атамекен
Қоғам • 17 Қаңтар, 2022
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП президиум мүшелеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2022
Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты
12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қазан, 2021
Оралда «Атамекен» өнер ордасы ашылды
Бүгін Орал қаласында «Атамекен» өнер ордасы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 05 Қазан, 2021
«Атамекен» экспедициясы Алматыда
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен ұйымдастырылған «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы азаттықтың алтын бесігі Алматыда жалғасын тапты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қазан, 2021
«Атамекен» экспедициясы Жамбыл облысында жалғасуда
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен өңірлерде «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы бастау алған болатын.
Егемен Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021
Көне тарих сүрлеуі Сырда жатыр
«Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Сыр бойына келіп жетті. Тарих тәбәрігін түгендеуге арналған сапарымыз дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген түгел түркіге ортақ тұлға Қорқыт ата жатқан топырақтан басталды. Экспедиция құрамында облыстық ішкі саясат бөлімінің мамандары, «Сыр бойы» газеті, «Qyzylorda» телеарнасының тілшілері болды. Әр нысанда аудандардағы жергілікті өлкетанушылар мен тарихшылар қатарымызды толықтырып отырды.
Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2021
«Атамекен» экспедициясы көне Сайрамды аралады
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бастаған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Сайрамның киелі кесенелерін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2021
«Атамекен» экспедициясы Жетісуда жалғасты
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінің қызметкерлерінен жасақталған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Жетісуды аралады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2021
Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021
«Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысын аралады
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 02 Қыркүйек, 2021
Ashyq қосымшасына өзгерістер енгізіледі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында Ashyq қосымшасына енгізілетін өзгерістер жайлы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 31 Тамыз, 2021
«Атамекен» экспедициясы Қарағанды облысынан оралды
Конституция күні қарсаңында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінің қызметкерлерінен жасақталған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Қарағанды облысын аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2021
Конституция күні қарсаңында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлерінен жасақталған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Көкшетау «Атамекен» экспедициясының делегаттарын қарсы алды
«Егемен Қазақстан» РГ ұйымдастырған экспедиция Ақмола облысынан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
Тауарларды Қазақстан аумағынан шығару қағидалары бекітілді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысы 2021 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын және ел аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2021
«Egemen Qazaqstan» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай экспедиция бастады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 18 Тамыз, 2021
Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі
Пандемия кезінде жүрісінен жаңылып, табысынан айырылған кәсіпкерлер көп болды. Қолға алған жобасын пышыратып алғандар қатарында «Бастау Бизнес» жобасының түлектері де жоқ емес. Кәсіпкерлік негіздерін енді-енді меңгеріп, ел қатарлы табыс табуға кіріскен жоба түлектері күтпеген жерден қиындыққа тап болғаны белгілі. Мемлекет қолдауының игілігін көрген оларға тағы да бір мүмкіндік беріліп отыр. Қысқасы, індет қысқан күрделі кезеңде зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алады.
Қоғам • 11 Тамыз, 2021
Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істей ме?
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Ashyq жобасының қатысушыларына демалыс күндері «қоңыр-қызыл» аймақта жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 27 Шілде, 2021
СҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 42 жоба жүзеге асты
СҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 10,4 миллиард теңгенің 42 жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2021
Қызылордада балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды
Қызылордада балалар үйінен жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Маусым, 2021
«Атамекен» рейтингі оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады - Олжас Ордабаев
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төртінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына рейтинг жүргізіп келеді. 2018-2020 жж. аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен үш рет жарияланды. «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен эфирде рейтинг түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
Еріктілер тобы балаларды қуантты
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 25 Тамыз, 2020
Қандастарға арналған "Атамекен" кітабы жарық көрді
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы шетелдегі этникалық қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының "Қазақстанның қасиетті жерлерімен таныстыру мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу және шығару" тармағы бойынша "Атамекен" ақпараттық-танымдық кітабын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Атырауда кәсіпкерлердің 54 пайызының табысы төмендеген
"Атамекен" ҰКП Атырау өңірлік палатасының директоры Абдулла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкердің арасында арнайы сауалнама жүргізіліпті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Елімізде өңдеуші өнеркәсіп саласында 16 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Елімізде биылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі 4,8% (5,8 трлн теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% ұлғайып, 373,1 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент • 18 Маусым, 2020
Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен бейнеконференция арқылы тілдесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режіміндегі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2020
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды
4 маусым күні Үкімет, мемлекеттік органдар өкілдері және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы өтті. Бұл туралы atameken.kz хабарлады.