені белгілі. Осыған орай ҚМДБ жанындағы "Зекет" корпоративтік қоры құрбан шалу рәсімін ұйымдастырып, етін таратуға кірісіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр
Полиция қызметкерлері құрбандыққа шалынатын малдың Атырау қаласына кіргізілмеуін қадағалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 31 Шілде, 2020
Елордада айына 5 млн маска тігетін өндіріс орны іске қосылды
Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режімінде жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады
Аурухана хирургтары оны тамыздың ортасында бастағалы отыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Ж.Бекшин: Дезинфекция адам ағзасына қауіпсіз ерітіндіден жасалады
Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте жүргізіліп жатқан ауқымды дезинфекцияға қатысты түсініктеме беріп, оны коронавирус инфекциясының алдын алуда маңызды құралдардың бірі деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оңтүстік Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов Құрбан айтпен құттықтады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 31 Шілде, 2020
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің Президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп түсуде. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 31 Шілде, 2020
Алтай Көлгінов Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Парламент • 31 Шілде, 2020
Депутаттар мен ҚМДБ өкілдері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Парламент депутаттары ҚМДБ-мен бірлесе отырып, бірқатар игі бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 31 Шілде, 2020
Демалыс күндері Іле-Алатауында жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің әкімшілігінде демалыс күндері жұмыс тәртібі қалай өткізілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 31 Шілде, 2020
Сенат төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Атырау облысына 47 қандас көшіп келді
Биыл мұнайлы өңір топырағына атажұртқа жетуді аңсаған 35 отбасының 47 мүшесі табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 31 Шілде, 2020
Еліміздің бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырауда құрылыс компаниялары үлескерлікке заңсыз қаржы тартқан
Тұрғын үй құрылысын жүргізетін үш компанияның жеке және заңды тұлғаларды үлескерлікке заңсыз тартыпты. Бұл прокуратура қызметкерлері жүргізген мониторинг кезінде анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 31 Шілде, 2020
Тұлпар көпірінің астындағы бұрылыс 2 тамызға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 31 Шілде, 2020
Атырауда дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды
"Атырау" ӘКК" АҚ мен дистрибьютор компания 40 түрлі дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорына жеткізу туралы келісімге қол қойды. Тұрақтандыру қорына 4 миллион 800 мың теңгенің дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарын сатып алуды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 31 Шілде, 2020
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2020
Федералды резервтік жүйенің пайыздық кілті өзгерген жоқ
Федералды резерв федералды қорына пайыздық мөлшерлемені жылдық 0%-дан 0,25% аралығында ұстап тұрды, деп хабарлады Федералды ашық нарық комитеті (FOMC) жиналыстан кейінгі мәлімдемеде. 29 шілде FOMC шешімі экономистер мен нарық қатысушыларының болжамдарымен сәйкес келді», деп хабарлайды Egemen.kz ФРЖ сайтындағы ашық дереккөздерге сілтеме жасап.
Елорда • 31 Шілде, 2020
Елордалық еріктілер мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуда
Құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады. Құрбан шалу үшін "Qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 31 Шілде, 2020
Әлсіреген рубль теңгеге қалай әсер етті?
"Өтіп бара жатқан апта Ресей рублінің әлсірей бастағанымен есте қалғалы тұр. Біздің теңгеміздің де жайы мәз емес. 30 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 418 теңгені құрады. 27 шілдеде доллар 414,20 теңгеге сатылды. Осылайша, бір апта ішінде ұлттық валюта 3,8 теңгеге арзандады. Енді сарапшыларды "құнсыздана бастаған рубль теңгеге қалай әсер етеді?" деген мәселе толғандыра бастады", деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 31 Шілде, 2020
Аида Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Шілде, 2020
Алматыда еріктілер ет таратады
Алматылық еріктілер құрбандыққа шалынған етті мұқтаждарға таратуға көмектеседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласындағы "Әбу Бәкір" мешітінің Бас имамы Әсет Аташов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 31 Шілде, 2020
Жүректің зақымдануы COVID-19-бен ауырған барлық адамда кездеседі
Ғалымдардың назары енді COVID-19-бен ауырып, жазылып шыққандардың оңалту кезіндегі жағдайына ауа бастады. "Жақында жарияланған екі зерттеуде COVID-19 инфекциясынан айыққан адамдарда ұзақ уақыт жүректің асқынуы мүмкін екендігі айтылды", деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.Ru дайындаған зерттеулерге сілтеме жасап.